Қазақ тілді сайттар

Түлектер тақтасы

Түлектер күні анықтамасы

 

 «Әуені бөлек бал ғұмыр» атты түлектер күні

 

Лицей-интернатымызда қараша айының 28 жұлдызында «Әуені бөлек бал ғұмыр» атты түлектер күні іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған «Туған жер» жобасын жүзеге асыру мақсатында мектеп пен түлектердің қарым-қатынасын нығайту, түлектер академиясын құруды қолға алу. Мерекелік бағдарлама таңертеңгілік түлектерді қарсы алу, оқу ғимаратымен таныстыру іс-шарасымен басталды. Сағат 12:00-де акт залында «Әуені бөлек бал ғұмыр» атты мерекелік кешке ұласты. Салтанатты жиын мектеп-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлының құттықтауымен ашылды. Көпшіліктің назарына «Айша бибі арулары» би үйірме қыздарының «Жалын» биі мен заманауи биі, «Дала  дауысы» ән үйірмесінің қыздары Шайлазханова Индира мен Сейтжан Аружан “Туған жер” әнін орындаса, үйірме оқушыларынан құралған хор «Атамекен» әнін ұсынса, 10-сынып оқушысы Мусатаеа Мерей  фортопиоанода “К-Элизе” шығармасын орындады. 8-сыныптардың үздік 12 оқушысы Жас ұлан ұйымына мүше болып, ант берді. Мектеп түлектері мойындарына Жас ұлан галустігін тақты. Іс-шара мерекелік дастарханға ұласып, естелікке суретке түсу рәсімімен аяқталды.

 

Жаңалықтар

Байланыс

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
    31 Sypatai batyr street, Taraz
  • +7(7262)577466

Сурет галереясы