Қазақ тілді сайттар

  • «МЕЙІРІМДІЛІК ШУАҒЫ» акциясы

    «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей мүмкіндігі шектеулі, қамқорлыққа алынған балалардың қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.

    Осы орайда, бүгін 15.03.2018 күні Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңбері барысында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы бастаған «МЕЙІРІМДІЛІК ШУАҒЫ» акциясы өткізілді.  Акцияның басты мақсаты: баланың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу. Игі бастаманы іске асыруда біз Тараз қаласының тұрғыны ІІ топтағы мүгедек Асылбек Дінмұхаммед есімді балақаймен танысып, қайырымдылық іс-шарамен барып қайттық.

  • Адам саудасының құрбаны болып қалмаңыз?

    Адамды саудаға салу – бүгінгі күні қылмыстың дәл осы түрі ғаламдық проблемаға айналып, жұмыр жер бетіндегі барша жұртты толғандырып отыр. Сондықтан әлем елдері қоғамды шырмаған қылмыстың осы түрімен бірлесіп күресуді қолға ала бастады.Адамдар құлдыққа әртүрлі жолмен түседі. Көп жағдайда жастарды «айлығы жақсы, тұруға барлық жағдай жасалған, некеге тұруға немесе жоғары білім алуға мүмкіндігің бар» деген ұсыныстармен еліктіреді. Әдетте, мұндай қауіпке 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер, 18-25 жас аралығындағы жастар, 30 жасқа дейінгі жас әйелдер ұрынады. Тәрбиелік  іс-шаралардың бірі ретінде мектепте оқушыларымызбен «Адам саудасы-ауыр қылмыс» атты АӘД мұғалімі  лекция-сабақ өткізді. «Адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары» атты тақырыпта мектеп психологы дөңгелек үстел үнемі өткізіп отырады.

  • Адам ұрпағымен көрікті...

    Балаңызды ғаламтордың кері әсерінен қорғай біліңіз

    Бүгінгі тақырып өте өзекті. Себебі  қазіргі таңда жасөспірімдердің көпшілігі бос уақыттарын ғаламтор желісінде өткізеді. Оның пайдасымен қатар зияны да бар екенін ескерген жөн. Әсіресе балалар үшін зиянды жақтары өте көп.  Стратегиялық компьютер ойындары қазір ауруға айналып үлгерді. “Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны алады” деген аталы сөз бар қазақта. Ал компьютер мен ғаламтор – дәл қазіргі кезеңдегі бала тәрбиесі үшін аса маңызды мәселенің бірі. Келешек қазақ елінің тізгінін ұстар азаматтардың дені сау, саналы, тәрбиелі болуы ата-ананың және білім ордасының  қолында екенін естен шығармауымыз керек.

  • «Жарқын болашақ» Х республикалық қазақ тілі олимпиадасы

     

    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 24 ақпанында  Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатында жалпы білім беретін оқу орындарының 7-11-сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» Х республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға облысымыздың 7 ауданынан, Тараз қаласындағы 29 мектептен 154 оқушы қатысты.

    «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаты:

    • мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;
    • қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;
    • оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

                «Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі міндеттері:

    • оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салтдәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру,  қазақ халқының тарихын үйреніп, білуге ынталандыру;
    • тұлғаның өзінөзі дамытуға және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау.

              Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңі 5 байқауды қамтыды.

    1. «Тілші-әдебиетшілер» байқауы (қазақ тіл білімі мен әдебиеті):
    • Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімін бағалау жарысы.
    • Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген оқушыларды ынталандыру.
    1. «Жазушылар» байқауы(жазбаша шығармашылық жұмыс) :
    • Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалау жарысы.
    • Мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштік, ерлік, қаhармандық рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру.
    1. «Жас ғалымдар» байқауы(ғылыми жоба):
    • Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бір тақырыпты қазақ тілінде ғылыми тұрғыдан түсіндіру қабілетін бағалау сайысы.
    • Мақсаты – оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау.
    1. «Сөз шеберлері» байқауы:
    • Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілетін көрсететін сайысы.
    • Мақсаты – қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру.
    1. «Әнші-бұлбұлдар» байқауы:
    • Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілетін көрсету сайысы.
    • Мақсаты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және дарынды қазақ тілі жанашырларын, жас буын өкілдерінің арасынан тілді терең меңгергендігін анықтау, оларды таныту.

     

     

    Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар:

    «Сөз шеберлері» байқауының қазақ тобы бойынша:

    І орын – Пряхина Русалина, Тараз қаласы, № 22 орта мектебі

    ІІ орын – Мусаев Шермухаммед, Тараз қаласы, №1 гимназия

    ІІ орын – Турабекова Индира, Тараз қаласы, №24 гимназия

    ІІ орын – Ян Карина, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназия

    ІІІ орын – Колесникова Екатерина, Т.Рысқұлов ауданы, №5 ора мектебі

    ІІІ орын – Искандарова Даниза, Тараз қаласы, №9 орта мектебі

    ІІІ орын – Багиров Мухамед, Меркі ауданы, И.Трибуцын атындағы №17 мектеп-гимназия

    ІІІ орын –Хапаев Хамза, Жамбыл ауданы, Айша бибі атындағы орта мектебі

    Мадақтама – Джалимов Ислам, Тараз қаласы, №31 орта мектебі

    «Сөз шеберлері» байқауының өзге ұлт тобы бойынша:

    І орын – Сердалы Зейнеп, Тараз қаласы, Айша бибі атындағы БИМИ

    І орын – Байділдаев Нұрдәулет, Т.Рысқұлов ауданы, Ә.Бөкейханов орта мектебі

    ІІ орын – Жұмабеков Бекболат, Тараз қаласы, дарынды ер балаларға арналған БИМИ

    ІІ орын – Темірхан Алуа, Тараз қаласы, Жамбыл №5 мектеп-гимназия

    ІІ орын – Сембек Думан, Сарысу ауданы, Б.Адамбаев орта мектебі

    ІІІ орын – Хайнарбаев Мәулен, Талас ауданы

    ІІІ орын – Наметулла Қасым, Тараз қаласы, Інжу мектеп-гимназия

    ІІІ орын – Рақымбек Данияр, Тараз қаласы, №29 орта мектебі

    ІІІ орын – Бекназараов Абылай – Меркі ауданы, И.Трибуцын атындағы №17 мектеп-гимназия

     «Жас ғалымдар» байқауының қазақ тобы бойынша:

    І орын – Әбдіғалиқызы Маржан, Тараз қаласы, Айша бибі атындағы БИМИ

    ІІ орын – Тажмағамбет Көркем, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназия

    ІІ орын –Алмабай Айжан, Тараз қаласы, №49 мектеп-гимназия

    ІІ орын – Қадырқұлова Жанель, Меркі ауданы, И.Трибуцын атындағы №17 мектеп-гимназия

    ІІІ орын – Аббас Омар, Талас ауданы, А.Байтұрсынов атындағы гимназия

    ІІІ орын – Өтемғалиева Аруна, Жамбыл ауданы, Б.Момышұлы атындағы орта мектебі

    ІІІ орын – Үшкемпір Нұржан, Тараз қаласы, №13 орта мектебі

    ІІІ орын – Кенжетаева Назерке, Тараз қаласы, №5 мектеп-гимназия

    Мадақтама – Канлиева Аяжан, Тараз қаласы, Дарын мектеп-интернаты

    Мадақтама – Тыныштықова Аружан, Тараз қаласы, №45 классикалық гимназия

    «Жас ғалымдар» байқауының өзге ұлт тобы бойынша:

    І орын – ланкин Владсилав, Жамбыл ауданы, Ю.Гагарин орта мектебі

    ІІ орын – Ким Виолетта, Тараз қаласы, №41 көпсалалы гимназия

    ІІ орын – Рахметов Фирдавс, Меркі ауданы, №17 мектеп-гимназия

    ІІІ орын – Айтбаева Аяулым, Тараз қаласы, №7 мектеп-гимназия

    ІІІ орын – Әмірбек Қайсар, Тараз қаласы, №40 мектеп-гимназия

    «Әнші-бұлбұлдар» байқауының қазақ тобы бойынша:

    І орын –Оңалбаев Дәрмен, Тараз қаласы, Дарынды ер балаларға арналған БИМИ

    І орын – Шагирова Жайна, Тараз қаласы, Айша бибі атындағы БИМИ

    ІІ орын – Оңғарбеков Ермахан, Сарысу ауданы

    ІІ орын – Сурумбетова Камила, Меркі ауданы, И.Трибуцын атындағы №17 мектеп-гимназия

    ІІ орын – Кәрібаев Олжас, Тараз қаласы, Дарын мектеп-интернаты

    ІІІ орын – Қуантай Ұлмекен, Жуалы ауданы, «Аула клубы» КММ

    ІІІ орын – Сейдалы Бибізада, Тараз қаласы, Д.Карбышев атындағы №16 орта мектебі

    ІІІ орын – Даниярқызы Айдана, Т.Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе орта мектебі

    ІІІ орын – Қозайыр анель, Тараз қаласы, №13 орта мектебі

    Мадақтама – Бақытжанқызы Мөлдір , Шу ауданы, Е.Бекмаханов мектеп-гимназия

    Мадақтама – Жұмашева Таңшолпан, Тараз қаласы, №51 орта мектебі

    Мадақтама – Мэлсова Оразгүл, Тараз қаласы, №21 орта мектебі

    Мадақтама - Тулекова Толқын, Талас ауданы, лицей

    «Әнші-бұлбұлдар» байқауының өзге ұлт тобы бойынша:

    І орын – Рустамов Исламжан, Меркі ауданы, И.Трибуцын №17 мектеп-гимназия

    ІІ орын – Москалева Алина, Тараз қаласы, №7 мектеп-гимназия

    ІІ орын – Тоберезкина Ангелина, Тараз қаласы, №22 орта мектебі

    ІІ орын – Сони Джессика, Айша бибі БИМИ

    ІІІ орын – Мухаммедазимжанова Аяна, Тараз қаласы, №18 орта мектебі

    ІІІ орын – Сабитов Акмаль, Тараз қаласы, №31 орта мектебі

    ІІІ орын – Ким Александра, тараз қаласы, №24 мектеп-гимназия

    ІІІ орын – Нам Алина, Тараз қаласы, №40 мектеп-гимназия

    Мадақтама – Фазлиев Жумали, Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебі

    Мадақтама – Ли Оля, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Ғ.Мұратбаев орта мектебі

    Мадақтама – Остапенко Виктория, Тараз қаласы, Пушкин атындағы №41 гимназия

    «Жазушылар» байқауының қазақ тобы бойынша:

    І орын – Амирбекова Ажар, тараз қаласы, №45 классикалық гимназия

    І орын – Құдайқұл Айнұр, Айша бибі БИМИ

    ІІ орын – Құдайберген Оразхан, Жамбыл ауданы, Бесбаев орта мектебі

    ІІ орын – Әлімқұлова Қымбат, Тараз қаласы, Дарын мектеп-интернаты

    ІІ орын – Мәдібек Саида, Талас ауданы, Ш.Уәлиханов орта мектебі

    ІІІ орын – Саурамбаев Бектас, Дарынды ер балаларға арналған БИМИ

    ІІІ орын – Мұқым Ақниет, Жуалы ауданы, Д.Қонаев атындағы орта мектебі

    ІІІ орын – Бұлтбаев Нұрбек, Шу ауданы, М.Маметова атындағы орта мектебі

    ІІІ орын – Жанатбек ләйлә, БАйзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназия

    Мадақтама – Баймусинова Жұлдыз, Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия

    «Жазушылар» байқауының өзге ұлт тобы бойынша:

    І орын – Абдуллаева Амина, Айша бибі БИМИ

    ІІ орын – Азизходжаева Шахзода, Меркі ауданы, И.Трубицын №17 мектеп-гимназия

    ІІ орын – Гасанова Назира, Жамбыл ауданы, Бесбаев орта мектебі

    ІІІ орын – Қалыбатырқызы Нұрмира, Тараз қаласы, №31 орта мектебі

    ІІІ орын – Бешлиоглы Саим, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназия

    «Тілші-әдебиетшілер» байқауының қазақ тобы бойынша:

    І орын – Құрманәлі Маржан, тараз қаласы, Дарын мектеп-интернаты

    ІІ орын – Зубадылда Айсұлу, Шу ауданы, Төлеби орта мектебі

    ІІ орын – Сентірбек Жұлдызай, Талас ауданы, Д.Қонаев орта мектебі

    ІІІ орын – Аралбай Томирис, Айша бибі БИМИ

    ІІІ орын – Сақатағанова Ақжайлы, тараз қаласы, №25 орта мектебі

    ІІІ орын – Усенова Балнұр, Т.Рысқұлов ауданы, М.Горький орта мектебі

    Мадақтама – Амангелді Аружан, Меркі ауданы, И.Трубицын №17 мектеп-гимназия

    Мадақтама – Жанали Аяжан, тараз қаласы, №8 мектеп-гимназия

    «Тілші-әдебиетшілер» байқауының өзге ұлт тобы бойынша:

    І орын – Столярова Карина, Талас ауданы, лицей

    ІІ орын – Мирзабаева Шахзода, Тараз қаласы, №31 орта мектебі

    ІІ орын – Ақманбетова Ақжарқын, тараз қаласы, №9 орта мектебі

    ІІ орын – Колесников Александр, Тараз қаласы, №40 мектеп-гимназия

    ІІІ орын – Мурзаева Ширин, Тараз қаласы, №2 орта мектебі

    ІІІ орын – Мусаева Назира, Тараз қаласы, №24 гимназия

    ІІІ орын – Ким Карина, Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия

    ІІІ орын- Мальцева Анастасия, тараз қаласы, №13 орта мектебі

    Мадақтама – Шумилина Алина, Тараз қаласы, №41 көпсалалы гимназия

                Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы негізінде бес байқау бойынша өнер көрсеткен жеңімпаздар олимпиада медальдарымен және облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ жеңімпаз атанған мектеп оқушыларын жоғары деңгейде дайындаған пән мұғалімдері облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

  • Рухани жаңғыру аясында өтілген «Асыл әжем – ардағым» атты сайысы

    Қазақ отбасында әже орны қадірлі әрі ерекше. Әже – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, кейінгі жастардың тәрбиешісі.  Рухани жаңғыру аясында ұйымдастырылған «Асыл әжем – ардағым» атты әжелер сайысы біздің мектеп-интернатымызда өтілді. Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрене отырып, әжелердің немересі үшін қадірлі жан екенін отбасының алтын діңгегі саналатын аяулы әжелер бүкіл отбасының қамқоршысы екенін көрсету біздің басты мақсатымыз. 7-8 сынып аралығында өтілген сайысымызға 5 әже мен 5 немере қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Асыл әжелеріміз «Сәлем сөздің анасы» кезеңінде таныстырудан бастап, ұрпақ сабақтастығы, жалғасы немересіне халық даналығынан қалған өсиеттерді нақышына келтіріп айтып, өнерлі әжелеріміз өнерлі өрге жүзер кезеңінде бірі әннен, бірі биден шашу шашып тәнті етті. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, біздің мақсатымызға сай «Әжемнің дәмді тағамы» кезеңінде ұлттық тағамдарымыздың жасау жолдарын көрсетіп, түсіндіріп әжелеріміздің өз ауыздарынан есту ғанибет екені белгілі.«Сиқырлы қоржын» сұрақ-жауап кезеңінде ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, көрнекілікпен әңгімелеу тамаша көрініс алды. Ал келесі, «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» кезеңінде әжелерімізге «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» демекші, немерелеріміз әжелеріне сыйлық ретінде қолөнер бұйымдарын табыс етті.Сайыс қорытындысы бойынша, «Алтын діңгек» номинациясы бойынша І орынды Несіпкүл әжей немересі Нұраймен, ал «Өнерлі әже» номинациясы бойынша ІІ орынды Оралкүл әжей немересі Айшамен, «Білгір әже» номинациясы бойынша ІІІ орынды Рахима әжеміз немересі Аружанмен, «Өнегелі әже» номинациясы бойынша Базаркүл әжей немересі Джессикамен, ал «Ісмер әже» номинациясы бойынша Күлсапия әжей немересі Сағадатпен иеленді.

  • Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айтып қана қоймай, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі неде? 

    Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауы, ең алдымен, біздің мемлекеттің қарыштап дамуының бағдарын айқындаса, екіншіден, межеленген міндеттерді саралауға, ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Біз жыл сайынғы Елбасы Жолдауын үмітпен күтуге дағдыландық. Жаңа мақсаттар мен міндеттердің, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайтары сөзсіз. Мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында іске асатын міндеттерді ұстаздар қауымы ерекше ықыласпен қарсы алды.

     «Қазақстанның болашағы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» деген Елбасы міндетін мектеп-интернат 20 жылдық іс-тәжірибесінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Төрт тілді еркін меңгерген оқушыларымыз түрлі дәрежедегі халықаралық, республикалық сайыстарда топ жарып, жүлдегер атанып жүр. Осы орайда, үш тілді еркін меңгеру туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру, нағыз азаматтық қоғам негіздері қаланып жатқанын айта кеткіміз келеді. Бұл жерде жаратылыстану бағытына артықшылық берудің де маңызы зор. 2017 жылы ҰБТ-дан облыс бойынша бірінші орында тұрмыз, мектеп-интернаттың орта балы - 115 балл. 10 жылдан бері ҰБТ нәтижесі бойынша «Республикадағы 100 үздік мектептердің» қатарындамыз. Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткендей, «Цифрлық білім беру ресуртарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары» мектебімізде жақсы жолға қойылған және жалғасын табады деп сендіре аламыз. Өресі биік, пайымы кең, алмақты, байыпты ұрпақ ұлттың ұлы мақсаты мен мұратын орындауға үлкен үлес қоспақ. Халыққа жолданған құжатта көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді жұрт болып жұмылып, жүзеге асырумыз қажет. Ел болашағы – жастарды саналы тәрбие мен сапалы білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздар қауымы Елбасы белгілеп берген міндеттерді орындау жолында еңбек етуді өз парызымыз деп санаймыз.

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айтып қана қоймай, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі неде? 

    Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауы, ең алдымен, біздің мемлекеттің қарыштап дамуының бағдарын айқындаса, екіншіден, межеленген міндеттерді саралауға, ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Біз жыл сайынғы Елбасы Жолдауын үмітпен күтуге дағдыландық. Жаңа мақсаттар мен міндеттердің, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайтары сөзсіз. Мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында іске асатын міндеттерді ұстаздар қауымы ерекше ықыласпен қарсы алды.

     «Қазақстанның болашағы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» деген Елбасы міндетін мектеп-интернат 20 жылдық іс-тәжірибесінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Төрт тілді еркін меңгерген оқушыларымыз түрлі дәрежедегі халықаралық, республикалық сайыстарда топ жарып, жүлдегер атанып жүр. Осы орайда, үш тілді еркін меңгеру туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру, нағыз азаматтық қоғам негіздері қаланып жатқанын айта кеткіміз келеді. Бұл жерде жаратылыстану бағытына артықшылық берудің де маңызы зор. 2017 жылы ҰБТ-дан облыс бойынша бірінші орында тұрмыз, мектеп-интернаттың орта балы - 115 балл. 10 жылдан бері ҰБТ нәтижесі бойынша «Республикадағы 100 үздік мектептердің» қатарындамыз. Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткендей, «Цифрлық білім беру ресуртарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары» мектебімізде жақсы жолға қойылған және жалғасын табады деп сендіре аламыз. Өресі биік, пайымы кең, алмақты, байыпты ұрпақ ұлттың ұлы мақсаты мен мұратын орындауға үлкен үлес қоспақ. Халыққа жолданған құжатта көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді жұрт болып жұмылып, жүзеге асырумыз қажет. Ел болашағы – жастарды саналы тәрбие мен сапалы білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздар қауымы Елбасы белгілеп берген міндеттерді орындау жолында еңбек етуді өз парызымыз деп санаймыз.

  • «Ұлттық әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды дамыту» жаңғыру жолында – 10 нақты қадам

    «Айша бибі» атындағы дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатының бірлескен ұжымында, Елбасымыздың Қазақстан халқына жариялаған  Жолдаудың аясында,

    «Ұлттық әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды дамыту»  жаңғыру жолында – 10 нақты қадам

    талқыланды

     

    Елбасымыз  «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деп көрсетті.   Елбасы осылармен қатар мектептердің және мұғалімнің деңгейін, білікті педагогтардың жетіспеуін ескеруін және ағылшын тілі кезең-кезеңімен енгізуіміз керек екенін де атап өтті.

    Біздің мектеп-интернат ұжымы Елбасымыздың Жолдауындағы 10 нақты қадамның жетінші қадамы «Адам капитал – жаңғыру негізі» ерекше назарға алып, атқарылатын іс шараларды тиімді ұйымдастыру қажет екенін айқындап отырмыз. Осы бағытта іс-шаралар жоспары құрылып, арнайы жұмыстар өткізілмекші.

    Бұл стратегиялық құжат  мемлекеттің білім беру саласының өркендеуіне, дамуына жол ашатын басым бағыттарды айқындайды. Жетістікке жету тынымсыз  еңбектің жемісі екені баршамызға мәлім міндеттер айқын, мақсаттар орындалуы тиіс деп білеміз.

  • Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайында өтілген сабақтар

  • Үштік одақ байланысын нығайту - қамқоршылық кеңесі

  • Мектеп-интернатымызда «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтуде

    Мектеп-интернатымызда «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтуде
    27/10/2017

    Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілуде. Бұл шараның басты мақсаты – халықтың тарихи-мәдени құндылықтарын, соның ішінде жазба жәдігерлерді сақтаудың өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару болып табылады. Сонымен қатар кітапхана қорын мектеп пәндері бойынша энциклопедия, анықтама кітапшалары мен көркем әдебиеттермен толықтыру жұмысы жүргізілді. Ата-аналарға, жаңадан келген оқушыларға  кітапхананы насихаттау, таныстыру жұмысы да ұйымдастырылды. Акцияның нәтижесінде кітапхана қоры молая түсуде.
     Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Тараз қаласы қазақ жерінің мәдени, рухани орталығы болғандықтан, кітап оқу осы мәдениеттің бір бөлігі болып саналады, бұл акцияға мектеп оқушыларының белсене қатысуы қуантады.

     

  • Білім беруді жаңғырту жағдайында алғашқы әскери дайындық сабақтарында патриоттық тәрбие беру

    Білім беруді жаңғырту жағдайында алғашқы әскери дайындық сабақтарында патриоттық тәрбие беру

    Мектеп-интернатымызда қаңтар айының 27 жұлдызында «Білім беруді жаңғырту жағдайында алғашқы әскери дайындық сабақтарында патриоттық тәрбие беру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді ояту және жеке тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы әскери дайындық пәнінің рөлін арттыру. Семинар аясында бағдарлама бойынша «Сүйектің сынуы» алғашқы медициналық көмек тақырыбында 10 «Б» сыныбымен, «Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау» атты әдістемлік сабағы 10 «А» сыныбымен ұйымдастырылды. Облыс көлемінде жиналған АӘД мамандары мектеп-интернат тарихымен таныса отырып, семинар соңы «Тәуелсіздікті жырла болашақ» атты патриоттық мерекелік бағдарламамен жалғасын тапты. Кәрім Жәмиланың «Күнге табыну», Төленбек Еркежанның «Самға», Тайжбекова Айшаның «Атамекен» әндері көпшіліктің көңілінен шықты, «Айша бибі арулары» би тобының орындауында қазақ биі мен «Үкілі домбыра» домбыра үйірмесінің «Келіншек» күйі, «Қазақстан» хоры да көрерменнің ыстық ықыласын бөленіп, көпшіліктің жылы лебізіне бөленді.

  • «Дәстүрлі ән өнері» атты шеберлік сынып сағаты

    «Дәстүрлі ән өнері» атты шеберлік сынып сағаты

     Қаңтар айының 31 жұлдызында мектеп-интернатының акт залында «Дала дауысы» ән үйірмесінің  «Дәстүрлі ән өнері» тақырыбында шеберлік сынып сағаты болып өтті. Мақсаты: оқушыларға дәстүрлі ән өнерінің қыр-сырын  терең  ұғындыру, ұлттық  болмысымызды  дәріптеу, кейінгі ұрпаққа дәстүрлі ән өнерін жеткізу.

    Шеберлік сынып сағатының арнайы шақырылған қонақтары: «Нұр» студио Тараз продьюсерлік орталығының директоры, «Серпін» тобының жетекшісі-Ешетов Орынбек, шәкірттері: Есенов Сұлтан және Есенова Аяна.

       Шеберлік сынып сағатын үйірме жетекшісі Оспаналиева Мадина «Вокал» өнері жайында бастап, сөз кезкгін қонақтарға ұсынды. Ешетов Орынбек дәстүрлі ән өнері, ән өнерінің айтылу мақамдары, иірімдері, әннің құдіреттілігі жайында оқушыларға  біраз мәлімет беріп, қазақтың ұлттық аспабы домбыраның қасиеттілігін, киелілігін айтып түсіндірді.  Оқушылар Орынбек ағамыздың өнеріне, әсем әндеріне тәнті болып, қосыла шырқап отырды. А.Малдыбаевтың «Іңкәр сезім», қыздарға арналып айтылған «Үкілі қыз»,  «Бұлқынды жүрек» әндері барлық көрермендердің көңілінен шықты.

       Эстрадалық вокал жанрында оқушылардың кокейіндегі сұрақтар қойылып, жанды дауыс пен фонограммамен айтатын әншілер тұрғысында қойылған сұрақтарға өнердегі және өмірдегі жұп Есеновтер дуэті ойдағыдай жауап беріп, оқушылардың сұраған әндерін орындап берді.

       Шеберлік сынып сағатын қазақтың дәстүрі «Ауылдың алты ауызы» дегендей, мектеп-интернатымыздың жарық жұлдызы, Республикалық «Тәуелсіздік-тұғырым»  байқауының жүлдегері Төленбек Еркежан «Самға» әнімен аяқтады. Дәстүрлі әнші Орынбек аға Еркежанның өнеріне тәнті болып өзінің қаламсабын сыйға тартты.

       Шеберлік сынып сағаты соңында педагог-ұйымдастырушы Ибрагимова Айгүл қонақтарға жақсы тілек тілеп, алғыс хатпен марапаттады.

     

             

  •  «Балауса бойжеткен» атты  қыз сыны байқауы

     «Балауса бойжеткен» атты  қыз сыны байқауы

    Мектеп-интернатымызда қазан айының 26 жұлдызында 9-10 сынып оқушылары арасында «Балауса бойжеткен» қыз сыны байқауы өткізілді. Байқауымыздың негізгі мақсаты: ата-бабамыздың асыл мұрасы, салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, шешендік сөздермен таныстыра отырып, халқымыздың даналығын, тапқырлығын таныту.

    Байқауға қатысқан қыздарымыз: 9 «А» сыныбы Зиятхан Қорлан, 9 «Б» Ахмет Мадина, 10 «А» сыныбы Аралбай Томирис, 10 «Б» сыныбы Шагирова Жайна. Ару қыздарымыз 6 кезең бойынша өзара сайысқа түсті. 1- бөлім «Сәлемдесу», байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін-өзі таныстырды. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі, сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі. 2-бөлім «Өнерлі өрге жүзер». Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетті. Қорлан «Жетім қыздың монологын» оқыса, Мадина испан биін биледі, Томирис «Әлия» рөлін сахнаға шығарса, Жайна сазына келтіріп ән айтты.  3-бөлім «Шебердің қолы ортақ». Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған бұйым немесе зат, картина дайындап әкеліп, көпшіліктің алдында қорғады. 4-бөлім «Көрікті ой, қанатты тіркестер». Бұл бөлімде аруларымыз билет алып сұрақтарға жауап берді. 5-бөлім «Қол өнері». Бұл бөлімде сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр түрлі қағаздан ойып, ақ қағазға жабыстырды. 6-бөлім «Сән үлгісі». Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген сән үлгісін көрсетті. Әділқазы алқасы мүшелері: педагог-ұйымдастырушы Ибраймова Айгүл апай, 11 б сыныбының комитет төрайымы Ертаева Жаннат апай, 7 б сынып комитет төрайымы Айзере апа. Әділқазы алқасының шешімі бойынша «Айша бибі аруы – 2016» мәртебесі 10 «Б» сынып оқушысы Шагирова Жайнаға бұйырды. І орын – Зиятхан Қорлан, ІІ орын – Аралбай Томирис, ІІІ орын – Ахмет Мадина иеленді.  

  •  «Тарих және қоғамтану сабақтарында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалай қалыптастыруға болады?» атты әдістемелік жиыны

     «Тарих және қоғамтану сабақтарында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалай қалыптастыруға болады?» атты әдістемелік жиыны

    Мектеп-интеррнатымызда қаңтар айының 17 жұлдызында тарих пән мұғалімі Алкереева Зәуре «Тарих және қоғамтану сабақтарында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалай қалыптастыруға болады?» тақырып аясында коучинг өткізді. Түсіндірме барысында жаңартылған білім мазмұнымен, тарих және қоғамтану пәндерінде оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдарын саралап, анықтап көрсетті. Сондай-ақ, мұғалімдер үш адамнан топқа бөлініп, қалыптастырушы бағалау тәсілдерінің 11 түрімен танысып, осы тәсілді сабақтың қай кезеңінде қолдануға болатындығы жайлы өзара талқылау жұмыстарын жасады. Теоретик Бандураның зерттемесі бойынша жасалған «Балық әдісі» тәсілінің бейнеролигін көрсетті. Осы әдісті педагогикаға қалай алмастыра аламыз атты сұрақтың аясында жүргізіп, талқыға салды. Коучинг барысында «Блум таксономиясы» жайында жалпылама бере кетті.

  • ЖЕҢІС БӘЙГЕСІ – ТАРАЗДА...

    ЖЕҢІС БӘЙГЕСІ – ТАРАЗДА...

     

    Алатау баурайында орын тепкен Алматы қыз балалар лицейінде қаңтар айының 21-22 күндері «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық  қорына қарасты лицей оқушылары арасында «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында волейболдан республикалық турнир өткізілді. Турнирдің мақсаты: қыз балалардың спортқа деген қызығушылықтарын ояту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ өзара достық қарым-қатынасты нығайту. Турнирге қатысқан командалар тізімі: Астана қаласының намысын қорғап «НұрОрда» мектебі «Spectrum», Қарағанды қаласынан «Қарағанды қыздар командасы», Шымкент қаласынан «Шымкент қыздар» тобы, Алматы қаласынан «Галакси», «Алқыз», «СДК», Тараздан «КТК», «Айша бибі Тараз» ҚТЛ командалары екі күн бойы өзара бәсекеге түсті. «Айша бибі Тараз»  қтл қыздар командасының құрамы: Кожобекова Бермет, Тоқбергенова Аида, Алимжанқызы Аружан, Рамазанқызы Назерке, Сайлаубекова Дана, Расылхан Айғаным, Жарылқасын Айзере, Үммет Нағима. Команданы сайысқа дайындаған  – дене шынықтыру пән мұғалімі, «Волейбол» үйірмесінің жетекшісі Бейсекова Шынар. Турнир қорытындысы бойынша І орынды иеленген  – «Тараз КТК» командасы жеңіс тұғырынан көрінді. ІІ орын – «Айша бибі Тараз» ҚТЛ қыздар командасы, ІІІ орын – Шымкент ҚТЛ қыздар командасы иеленді. Ойын барысында көрермендерді ерекше ойынымен тәнті еткен Кожобекова Бермет қызымыз «Үздік шабуылдаушы» номинациясын иеленді. Жеңіспен оралған қыздарымызға болашақта бағындырар белестерің мен алар асуларың биік болсын деген ізгі ниетімізді білдіреміз.       

     

                                                     

  •  «Бір аптада – бір кітап» акциясы

     «Бір аптада – бір кітап» акциясы

                                                                                 «Бір аптада – бір кітап» акциясы

     «Жас Отан» жастар ұйымының ұйымдастырумен «Бір аптада – бір кітап» акциясы аясындай ұйымдастырылған іс-шараға мектеп-интернатымыздың 9-10 сынып оқушылары қатысып қайтты. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы мен құштарлығын ояту.

    Олар: 9 «А» сынып оқушылары: Ержанқызы Асылжан, Таңатаорва Аида, Кударова Асылжан, Серік Асем, Маденали Аяна, 9 «Б» сыныбы Амангелдиева Гүлназ, Жұмахан Сымбат, 10 «А» сыныбы Әбілхан Әнел, Үммет Нағима, Бахыт Аружан, Шынар, 10 «Б» сыныбы Ермаханбет Ақбота, Шораева Маржан, Ахметжанова Нұрай. Оқушылар өздеріне ұнаған кітаптарымен қатысушыларды таныстырып, насихаттап өзара кезектесіп оқитындай уәделесіп кетті. Апта сайынғы іс-шарада әр оқырман бір кітап оқып келетін болды.

     

     

  • Жас ғалымдар мінбері

    Жас ғалымдар мінбері

    Желтоқсан айының 18-19 күндері облыстық Ғылыми жоба сайысы өткізілді. Мектеп-интернатымыздан 12 ғылыми жоба (7 командалық, 5 жеке жұмыс) жазылып, 3 бағыт бойынша өзара сайысқа түсті. Жоба тақырыптары  ғылыми-техниаклық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны, экономикалық және әлеуметтік процесстерді  математикалық модельдеу, таза табиғи орта - Қазақстан 2050 стратегиясын іске асырудың негізі, Қазақстанның тарихи ескеткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршурттары атты бағыттары бойынша топтастырылды. Байқау қорытындысы бойынша 10 оқушымыз жеңіс тұғырынан көрінді.

  • Болашақты нұрландырған - Тәуелсіздік

    Болашақты нұрландырған - Тәуелсіздік

    Желтоқсан айының 8-12 күндері аралығында мектеп-интернатымызда «Болашақты нұрландырған – Тәуелсіздік» атты тарих апталығы болып өтті. Апталықтың мақсаты - ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақстандықтарды рухы биік, намысы берік халық ретінде - Тәуелсіздігіміздің беріктігін оқушыларға ұғындыра білу болды. Апталықтың ашылуы Елбасымыздың 2014 жылы  11 қазанда жолдаған «Нұрлы жол» бағдарламасынан үзінді, Қазақ хандығының тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан туралы документалдық фильмдерде үзінді көрсетумен, сондай-ақ оқушылар апталықтың іс-шара жоспарымен таныстырылудан басталды. Апталық барысында ашық сабақтар,білім сайыстары, әр түрлі іс-шаралар өткізілді.

Жаңалықтар

Байланыс

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
    31 Sypatai batyr street, Taraz
  • +7(7262)577466

Сурет галереясы