Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында мамыр айының 9 жұлдызында «TALKYlike» бағдарламасы аясында ««Z» ұрпақтары Америка және Еуропа елдеріндегі ЖОО-ға түсу және оқу үшін оқушы қандай қабілеттерге ие болу керек?» мамандық таңдаудың қыр-сырымен бөлісетін "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" Халықаралық қоғамдық қорының кәсіби бағдар беруші-Утеубаев Нариман мырзамен сұхбат жүргізілді.
Мақсаты: заманауи мамандық пен қабілеттің үйлесуі, дарындылықты шыңдау мен кемелдікке жету жолында кәсіби маманнан кеңес алу көзделді. «Болашақ бүгіннен басталады» деген қағиданы ұстанатын ойы ашық, мақсатын айқын 7-9 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысып, өз сауалдарын қоюмен жалғасып жатты. Іс-шара онлайн байланыстар 1 сағатқа созылды. Жиын соңында лицей-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлының алғыс айтуымен өз мәресіне жетті.
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының мектепішілік кезеңі ақпан айының 10-18 арасында өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту. «Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі міндеттері:
Тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау.
«Жас қаламгер» бағытында тірек сөздер арқылы эссе тақырыбын қойып, жазба жұмыс жазды.
«Сөз шеберлері» бағытында прозалық немесе поэзиялық шығармадан үзіндіні мәнерлеп оқу, жатқа айту. 5 мин.беріледі.
«Бейнелеушілер» қазақ әдеби шығармалар негізінде комикс жанрында сурет салу керек, бояуды оқушы өзімен бірге ала келеді.
«Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша жұмбақ шешу, мақал-мәтел, жаңылтпаш, ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді.
«Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша 11 «Б» сынып оқушысы Асылханова Тоқжан халық әні «Әри айдай» шығармасын орындайды. Жетекшісі – Күзембаева Лимаш.
Жеңімпаз оқушыларымыз дипломмен марапатталды.
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында қаңтар айында:
Ал, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» бөлімі бойынша Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 24 педагог қызметкерінен 2020 жылдың мамыр айында өтетін Ұлттық Біліктілік Тестілеуге лауазым білдіріп, өтініш түсті. Педагог қызметкерлерге аттестаттау бойынша жұмыс жоспарлары ескертілді, педагогтардың құжаттары жинақталды.
Облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Сooking club» ас мәзірі үйірмесі өз жұмысын бастады.
Үйірменің басты мақсаты: ас үйдің алтын қолды аналарымыздың алғырлығы мен өсиетін болашақ аруларымызға дарыту, ұлттық дастархан, Шығыс асханасы, Еуропа ас мәзірі тағамдарының дайындалу барысымен танысу. Үйірме жетекшісі – түрік тілі пән мұғалімі Доганджы Сема. Ол өз ісінің шебері атанған Сема апайымыз ата-аналар мен әр сыныптан таңдалып алынған оқушылармен бірлесе отырып, жұма-сенбі күндері жұмыс жасайды.
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты 2019-2020 оқу жылына арналған «Лицей-интернат асханасын бақылау жұмыс жоспары» жылдық жоспарына сәйкес қараша айының 4 жұлдызында комиссия мүшелері оқушылар асханасының санитарлық-гигиеналық талапқа сай болуын және оқушылардың ыстық тамақпен қамту барысын тексеру және бақылау мақсатында зерделеу жұмысын жүргізді.
Комиссия мүшелері: медбике – Мамбетиярова Қ., медбике – Джурабаева Л., емдәмбике – Исахмет Д., педагог-ұйымдастырушы – Ибраимова А., ДТЖО – Құрманбаева Ж. оқушыларға ыстық тамақтың берілу барысын қадағалап, дәмін татып, пісірілу, дайындалу үдерісінің талапқа сай орындалғандығын бақылады. Оқушылармен тілдесіп, ас мәзірі туралы ой-пікірлерін білді.
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында «Құндылыққа негізделген мектеп» бағдарламасы бойынша қазан айы «Құрмет» айлығы болды. Айлық жоспарына сай қазан айының 22 жұлдызында «Қарттар күні» мерекесіне орай лицей-интернат ұжымының қызметкерлері ұйымдаса отырып қарттар үйіне қайырымдылық іс-шарасымен барып қайтты.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлерімізге, оқушыларымызға үлкен кісілерді сыйлап, оның ақылын тыңдап, құрметтеуді үйрету. Мерекелік бағдарлама лицей-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлының алғысөзімен ашылды. «Айша бибі арулары» би үйірмесінің «Қамажай» биі, «Дала дауысы» ән үйірмесі қыздары – Қартаңбай Нұрай «Саржайлау», Атыр Айзере «Бір үйдің баласындай» әндері, «Үкілі домбыра» үйірме домбырашылары құлақ құрышын қандырған домбыраның тәтті үні қонақтардың көңілін көтеріп, өмірге қайта қауышқандай сезімде болды. Педагог-ұйымдастырушы Айгүл апайымыз бағдарлама соңында жақсы тілегін білдіре отырып, ұжым атынан ұйымдастырылған тәттілерді сыйлыққа ұсынды. Бағдарлама естелікке суретке түсу рәсімімен аяқталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында қазан айының 23 жұлдызында «Тәрбие жүйесіндегі жоғары сапа және көшбасшылық» тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы барысы туралы іс-тәжірибе тарату семинары өткізілді. Семинардың мақсаты - ««Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сай тәрбие жүйесіндегі жоғары сапа мен көшбасшылыққа жету жолындағы тәрбие орынбасарларының жұмысын оңтайландыру, кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, көшбасшылық қабілетін жетілдіру.
Міндеттері:
- Лицей-интернаттағы тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен жүргізілу барысында жинақталған іс-тәжірибені насихаттау;
- «Құндылыққа негізделген мектеп» бағдарламасымен таныстыру;
- Арнайы тәрбие сағаттарын өткізу;
- Семинар қатысушыларының өзара тығыз байланыста тәжірибе алмасуына қолайлы жағдай жасау;
- Ата-аналармен жасалатын іс-шарадан шеберлік сыныбын көрсету.
Күтілетін нәтиже:
Семинар қатысушыларына лицей-интернаттағы тәрбие жүйесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, «Үштік Одақ: мектеп, ата-ана, оқушы» бірлескен жұмысы, «Құндылыққа негізделген мектеп» бағдарламасының жүзеге асыру тетіктерімен танысады, оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алады, өзара қарым-қатынастық құзыреттіліктің артуына қолайлы жағдай жасалады.
Облыстық семинар Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы - Дарибаева Гульзира Лесбаевнаның алғы сөзімен ашылды. Лицей-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлы семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинардың арнайы қонағы Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары - Төлебаев Равиль Куанышбаевич отбасылық тәрбие, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс, қоғамдағы тәрбиенің рөлі жайында өз ойымен бөлісті. Семинарда лицей-интернаттың директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманбаева Жанар Мейірбекқызы «Құндылыққа негізделген мектеп» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан тәрбиелік іс-шаралар туралы, «Шаңырақ» қауымдастығы негізінде жасалатын «ДОСТЫҚ КҮНІ», «Балалар әлеміндегі игі істер», «Әуені бөлек бал ғұмыр – түлектер күні» жобасы, «Озық ойлы оқырман», «100 кітап», ««Bookcrossing» жобасы, ««TALQYlike» бағдарламасы, «Саналы азамат» жас психологтар клубы, ««Мәдени passport» - оқушының мәдени көкжиегін дамыту» жобасы бойынша, «Ата-аналарға арналған мектеп» жобасы бойынша ақпараттық баяндама жасады. Педагог-психолог Жәнібек Данияр «Психологиялық ахуалды қалыптастыру» тренингін семинарға қатысушылармен бірге жүргізді. Семинар ары қарай тәрбие сағаттарына ұласты. Атап айтқанда, 10 «Б» сыныбымен сынып жетекші Алина Аманкеш – ««Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді», 9 «А» сыныбымен тәрбиеші Қарабек Тоғжан ««Құрмет – ізгілік негізі» тақырыптарында тәрбие сағатын өткізді. Ата-аналармен жасалатын «Сooking club» үйірме жұмысынан ата-анамыз - Абдрахметова Зәуре «Ұлттық дастархан ұлағаты» тақырыбында шеберлік сағатын жүргізді. Семинар барысында қатысушы әріптестеріміз алған әсерлері мен ұтымды ой-пікірлерін ортаға салып, талқылау жүргізді. Сонымен қатар келесі тәжірибе алмасу семинарының мазмұны мен барысы бойынша ұсыныстар айтылды.
Күні: 28.09.2019 ж
Қатысқандар: 17
Қатыспағандар: 1
Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
ТЫҢДАЛДЫ
Ата-аналар қамқоршылық кеңесінің бірінші жиналысы ДТІЖО Құрманбаева Жанардың алғысөзімен басталды. Ол күн тәртібінде қарастырылатын мәселелермен таныстырды.
Күн тәртібінде қарастырылған бірінші мәселе бойынша ДОІЖО Сегізбаева Гүлфазира Ілиясқызы сөз алды. Жалпы мектеп-интернат оқушылараның білім сапасы мен үлгерімі, ҰБТ қорытындысы туралы мәліметпен таныстырды. (слайд 1-4 бет)
Күн тәртібінде қарастырылған екінші мәселе бойынша директордың шет тілдері жөніндегі орынбасары Тұрсыналиев Жандос сөз алды. Ол өз сөзінде биылғы оқу жоспарындағы өзгерістермен ой бөлісті. Атап айтқанда, дүниежүзі тарихы, физика, химия, биология, информатика пәндері PBL жоба негізінде білім беру жүйесі қолға алынып жатқандығын мәлімдеді. Сондай-ақ, БТС, ҚБО байқауы жылдағыдай өткізілетін болса, SET, SAT, IELTS емтихандарына дайындық жүргізіліп жатқандығын хабарлады.
Күн тәртібінде қарастырылған үшінші мәселе бойынша ДТЖО Құрманбаева Жанар сөз алды. Ол өз сөзінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ-ның дайындаған «Құндылықтар негізінде мектеп» бағдарламасы биылғы оқу жылында жүзеге асырылатындығын мәлімдеді. Арнайы мақсат міндетімен түсіндіре кетті. Оқыту мен тәрбие берудің құндылыққа негізделген тәсілі мектеп климатының бүкіл жүйесінің ажырамас бөлігі. Бұл тәсіл мектеп мәдениетінде, адамдар арасы қарым-қатынаста, барлық қызметкерлердің мінез-құлқында және көзқарасында көрініс табады. Оқушылар және мектеп ішінде қызмет атқарушы барлық адамдар өздерін «мектеп шаңырағының» мүшесі ретінде сезіне бастағанда, мектептің институционалды бейнесі үлкен отбасы атмосферасына ауысады. Мектеп ұжымының әрбір мүшесі оның ішінде күзет және шаруашылық бөлім қызметкерлерінен бастап, кітапхана, медициналық және әкімшілік басқару бөлімдеріне дейін оқушылардың өн бойына адами құндылықтарды үйретуде және үлгі болуда өзүлесін барынша қосуға тырысады. Жақсы қасиеттерді үйретуде «Мен қалай айтсам, солай жаса» деп емес, «Мен істегендей істе» деген ұстаныммен алға басады. Мектеп әкімшлігі, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәрбиешілері оқушылармен тікелей байланыс жасайтындықтан үлгі ретінде құндылықтарды алғаш боп өз бойында дамытуды қолға алады.
Күн тәртібінде қарастырылған төртінші мәселе бойынша тәрбие бағыты бойынша ата-аналармен жасалатын іс-шаралар топтамасымен таныстырды. Тәрбие жоспарына сәйкес түрлі кездесу, дөңгелек үстел, мәдени-спорттық іс-шаралар жүргізілетіндігін хабарлады. (слайд 13-15)
Күн тәртібінде қарастырылған бесінші мәселе бойынша ДТЖО Құрманбаева Жанар сөз алды. Ол өз сөзінде Назарбаев Зияткерлік Мектептерінде жүзеге асып жатқан «ШАҢЫРАҚ» қауымдастығы аясында атқарылатын жобалардың биылғы оқу жылында жүзеге асыру қолға алынып жатқандығын жеткізді. «Шаңырақ» қауымдастығы аясындағы жобалар туралы түсіндіріп кетті.
Күн тәртібінде қарастырылған келесі мәселе бойынша ДТЖО Құрманбаева Жанар сөз алды. Ол өз сөзінде ата-аналар комитетінің төрағасы/төрайымын сайлау мәселесін қойды. Ата-аналар бір ауыздан тәжірибелі 7 «А» сынып ата-анасы - Алпысбаев Мэлс Нармуханбетович ағайды лицей-интернаттың ата-аналар комитетінің төрағасы қызметіне тағайындады. Көмекшілері: 7 «А» сынып ата-анасы – Байділда Әлия, 8 «Б» сынып ата-анасы – Тоқымбаева Ерке Асқарқызы бір ауыздан сайланды.
Күн тәртібінде қарастырылған ыстық тамақпен қаматамасыз етілуі, барысы, жай-күйі туралы емдәмбике Исахмет Динара сөз алды. Ол өз сөзінде ыстық тамақпен қамтамасыз етілу өз дәрежесінде талапқа сай жүргізіліп отырғандығын жеткізді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 ж 16 тамыз №611бұйрығына сәйкес ас мәзірі меню талаптары жасалып отырғандығын мәлімдеді. Осы уақытқа дейін ата-аналар, оқушылар тарапынан ешқандай арыз-шағымдар түспегендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, дұрыс тамақтанудың ережесімен де таныстыра кетті. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Дәуренбекова Раиса апай өзі келіп, тағамның дәмін татып, аспазшылар қызметіне алғысын білдіріп кеткендігін жеткізді.
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
Мектеп-интернатымызда ақпан айының 27 жұлдызында «Айша бибі аруы – 2019» қыз сыны байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты мен міндеті – қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрін сақтауға тәрбиелеу, қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, әдептілікке, инбаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу, заман ағымына сай шешімдер таба білу, өзіндік стилін көрсете алу қабілетін дамыту. Байқау шарттары:
Байқауға қатысқандар: 9 «А» сынып Бірлік Эльриза Ерлікқызы, 9 «Б» сынып Ермекбай Тоғжан Ғазизқызы, 10 «А» сынып Оразаева Айгерім Ғазизқызы, 10 «Б» сынып Мырзатайқызы Іңкәр өзара тартысты сайысқа түсті. Эльриза «Фариза ақын» образымен, Тоғжан «Найман ана» бейнесімен, Іңкәр «Жетім қыздың» монологымен, Айгерім «Бөртенің биімен» көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Байқауға әділқазылық еткен қазылар мүшесі: мектеп-интернатымыздың педагог-психологы - Әмірхан Әлі Әсем, 8 «А» сыныбы ата-аналар комитетінің төрайымы – Игисинова Әсел Құдайбергенқызы, ДТЖО – Құрманбаева Жанар Мейірбекқызы болды. Қыз сыны байқауының қорытындысы бойынша «Айша бибі аруы – 2019» номинациясымен Бас жүлде иегері – 10 «А» сынып оқушысы
Оразаева Айгерім Ғазизқызы, І орын - 9 «Б» сынып оқушысы Ермекбай Тоғжан Қуанышқызы, ІІ орын - 9 «А» сынып оқушысы Бірлік Эльриза Ерлікқызы, ІІІ орын - 10 «Б» сынып оқушысы Мырзатайқызы Іңкәр иеленді.
Мектеп-интернатымызда 10-сынып ата-аналарына арналған "АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА: ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯ мен ҰБТ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ" жиналысы өткізілді. Жиналыс ДТІЖО Құрманбаева Жанардың алғы сөзімен басталды. Ол күн тәртібінде қарастырылатын мәселелермен таныстырды:
Күн тәртібінде қарастырылған бірінші мәселе бойынша педагог-психолог Әмірхан Әлі Әсем ҰБТ-да оқушыға ата-ана тарапынан психологиялық көмек көрсету, мамандық таңдауына мүмкіндік беру тақырыбында ақпараттық мәлімет берсе, екінші мәселе бойынша директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Құдайберген Жансая Қайратқызы сөз алды. Ол өз сөзінде ата-аналарды қорытынды аттестация ережесімен, ҰБТ-ға дайындық жоспарымен таныстырды. Ал, үшінші мәселе бойынша кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысының үйлестірушісі Әбден Айдана сөз алды. Ол өз сөзінде мамандық таңдау мақсатында кәсіби бағыт-бағдар беру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар топтамасымен таныстырды. Сондай-ақ, мектеп-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлы Қазақстандағы және шетелдегі ЖОО орындарының күн тәртібімен, білім сапасымен таныстырды. Жиналыс ата-аналарға пайдалы болды, мамандық таңдау, ҰБТ-ға дайындық жоспары туралы қолжетімді ақпарат алып, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Мектеп-интернатымызда ақпан айының 2 жұлдызында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында ата-аналар мен оқушылар арасында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша кітап оқу байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: ұлттық мәдениетіміздің түп тамырынан нәр алу, туған жердің дарабозы Бауыржан Момышұлы шығармаларын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру. Байқау ерекшелігі ата-ана мен оқушы бір команда болып, тест түрінде берілген емтихан орындайды. Командалық есеп бойынша:
"БАС ЖҮЛДЕ" 7 а сынып ата-анасы - Жакипбекова Раушан, оқушы - Диханбек Ақбота;
І орын 8 с сыныбы ата-анасы - Клышбаева Фарида, оқушысы - Бейсетай Жанерке;
ІІ орын 7 а сыныбы ата-анасы Анапияева Гульмира, оқушысы - Әбдісалан Нұрай;
ІІІ орын 7 а сыныбы ата-анасы Қадырбаева Рысбике, оқушысы - Жанұзақ Еңлік;
ІІІ орын 7 б ата-анасы - Оспанов Самат, оқушысы - Балпан Айым иеленді.
Жеңістеріңіз құтты болсын!!!
Мектеп-интернатымызда қаңтар айының 29 жұлдызында «Қызылша инфекциясының алдын алу» тақырыбында СӨСҚО мамандарымен кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: ата-аналар мен оқушылардың қызылша инфекциясы туралы түсініктерін кеңейту, адамның ағзасына әсер етер қауіп-қатерін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Жамбыл облыстық СӨС бас маманы, инструктор Б.С.Тусупова «Қызылша профилактикасы» тақырыбында слайд көрсетіп, баяндама жасады. Сондай-ақ, СӨС психологы Султанова Ж.Р. «Психологиялық денсаулық» тақырыбында тренинг жүргізіп, бейнеролик көрсетті. Кездесу соңында оқушылар толғандырған сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды. «Қызылша – жіті вирустық инфекциялық ауру», «Корь: осложнения симптомы болезни», «Профлактика кори» парақшалары мен буклеттер таратылды. Қонақтарымызды мектеп-интернат ұжымы атынан Алғыс хатпен марапаттап, естелікке суретке түсу рәсімімен аяқталды.
Мектеп-интернатымызда қаңтар айының 29 жұлдызында «Дұрыс тамақтану пирамидасы» тақырыбында СӨСҚО мамандарымен кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту, адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Жамбыл облыстық СӨС бас маманы, инструктор Б.С.Тусупова «Здоровое питание» тақырыбында слайд көрсетіп, баяндама жасады. Сондай-ақ, СӨС психологы Султанова Ж.Р. «Психологиялық денсаулық» тақырыбында тренинг жүргізіп, бейнеролик көрсетті. Кездесу соңында оқушылар толғандырған сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды. «Тағамдағы ас тұзы: пайдасы мен зияны», «Дұрыс тамақтану – заманауи өмір ұстанымы! (өткір ішек инфекциясының алдын алу) парақшалары мен буклеттер таратылды. Қонақтарымызды мектеп-интернат ұжымы атынан Алғыс хатпен марапаттап, естелікке суретке түсу рәсімімен аяқталды.
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлерімен «Біз бірлесіп Жеңіске жеттік...» тақырып аясында кездесу өткізілді. Мақсаты: оқушылардың тұла бойындағы Отансүйгіштік рухын көтеру, көзсіз ерлік пен батырлықты насихаттау.
Кездесу қонақтары: Жамбыл облысы және Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлер одағының төрағасы, Құрмет орденінің иегері - Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлы, Ауған соғысының ардагерлері, әскери зейнеткерлері - Баймахамбетов Дәулет Иваділдаұлы, Малдыбаев Қайрат Акиманович, Абдувахапов Шухрат Махомоджанович әскери лауазымда атқарған қызметі мен жасаған ерлік істері, өмір өткелдері мен тағылымы терең әңгімемелерімен бөлісті. Арнайы бейнеролик оқушылар назарына ұсынылды. Сұрақ-жуап бөлімінде оқушылар толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды. Кездесу соңында мектеп-интернатымыздың педагог-ұйымдастырушысы Ибраймова Айгүл Сайлауқызы қонақтарымызды арнайы Алғыс хатпен марапаттап, естелікке суретке түсу рәсімімен аяқтады.
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатында ақпан айының 5 жұлдызында Қамқоршылық кеңес алдында мектеп-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлының есеп беру жиналысы өткізілді.
Мақсаты: 2018-2019 оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісінде жасалынған жобалардың жүзеге асуы, жетістіктер мен жаңалықтар топтамасын ата-аналар назарына ұсыну, талқылау, ой бөлісу. Жиналысқа Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Бекбатырова Жәмила Елеуқызы қатысты. Мектеп-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлы «Білім берудегі жоғары сапа жән көшбасшылық» девизімен, «Өзіне үздік қазақстандық дәстүрлерді, халықаралық тәжірибе мен практиканы үйлестіретін мектепте жаратылыстану-математика бағытында білім берудің инновациялық, көптілділік жүйесінің моделін әзірлеу мен енгізу арқылы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету» миссиясымен таныстырды. Мектеп-интернаттың басқару менеджменті, білім беру қызметінің негізгі бағыттары, ағымдағы жағдайы, бітіруші түлектің моделі, ҰБТ, ОЖСБ, Президенттік олимпиада, Халықаралық, Республикалық, облыстық білім және спорт сайыстарының динамикасына жеке-жеке тоқтады. Жылдың ең үздік марапаты - «ЕҢ ҮЗДІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ – 2018» номинациясын иелендік. Халықаралық «ЮНЕСКО» клубының мүшесі атандық. Сондай-ақ, Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құрманбекова Жазира Құрманбекқызы Үндістан мемлекетінде өз білімін жетілдірді, сертификат иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Аманжолова Зоя Сүлейменқызы облыстық «Үздік педагог» сыйақысын ұтып алды. Адрестік көмек көрсету бағдарламасы негізінде облыстық «Жазғы мектеп» жұмысы аясында өзінің іс-тәжірибесін облыстық деңгейде таратқан педагог қызметкер, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құрманбекова Жазира Құрманбекқызы, орыс тілі пәнінің жоғары санатты мұғалімдері: Рожко Галина Николаевна, Белоус Елена Николаевна шеберлік сыныптарын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімдері: Аманжолова Зоя Сүлейменқызы, Әлімбаева Ләйлә Жәдікбайқызы, тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі Алкереева Зәуре Аманжолқызы онлайн семинар өткізіп, өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Физика пәнінің жоғары санатты мұғалімі Ауелбаева Камила Бақытбаевна республикалық кітап жазу ғалымдар кеңесінің үздік мүшесі атанды. Сондай-ақ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында физика пәні бойынша Ауелбаева Камила Бакытбаевна жүлделі ІІ орынды иеленді. Адрестік көмек көрсету бағдарламасы негізінде облыстық «Қысқы мектеп» жұмысында математика пәнінің жоғары санатты мұғалімі Сауытбай Рүстем Серікұлы, биология пәнінің мұғалімі Бекбаева Гүлім Кисенбаевна онлайн семинар өткізсе, физика пәнінің мұғалімі Ауелбаева Камила Бақытбайқызы «Физика сабағында «CLIL» әдістемесін қолдану» тақырыбында облыстық оқыту семинарында
өзінің іс-тәжірибесін әріптестеріне таратты. «Қысқы мектеп» жобасы аясында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жаратылыстану пәндері бойынша «Білім және ғылым» - «Education and science fair» атты көрме өткізілді.
Көрмеде химия, информатика, биология және математика пәндері бойынша зертханалық жұмыстар үш тілде жүргізілді.
Барлық іс-шара барысы мен қорытындысы
«77» телеарнасының кешкі жаңалықтар бөлімінде көрсетілді. Қаңтар айының 31 жұлдызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Тараз қаласындағы филиалы «Педагогикалық Шеберлік орталығының» ұйымдастыруымен «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL)» тақырыбында облыстық семинарда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құрманбекова Жазира, химия пәнінің мұғалімі Гаджиева Севда, физика пәнінің мұғалімі Ауелбаева Камила шеберлік сағатын өткізілді.
Ақпан айының 1 жұлдызында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Аманжолова Зоя Сүлейменқызы «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқылым стратегияларын тиімді қолдану» тақырыбымен облыстық семинарда, ал, ақпан айының 2 жұлдызында Шымкент қаласында
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен пән мұғалімдеріне арналған облыстық аймақтық семинарда көлемінде өзінің озық іс-тәжірибелерімен әріптестерімен бөлісіп, әдістемелік көмек көрсетті.
Мектеп-интернаттың материалдық-техникалық базасы - 7 «AKTIVPANEL» ақылды тақтамен, 3 лабороториялық сынып жаңа парта мен үстелмен жабдықталуы, жаңа модификацияланған «Робототехника» кабинеті, «ИнтеллеутУм» кабинетінің ашылғандығын, озық үлгімен жабдықталған түрік тілі кабинеті, химия кабинетіндегі жаңа үлгідегі «Periodic table» Менделеев кестесі, оқушыларға арналған киім ілгіш сөрелермен қамтамасыз етілгендігін мәлімдеді. Сондай-ақ, жатақхананың материалдық-техникалық базасы жаңа жуынатын бөлмелермен, аяқ киім, төсеніштермен, А және Б блокта да жүк қоюға арналған қойма сөрелерімен, бөлме жинайтын заттарын қоюға арналған шкафтармен, ауа тазатрқыш спреймен, шар үрлейтін құрылғымен толыққандығын баяндады. Тәрбие бағытындағы іс-шаралар топтамасы: «Айша бибі - FM» мектеп радиосы, «Лицейлердегі өзін-өзі басқару жүйесі: жетістіктер мен перспективалары» құрылтайы, «Балалар әлеміндегі игі істер» мейірімділік акциясы, «Төрткүл этноауылына саяхат», «Бала құқығы – адам құқығы» онкүндігі, жоғары оқу орындарындағы ашық есік күні, «Ұлағатты ұқтырған ұл мен қызға,
ұстаз деген – ерекше дара тұлға...» ұстаздар мерекесі, ұжыммен Астана қаласындағы саяхат, «Әуені бөлек бал ғұмыр» – түлектер күні, «Қартқа бізден құрмет бар» тәлімі мен тағылымы мол іс-шаралар тізбесімен таныстырды. Мектеп-интернаттың ата-анамен жұмысы яғни, «ҮШТІК ОДАҚ» ата-ана – мектеп – оқушы бірлескен жұмысы жолға қойылғандығын тілге тиек етті. Атап айтқанда, бір жылда ата-аналармен жасалған іс-шараларға тоқталды: «Әкем, анам және мен» отбасылық спорт сайысы, «КІМ МЫҚТЫ?» интеллектуалды ойыны, «Ұшқан ұя» кітап оқу сайысы
ата-ана мен оқушы бір команда, Наурыз мерекесі, Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат жасау, бірлескен ата-аналар жиналысы т.с.с.
Мектеп-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлы «Болашақта мектеп-интернатымыздың оқу-тәрбие үдерісін қалай дамытамыз?» деген сұрақ аясында алдағы жоспарланып отырған жобаларымен таныстырды.
2019-2021 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ:
Мектеп-интернатымызда қолға алынып келе жатқан оқыту жүйесінің бір түрі – «The Flipped learning» (кері бағыттағы сабақ) Бұл жоба бойынша жаратылыстану бағытының негізгі пәндері мен ағылшын тілі бойынша тақырыптың теориялық мәліметін толыққанды баяндайтын 20-25 сабақтың арнайы бейне сабағы түсіріледі, астында қазақ тілді субтитрімен жасалады. Арнайы «Taraz kiz» youtube каналында орналастырылады. Бұл жобаның оң жақтары: оқушы қалаған уақытында қажетті сабақты қайталап көре алады, тапсырмаларын орындай алады, мұғалім уақытты тиімді пайдалана алады, қосымша сабақ жүргізуді талап етпейді, жаңа тақырыпты үй жұмысы ретінде дайындалып келген оқушымен мұғалім дағды қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шараларды тәжірибе жүзінде сабақта орындай алады.
Мектеп-интернатымызда «Flordinya» гүл өсіру «SMART» жылыжай салу жобасы жолға қойылуда. Мақсаты: Қазақстан территориясында өспейтін гүлдердің 20 түрін өсіру, будандастыру арқылы жаңа гүлдердің түрін ойлап табу, гүлзар саябағын құру, оқушылардың ғылымға деген мәдениетін арттыру. Температурасы, жылулығы, жарықтығы қашықтықтан басқарылатын жылыжайды ашу салтанаты 8-Наурыз аналар мерекесіне орай ашылатындығын хабарлады.
Мектеп-интернатымызда электронды түрде ақпараттық мәліметтерді сақтау, тиімді пайдалану, қолжетімді тұрғыда қолдану мақсатында – «Cloud based education» жүйесі жүзеге асуда. Мектеп-интернатымыздың тарихы мен төлқұжатынан басталған ақпараттық базасын құру көзделеді.
Жиналыс соңында мектеп-интернатымыздың ата-аналар комитеті төрағасы - Тоғысбаев Өсербай Аралбайұлы, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы – Байтакова Шолпан Кайратовна, мүшесі – Дәуренбекова Раиса апайымыз өз лебіздерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Бекбатырова Жәмила Елеуқызы мектеп-интернат ұжымының жұмысына оң баға беріп, алда атқаруға міндетті тапсырмаларды көпшілік назарына ұсынды.
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатында 27 қаңтар Халықаралық интернетсіз күніне арналған «МЕН OFFLINE (ОФФЛАЙН) Республикалық кең ауқымды балалар акциясы аясында эссе байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты – интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернеттегі белсенділігін бақылау, білім алушылардың жауакершілігін, интернет пайдалану мәдениетін арттыру. Осы орайда «Мен OFFLINE» эссе байқауына 44 оқушы қатысып, жеңімпаздар арнайы Дипломмен марапатталды. Атап айтқанда, ДТІЖО Құрманбаева Жанар Мейірбекқызы жеңімпаз оқушыларымызды ІІІ орын иегерлері – Әлімбек Ұлдана, Ерік Айша 7 «С», ІІ орын иегерлері– Қызайымбек Айгерім, Жексенбай Жансая, Мұхан Сабина 8»А», І орын иегерлері – Кемелбай Мерей, Бахыт Аружан, Әмірханова Адэлия 8 «А» жеңісімен құттықтады.
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатымызда қаңтар айының 26 жұлдызында «Баланы өтпелі кезеңде қалай тәрбиелейміз?» тақырыбында «Бақытты отбасы» қоғамдық қорының құрушысы, педагог Елжас Ертайұлымен кездесу өткізілді. Семинардың мақсаты: бала тәрбиелеудегі ата-ананың, тәрбиешінің, қоғамның көзқарасын өзгерту, баламен күнделікті қарым-қатынасымызда білмей немесе әлсіздік таныту арқылы баланың болашағына балта шауып жүрген әрекеттеріміз жайында ақпараттық мәлімдеме беру. Атап айтқанда, мына сұрақтар аясында «Балаға жағымсыз қылықтар қайдан жұғады?, «Бала ұялу сезімін қалай жоғалтады?», «Бала неге жасық, өзіне сенімсіз болады?», «Неліктен агрессиф болады?», «Баланың өзін және басқаларын жек көруінің себебі не?», «Бала неге өтірік айтады?», «Кінәлі сезінудің себебін білесіз бе?», «Ата-анаға деген құрмет қалай жойылады?» тақырыптарында әңгіме өрбіді.
Сондай-ақ, бала тәрбиесінде ұстанатын негізгі 3 қағидаға тыңдаушылардың назарын аударды. 1. МЕЙІРІМДІЛІК ТАНЫТУ. 2. ЖАҚСЫ КӨРУ 3. БАЛАМЕН БІРГЕ УАҚЫТ ӨТКІЗУ.
Сондай-ақ, Елжас ағай ақпараттық технологияның дамыған заманында Республика көлемінде онлайн семинар курстарының басталғандығын, бағалы сыйлықтармен ойнатылып жатқандығын айта кетті. Қазіргі таңда саналы ұрпақ тәрбелеуде, дұрыс жар таңдау, отбасын құру т.с.с тақырытар аясында жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып жұмыс жасағалы жатқандығын
Кездесу соңында ата-аналар толғандырған сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды. Кездесу соңы Елжас ағайға мектеп-интернат ұжымы атынан алғыс айтып, естелікке суретке түсу рәсімімен аяқталды.
Мектеп-интернатымызда қаңтар айының 23 жұлдызында облыстық пәндік олимпиадаға қатысқан оқушыларымыздың ата-аналарына арналған «Білімді ұрпақ – ел болашағы» атты марапаттау іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: білім бәйгесінде үздік келген оқушыларымыздың ата-аналарына алғыс айту, Тәуелсіз еліміздің ертеңі болар адами капитал тәрбиелеуде бірлесе жұмыс жасауға шақыру, ата-ана мен мектеп қарым-қатынасын нығайту. Мерекелік іс-шара директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Сегізбаева Гүлфазира Ілиясқызы мен директордың шет тілдері жөніндегі орынбасары Тұрсыналиев Жандос мырзаның құттықтау сөзімен басталды. Ары қарай алғашқы «Болашақ тілшілерді» тәрбиелеп отырған отбасы мүшелерін марапаттау сәтімен жалғасты. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы - Байтақова Шолпан, кеңес мүшесі – Дәуренбекова Раиса апайларымыздың тамаша тілегі мен ұстаздарға деген алғысы шексіз екендіктерін жеткізді. Баланың ғылыми мәдениетін дамытып отырған отбасы мүшелерін марапаттады. ДТІЖО – Құрманбаева Жанар мен ДБОІЖО – Құдайберген Жансая іс-шараның мақсаты мен маңыздылығын айта келіп, оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытып отырған оқушылардың ата-аналарына Алғыс хат тапсырды. Математика пәнінің мұғалімі – Сауытбай Рүстем мен ағылшын тілі мұғалімі – Құрманбекова Жазира «Ұлы Даланың 7 қырын» жатқа білетін жас патриоттарды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелерін марапаттады. Мерекелік іс-шарада оқушылар үйірмесі өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда, «Айша бибі арулары» би үйірмесі «Жалын», «Заманауи» билерін қойса, «Үкілі домбыра» домбырашылары «Балбырауын», «Ата толғауы» күйін тартты, «Дала дауысы» ән үйірмесінің мүшесі Асылханова Тоқжан «Өсиет» әнімен көпшіліктің назарын өзіне аудартты, ата-аналардың ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік дастархан ақ жаулықты әжелеріміздің ақ батасымен, ұжымға деген ыстық ықыласымен өз мәресіне жетті.
Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы – әр отбасы үшін маңызды шара. Сондықтан бұл шараға барынша мән берген абзал. Бұл күні барлық ата-аналар жаппай мектептерге келіп, балаларының сынып жетекшілерімен, мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Күн тәртібінде қаралған басты мәселелер:
Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымын кірістіру. Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы биыл Халықаралық отбасы күнімен сәйкес келіп отыр. Қоғамда отбасы рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы және солай болып қала бермек. Сондықтан шаңырақтан алған тәрбие барша халқымыздың бақуатты да баянды болашағының айқын кепілі.
Елдің, қоғамның, мемлекеттік ілгерілеуі жас ұрпақты әлеуметтендіруге, оларды қоғамдық практикаға жұмылдыруға байланысты, "Ақбота" қоғамдық қорының әлеуметтік роликтерін мектеп оқушыларына таныстыру көрсетілімінен үзінді.