Қазақ тілді сайттар

  • ОЗЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ ТАРАТУ БАРЫСЫНАН...

    АЙША БИБІ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ ҚЫЗЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ  ІС-ТӘЖІРИБЕ ТАРАТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ТУРАЛЫ

     

     

    Педагогикалық жұмыстағы

    шешуші нәрсе - ең жақсы

    оқыту әдістерін таба білуде. 

    Ыбырай Алтынсарин

     

    Қазіргі қоғамға сай жеке тұлғаны қалыптастыру міндетінің күрделілігі мен әр қырлылығы педагогикалық шеберліктің мәселелерін, қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін ерекше өзекті етеді. Себебі орыс және қазақ педагогикасының классиктері, болашақ мұғалімдерді оқытуда педагогикалық шеберлікті қалыптастыру мәселелерінің маңыздылығын барлық уақытта естен шығармады. Ол бүгінгі күннің де өзекті мәселесі болып, күн тәртібінен түскен жоқ, ал маңыздылығы қайта бұрынғыдан да арта түспесе кемімес. Сондай-ақ, тәжірибелі педагогтың ықпалынсыз тұлғаның рухани дүниесін өзгерту мүмкін емес, себебі ол оқушының сенімі мен қажеттілігін, қабілеті мен практикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Мектепке шебер педагог өте қажет.  «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Осы тұрғыдан  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  басқармаға қарасты  білім мекемелерінің озық іс-тәжірибесін тарату мақсатында  «Адресті көмек көрсету» бағдарламасы негізінде 2021-2023 жылдары «КҮЗГІ ЖӘНЕ ҚЫСҚЫ МЕКТЕП» жобасы ұйымдастырылған  еді. Осы жобаға Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының әкімшілік мүшелері мен педагог қызметкерлері де өз үлесін қосқан болатын.  

    Кәсібилік – ұстаздың психологиялық-педагогикалық, ғылыми-пәндік білім-біліктің мәдени-адамгершілік ұстанымдарыммен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік – өз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудицияның болуы, ғылыми-кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс-әрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Кез келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден-бір жолы – кәсіби өзін–өзі жетілдіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс-әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер-ұстаз болып қалыптасуға аса қажет.

    Осындай кәсіби дамытудың бір жолы – өз іс-тәжірибесімен әріптестерімен бөлісу.  «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қыздар лицей-интернаты «АУЫЛ МЕКТЕБІ»  жобасы бойынша,   «KOMEK TIMES» жобасы негізінде серіктес  ҚОСТӨБЕ ауылдық орта мектебінің педагог қызметкерлеріне  әдістемелік көмек  жобасын қолға алудамыз. Соның бірі –жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде жүргізу бойынша әдістемелік көмек ретінде Гаджиева Севда Жауатовна – химия пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, 9-сынып оқушыларына оффлайн «Азот қышқылының химиялық қасиеттері» - «Chemical properties of nitric» тақырыбында,  Чижевская Дарья Константиновна – физика  пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, 9-сынып оқушыларына оффлайн «Колебания математического и пружинного маятника»- «Oscillations of simple and spring pendulums» тақырыбында, Бекбаева Гулим Кисенбаевна – биология пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы,      9-сынып оқушыларына оффлайн  «Gene interactions»- «Ген интеракциясы» тақырыбында, Шигланова Гульнур Сериковна – математика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор 11-сыныпқа оффлайн «Қосу формулалары» - «Sum and difference identities» тақырыптарында ашық сабақтар беріп, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде жүргізу негізінде  педагог қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетті. Қостөбе орта мектебінің оқушылары да  сабақ барысында белсенділік таныта білді. Әріптестерімен әдіс алмасу негізінде өзара іс-әрекеттер жасалынып, оқу үдерісіне сай сабақ құрылымына, оқу мақсатына, бағалау жүйесіне,  оффлайн және онлайн сабақтар топтамасына ұсыныстар да айтылды. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты директорының орынбасары Г.И.Сегізбаева ұжымда атқарылып жатқан іс-шаралар топтамасымен бөлісе отырып, жетістіктерді атап өтті.

     Сондай-ақ «Lesson study»: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» тақырыбында республикалық ұлттық конференцияда озық іс-тәжірибемен бөлісу сәттеріне тоқталсақ.

    Қазақстан Республикасы  Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің  16.03.2023  жылғы №15-03\1586 хатына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті  27.03..2023 күнгі №01-03\187 хаты негізінде           2023 жылдың 27-28 сәуір күндері «Lesson study»: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» тақырыбында  Астана қаласында  І Ұлттық конференция өткізілді.

    Республикалық ұлттық конференцияға  Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиал директоры Гүлмира Тортаевамен бірге Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының орыс тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Белоус Елена Николаевна қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Е.Н.Белоус конференцияның     «Сарыарқа – 1»  залының  2.1. секциясында «Исследование урока как эффективное средство совершенствования   преподавния» тақырыбында  жұмыстарын қорғап, әріптестерімен бөлісе отырып, барлық қатысушы ұстаздармен әдістемелік кері байланыс жасалынды.

    Ұстаз-мектептің жүрегі. Баланың бойына білім нәрін себетін, адамгершілік  дәнін  егетін басты тұлға. Сондықтан Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Алты Алаштың басы қосылса – төр мұғалімдікі» болуы тиіс.

    Иә, мұғалім мамандығын өзіне тиесіле еткен кез келген педагог өз мамандығының қыр-сырын  тереңдете отырып, оқушыға сапалы білім саналы тәрбие беру үшін үнемі ізденісте болғаны жөн... 2023 жылдың қазан айында Жамбыл облысы аудандық білім бөлімдерінің     63 мұғаліміне өз іс-тәжірибесін таратса, қараша айының     11-жұлдызында  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласы,  Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының кешенінде «СабақTime» жобасы аясында «Химия сабағында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімді жолдары» атты облыстық ашық сабақтар циклы өткізілді. «Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін химия пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру» мақсатында ұйымдастырылған бұл айтулы іс-шараға облысымыздағы танымал мектептердің химия пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар өтіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісіп өтті, сол педагог қызметкерлердің бірі, химия пәнінің мұғалімі, педагог-шебер ұстазымыз  ГАДЖИЕВА СЕВДА ЖАУАТОВНА  қала мектептерінің оқушыларына «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» тақырыбында ашық сабақ өту арқылы  әріптестерімен әдіс-тәсілімен  және оқу мақсатына сай сабақ құрылымымен бөлісіп өтті. Қатысқан ұстаздар өте жақсы ниеттерін білдіре отырып, кері байланыс берді.

    Жас мамандарға адресті көмек көрсету және өзара әдіс алмасу  мақсатында 2023-2024 оқу жылы II жарты жылдығында ұйымдастырылған «ЗЕРДЕ» жобасының іс-шаралар барысына тоқтала кетсек, біздің ұстаздарымыз Тукубаева Камила Джагапаровна – педагог, математика пәні мұғалімі,  «Математика пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыруда PISA зерттеуіндегі тапсырмалар маңызы», Сейдахмет Асылай Ардаққызы  – педагог, математика пәні мұғалімі, «ББЖМ-да кездесетін  орташа және жоғары қиындық деңгейіндегі  тапсырмаларды  шығарудың  тиімді жолдары», Нұралы Аяжан Абдықалыққызы – педагог, физика пәні мұғалімі, «Жаратылыстану дағдысын қалыптастыру барысында физика пәнінде есептер шығару жолдарын түсіндіру»,  Қайыржан Маржан Мухитденқызы – педагог, физика пәні мұғалімі,  «ICIL халықаралық зерттеулерін физика пәніне қолдану тәсілінің құрылымы», Сакибаева Фариза Кайратовна – педагог, биология пәні мұғалімі, «Биология пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыруда PISA зерттеуіндегі тапсырмалар маңызы», Иманғали Фатима Әбдірайымқызы – педагог, химия пәні мұғалімі, «Химия пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыруда PISA зерттеуіндегі тапсырмалар маңызы», Тайтиева Жайдарлым Керимовна – педагог-сарапшы, география пәні мұғалімі, «География сабағында Playfactile жəне Quzizz платформаларын пайдалана отырып, оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру», Сейдіғали Толғанай Қонысбайқызы – педагог-модератор, биология пәні мұғалімі, «ББЖМ-ға дайындау барысында биология пәнінің тапсырмаларын тиімді орындау барысы», Қали Венера Садыққызы-педагог-модератор, информатка пәнінің мұғалімі, «ҰБТ-ға дайындау барысында информатика пәнінен есептерді шығарудың тиімді жолдары», Үсенбек Қобыланды Молдахметұлы - педагог-сарапшы, география пәні мұғалімі, «ББЖМ-ға дайындау барысында география пәнінің тапсырмаларын орындаудың тиімділігі» тақырыптарында онлайн форматта өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

    Облыстық ашық есік күні 2024 жылдың 27 ақпанында  өтті.

    Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 0-3 жыл арасындағы еңбек өтілі бар мұғалімдерді, жас мамандарды қамтыған аудитория бойынша өткізілді.

    Ашық есік күнінің мақсаты: олимпиада мен ҰБТ-ға дайындауда қарапайым әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарын анықтау және әдіс алмасу. Жас мамандардың функционалды сауаттылық пен білім сапасын арттыруға бағытталған кәсіби деңгейін дамыту.

     «Қандай ғылым болса да, ол - адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды» ,- деген екен ұлы ғұлама Әбу Насыр     Әл-Фараби.  Демек, кез келген дүние көру, тану, іздену арқылы қалыптасады емес пе? Міне, осы бағытта лицей әкімшілігі «Ғылым негізі  - эксперименттер алаңы»  тақырыбында  көрме ұйымдастырды.

    Лицей-интернат фойесінде жаратылыстану ғылымына байланысты зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен робототехника саласындағы жаңа құрылғылардан тұратын тәжірибе алаңы көрсетілді. Облыстық іс-шараның нәтижелі өтуіне үлес қосқан, жаңалыққа жаны құмар педагогтеріміз әр түрлі мән-мәтіндегі мәселелерді тиімді шешу мен жаратылыстану-математикалық дағдысын, функционалдық сауаттылығын дамыту, олимпиада мен ҰБТ-ға дайындау, оқушылардың дарындылық құзіретін дамыту, креативті ойлауды дамыту тапсырмаларына сай түрлі әдіс-тәсілдерді көрсете отырып, жаңа платформаларды нақтылап, сабақты тиімді жоспарлау мен оқушылардың күнделікті өміріне қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін тың идеяларымен бөлісті.

    «WORKSHOP» БӨЛІМІНДЕ:

    1. Химия пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Гаджиева Севда Жауатовна    «ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары және химия пәнін тиімді  оқыту барысы» тақырыбында жүргізген жұмысы мен шеберлік сыныбы арқылы  ҰБТ-ға және олимпиадаға дайындаудың және химия пәнін тиімді  оқыту барысымен таныстырды. Онлайн платформалардың бірнеше түрлерімен таныстырып, олардың тиімділігі мен сабақ барысындағы қолданылу аясын қатысушыларға нақты тапсырмаларды  орындата отырып, көрсетті. Жас мамандарға ерекше әсер ете отырып, тапсырмаларды жүйелі орындата білді.
    2. География пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Тайтиева Жайдарлым Керимовна   «ҰБТ-ға және олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбының аясында өз тәжірибесімен  бөлісті. География пәнін оқытудың қажеттілігі туралы, қиындықтары мен шешу жолдарын, құндылық негіздерін кіріктіру тәсілдерін  топтық жұмыстар арқылы көрсетті.  Жаңа оқыту әдістерінің  әр алуан түрлерімен де бөлісе кетті.
    3. Биология  пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Естайбекова Гүлназира Аркабаевна «ҰБТ-ға және олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы шеберліік сыныпта зертханалық-практикалық жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болатынын қатысушыларға біршама топтық жұмыстарды орындату арқылы түсіндірді. Қатысушылар өздерін оқушы сезініп, қызығып орындағандарын, іс-шарадан үйренгендерін өз тәжірибелерінде қолданатындарын кері байланыстарында көрсетті. 
    4. Информатика  пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Тыныш Алмас Жарқынұлы  «ҰБТ-ға және олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбының аясында әдіс-тәсілдерді пайдаланып, қатысушылардың шығармашылығын арттырды. Қатысушылардың тарапынан берілген кері байланыста байқағанымыздай, Тыныш Алмас көрсеткен жаңа платформалар жас мамандарға ерекше әсер бергенін көріп отырмыз.
    5. Математика  пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Исламов Аманкелді  Алмасұлы «lesson design - Гайни методикасы бойынша сабақ құрылымын тиімді жасау жолдары» тақырыбы бойынша шеберлік сынып көрсетті. Оқытудың озық педагогикалық технологияларын пайдаланып оқыту ұсынылды. Жас мамандарға сабақтың құрылымына сай тиімді жоспар жасау жолдары мен әдіс-тәсілдерін озық үлгіде көрсете білді.
    6. Физика пәнінің мұғалімі, педагог Қайыржан Маржан Мухитденқызы «ҰБТ-ға және олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы іс-шарада ҰБТ, олимпиада, ББЖМ тапсырмаларын орындауда, жұмыс жасауда тиімді әдіс-тәсілдер мен өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Әріптестер топтық жұмыс барысында ерекше белсенді атсалысты.

    Қорытындылау кезеңінде әр ауданнан, Тараз қаласынан келген  70-ке жуық қатысушы жас мамандар өз кері байланыстарында іс-шараның жоғарғы деңгейде өткенін, осындай іс-шаралардың өткізілуі жас мамандардың кәсіби шыңдалуына тигізер әсері мол екенін айтты. Іс-тәжірибиемен бөліскен әр әріптеске керемет кері байланысын бере отыра, өз жеке алғыстарын білдірді.

     «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дейді, жақсы ұстаздан дәріс алған шәкірттер де озық ойлы, жаңашыл, елінің ертеңін ойлайтын тұлға болып қалыптасатындығына шүбә келтірмеспіз....Жас мамандарды кәсіби тұрғыдан дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып қала бермек...

    Іс-шара соңында «Зерде» жобасы аясында облыстық деңгейде онлайн және оффлайн форматта, сондай-ақ Ашық есік күнін өткізген педагог қызметкерлерге облыстық оқу-әдістемелік орталығының атынан сертификаттар берілді.

     Мақала соңында айтарым, лицейдің оқу-әдістемелік жұмысын да дамытып отыру – басшының негігі міндеттерінің бірі десем, еш қателеспеген болар едім. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ-ның  БИЛ-дар арасындағы негізгі ұстанымы – «САПАЛЫ БІЛІМ МЕН САНАЛЫ ТӘРИЕ БЕРУ», демек, оқушының өн бойына біліммен қатар тәрбиені де қатар бере отырып, құндылыққа негіздеп білім бере отырып, ұштастыра білсек, кез келген білім ордасының сапасы да арта түсері сөзсіз...

     

    МАҚАЛА АВТОРЫ:

    Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Меруерт Тілектесқызы Бегімбай

     

    Описание: D:\БИЛ Тараз қыздар Фото 2023 МЕРУЕРТ АПАЙ\M1D_5182.jpg

     

     

     

  • «БАСШЫ-КӨШБАСШЫ» ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК НЕМЕСЕ МЕКТЕП БАСШЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР НЕГІЗІ.....

    Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару,

    ал leadership – басқара алу қабілеті деген

    мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі

    бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың

    мінез-қылықтарына әсер ету үшін

    басқарушының    қолданатын құралы.

     

    Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа

    адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені

    жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың

    қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға

    бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен

    әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады.

    Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керекБасшы –бұл  жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл - адамның лауазымы. Жақсы басшы   қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы  адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде  болашақты көру қасиеті арқылы  адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды. 

    Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшы болып тағайындалғанда, мені осы сұрақтар қатты ойландырды? Жалпы «басшы-көшбасшы» қандай болу керек?

    «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының басты миссиясы: «САПАЛЫ БІЛІМ - САНАЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ» болып табылады. Осы қағиданы басты ұстаным ретінде алдыма қойып, мен де өз жұмысымды бастап кеттім. Мектеп басшыларының 9 айлық курсынан алған тәжірибем бар  және АҚШ-тағы мемлекетік мектептердің іс-шараларынан алған тәжірибем бар, жұмысымды оңтайлы қағидаттарды ұстана отырып, жүргізе бастадым.

    Қазіргі кезде заманауи талапқа сай мектеп директорының имиджі мен басқару стилі мықты кадрларды жинақтауға әсері орасан зор болып келетіні байқалып отыр. Дұрыс құрылған имидж бен басқару стилі кадрлық саясатты жүргізуге едәуір жеңілдік береді деген ойдамын. Басқарудың классикалық дәстүрлі стилін ғана пайдалану қазіргі қарқынды дамып жатқан қоғамда тиімсіз. Классикалық менеджмент процесінде адамның жеке мүмкіндіктері мен қасиеттері ескерілмейді. Барлық процесс бір адамның ғана айналасында құрылады. Сол себептен де заманауи менеджмент трендтері негізінде басқаруға ауысу қажеттілігі туындап отырған секілді.

    Заманауи менеджмент трендтері негізінде басқару барша команданың тең құқылы даму үдерісінен тұрады. Үздіксіз әрі жан-жақты жаңашылдық пен ұжымдастар арасындағы коммуникацияның кең тарауы, әр адамның жеке қасиеттерін ескере отырып жетістікке бағыттау, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, оқыту және өзін-өзі оқыту процестерінен құралады.

    Белсенді кадр саясатын іске асыра отырып, менеджменттің заманауи трендтері негізінде басқарудың жағдаяттық және классикалық түрлерін алмастыра отырып қолдану, мектепті басқаруға және мектептің дамуына оң әсерін тигізетіні анық.

    Менің ойымша, белсенді кадрлық саясатты жүргізу барысында біз тек болжамдарға ғана емес, сонымен бірге жағдайға әсер ету құралдарын пайдалана отырып, дағдарысқа қарсы кадрлық бағдарламаларды әзірлеуге, жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуге, сыртқы және ішкі жағдай параметрлеріне сәйкес бағдарламалардың орындалуын түзетуге қабілетті орта құрамыз. Ол үшін төмендегі көшбасшылық теорияларын меңгерген жөн деп те ойладық.

    Көшбасшылық теориялары

    Көптеген көшбасшылық теориялары бар. Қазіргі кезде олардың ішінде үшеуін жеке қарастыруға болады:

    Тұлғалық;

    ● Қылықтық;

    ● Жағдайлық.

    Тұлғалық теория – Оған сәйкес менеджерлердің ең үздіктері белгілі бір жеке қасиеттер топтамасына ие болады. Олардың арасында: ақыл мен білім деңгейі, тартымды сыртқы көрінісі, адалдылық пен инициативтілік, өзіне деген жоғарғы сенімділік.

    Қылықтық теория – Бұл теорияға сәйкес басқару түрлерін классификациялауға негіз салған болатын. Ол бойынша тиімділік менеджердің тұлғалық ерекшеліктерімен емес, оның қарамағындағы адамдарға қатысты қылықтардың сипатымен анықталады. Бұл көшбасшылық түсінігін одан әрі тереңдетіп, адамдарды мекеме мақсаттарын орындауға бағыттаған менеджердің мінез-қылықтарына ерекше назар аудартқызды. Оның негізгі кемшілігі басқару түрлерінің белгілі бір жалғыз түрі бар деген тенденцияға негізделу. Алайда тек бір ғана ең тиімді басқару түрі болуы мүмкін емес. Белгілі бір түрдің тиімділігі нақты жағдай мен адамдардың жеке басына тән қасиеттеріне байланысты болады.

    Жағдайлық теория – Жағдайлық теория бойынша тиімді басқару үшін менеджердің жеке қасиеттері мен өз-өзін ұстауы нақты жағдайларға сәйкес болуы керек. Көптеген жүргізілген зерттеулер бойынша менеджер-көшбасшы әр түрлі жағдайларда әр түрлі әрекет етуі қажет.

                Міне, осындай терминдерді негізге ала отырып, мектепті тиімді басқаруда, ең маңызды бағыттың бірі – командалық жұмыс екенін және кадр әлеуетін көтеру керек екендігін, ол үшін өз ортаңмен, әкімшілік мүшелерін дамытумен жұмыс жасау.

    Мектеп көшбасшылығы және кәсіби оқу қоғамдастығы. Мектеп ұжымы және оның мектеп тәжірибесіне инновацияларды енгізу процесін басқарудағы рөлін анықтау үшін «Тиімді қарым-қатынас және қызметкерлерді ынталандыру мен уәждеу құралдары негізінде мектеп командасын қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ команданың тиімділігін арттыру дағдыларын қалыптастыру» мақсатын да ұстанған тиімді.

       Жоғарыда көрсетілген ақпараттарды түйіндей келе, «БІЛІМ- ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ-ның оқу-тәрбие үдеріснде тиімді көшбасшылық басқарудың тағы бір жолын атап өтіп, іс-тәжірибемізбен бөліскіміз  келуде.

    ТАРАЗ БИЛ ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНДА «ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН МЕКТЕП» ТАҚЫРЫБЫНДА АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖОБАСЫ ЖАСАЛЫНҒАН.

    Оқыту мен тәрбие берудің құндылыққа негізделген тәсілі мектеп климатының бүкіл жүйесінің ажырамас бөлігі. Бұл тәсіл мектеп  мәдениетінде, адамдар арасы қарым-қатынаста, барлық қызметкерлердің мінез-құлқында және көзқарасында көрініс табады. Оқушылар және мектепішінде қызмет атқарушы барлық адамдар іздерін «мектеп шаңырағының» мүшесі ретінде сезіне бастағанда, мектептің институционалды бейнесі  улкен отбасы атмосферасына ауысады. Мектеп ұжымының әрбір мүшесі оныңішіндекүзетжәнешаруашылық бөлімқызметкерлеріненбастап, кітапхана, медициналық  және әкімшілік басқару бөлімдерінедейіноқушылардың өн бойына адами құндылықтарды үйретуде және үлгі болуда өзүлесін барыншақосуға тырысады.Жақсы қасиеттерді үйретуде «Мен қалай айтсам, солай жаса» деп емес, «Мен істегендей істе» деген ұстаныммен алға басады. Мектеп әкімшлігі, пән  мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәрбиешілері оқушылармен тікелей байланыс жасайтындықтан үлгі ретінде құндылықтарды алғаш боп өз бойында дамытуды қолға алады.

     «ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН МЕКТЕП» МОДЕЛІ:           

    1. Оқу және оқыту процесінде алдын-ала жоспарланған құндылықтар жиынтығының әрқайсысына жеке уақыт бөлінеді;

    2. Қалыптастырушы элементтерінің (үлгі болу, ішкі сана-сезім, рефлексия, қоршаған орта, оқу бағдарламасы, көшбасшылық, этикалық сөздік қоры) үздіксіз орындалуы қадағаланады;

    3. Оқу-тәрбие бағдарламасының жоспарлануындақұндылықтарды негізге алынады;

    4. Ата-аналар қауымдастығының белсенді қатысуын ұйымдастырады;

    Білім мен тәрбие берудің құндылыққа негізделген тәсілі кешенді түрде  барлық мүдделі тараптармен: отбасы, мектеп және қоғамның қатысуымен жан-жақты жүзеге асырылуы керек

    Құндылықтар – өміріміздің басты бөлігі. Құндылықсыз адам да, қоғам да болмайды. Адамның адамнан айырмашылығы – оның бойындағы ізгі қасиеттерде, адамгершілік құндылықтарда. Сол себепті адами қасиеттерді үнемі азықтандырып отыру өте маңызды.

    Бағдарламаның басты мақсаты - миссиясы:

    Оқушылардың ерекше қабілеттерін айқындап дамыту арқылы адами құндылықтарды бойына сіңірген, салауатты өмірді  ұстанып, өзін-өзі ұдайы жетілдіретін, кез келген мәселені оңтайлы шешуге  дағдыланған жаһандық тұлға қалыптастыру.

    Басты құндылықтарға ай сайын алмастыра отырып, бөлуге болады, төменде өткен оқу жылы бойынша айларға бөлінген құндылық атауларын көруге болады:

    • Ынтымақтастық / қыркүйек айы
    • Құрмет/ қазан айы
    • Кемелдену/ қараша айы
    • Патриотизм/желтоқсан айы
    • Адалдық / қаңтар айы
    • Жауапкершілік / ақпан айы
    • Ұлттық күн / наурыз айы
    • Тазалық / сәуір айы
    • Батылдық / мамыр айы
    1. Ынтымақтастық: Ортақ мақсаттарға  жетуде қолдау көрсетіп, келеңсіздіктерді реттей отырып бірлесе  жұмыс жасай алады;
    2. Құрмет:  Өз көзқарастарымен қоса, өзгелердің құқықтарын және көзқарастарын құрметтейді;
    3. Кемелдену: Жеке  тұлға оқу-тәрбие процесінде барлық аспектілер бойынша жоғары жетістіктерге жетеді;
    4. Патриотизм: Отанға, елге, туған жерге деген құрметі мен сүйіспеншілігі артады.
    5. Адалдық: Өмірде, өнерде, іс-әрекетте, қандай жағдай болмасын барлық жағдайда адал болуға баулу көзделеді.
    6. Жауапкершілік: Қоғамдық ортада жеке бастың әрекетіне есеп бере алады, міндетіне алынған істің жүзеге асуына жауапкершілікпен қарайды;
    7. Ұлттық күн: Қазақи, ұлттық болмысымызды насихаттау ұлттық құндылықтарымызға назар аудару көзделеді.
    8. Тазалық: Қоршаған ортада, өскен үйде, оқу ордасында, қоғамда айналаның тазалығы маңызды. Тұла бойдағы тазалық пен сананың тазалығы қоса үйретіледі.
    9. Батылдық: Адам бойындағы ерекше қабілетті ояту, батыл қадам басуға, оңтайлы шешім қабылдай білуге баулу көзделеді.

    Лицей-интернатта арнайы құндылық тобы құрылған. Мүшелері ай сайын бас қосып, жоспарын құрады, жүзеге асырады, қорытындысын  шығарады.

    Білім мен тәрбие берудің құндылыққа негізделген тәсілі кешенді түрде  барлық мүдделі тараптармен: отбасы, мектеп және қоғамның қатысуымен жан-жақты жүзеге асырылуы керек.

     МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ РӨЛІ

    Құндылықтарға негізделген білімнің бастамасына  жауапты бірінші адам -  мектеп директоры. Яғни, мектеп басшысы құндылық негізінде оқытудың мақсаты мен міндеттерін жетік түсінуі керек. Ол құндылық негізінде оқыту жүйесінің мақсаты мен идеясына адал болып, саналы түрде өз бақылауымен жүзеге асыруды қолға алғаны жөн.  Сонымен қатар, мектеп директорынан нәтижелі әрі сапалы көрсеткішке қол жеткізуі үшін бас көшбасшы ретінде қажетті дағдыларға ие болуды талап етеді.

    МҰҒАЛІМДЕРДІҢ РӨЛІ

    Білім беру саласындағы заманауи ғалымдардың бірі Энди Харгривс: «Мұғалімдердің сапасы және  адамгершілігі оқушылардың игілігі мен білім алуына негіз болатын маңызды фактор», - дейді.

    Сынып жетекшісі мен тәрбиешісі немесе мұғалім көмекшісі оқушыларға жауап беретін басты тұлғалар болып табылады. Олар оқушылардың академиялық үлгерімін, мінез-құлқына әсерін және балалардың әлеуметтік-эмоционалды дамуын, қабілеттеріне қарай жан-жақты жетілуін бақылауға, бағдар беруге, жол көрсетуге көшбасшылық етеді.  Осыған орай олар өзара келісіммен бірлесе отырып, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырады. Атап айтқанда; құндылықтарға нгеізделген  тақырыптар бойынша тәрбие сағаттарын (сынып сағаттарын), концерттік бағдарламалар, экскурсиялар, қала іші және қала сыртына туристік-танымдық саяхаттар, жарыстар, әртүрлі бағытта сайыс-турнирлер, дебаттар және басқа да зияткерлік, мәдени, сауықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру міндеті жүктеледі.

    Пән мұғалімдері өз саласы  бойынша бекітілген оқыту бағдарламасына сәйкесінше, өз сабағының мазмұнын, оқу  және  тәрбиелік мақсатын,  оқыту әдіс-тәсілдерін таңдауда  мектеп құндылықтарын негізге ала отырып жоспарлайды.

     АТА-АНАЛАРДЫҢ РӨЛІ

    Оқушылардың отбасыларымен тұлға аралық қарым- қатынас құру мектеп қызметінің үздіксіз процесіне айналуы тиіс. Мұғалім - ата-ана арасындағы ынтымақтастық пен сыйластық оқушы көзқарасының әлдеқайда жауапкершілікпен  қалыптасуына және эмоционалды дамуына оң ықпалын тигізері анық. Осы бағытта ата-аналар қауымдастығының мектеп өмірімен белсенді байланыс  жасауына жағдай туындатып, бірқатар іс-шаралар ұйымдастыруы жүктеледі.

    Оқу бағдарламасына құндылықтарға негізделген оқытуды кіріктіру

    Құндылықтар – адам бойында міндеттемелер және дағдылардың уақытылы орындалуымен қалыптасады. Балалар мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбие дағдыларын өмірлік азығы ретінде пайдаланады. Білімнің тәрбиеден немесе тәрбиенің білімнен бөлек жетілуі мүмкін емес екені белгілі. Яғни, білім мен тәрбие бірін-бірі толықтырып тұратын, адамгершілігі бар тұлғаны қалыптастыратын екі негізгі қалаушы. Сондықтан, құндылықтарды оқу және оқыту тәрбие сағатымен шектелмеуі тиіс. Оқушылар меңгеріп жатқан құндылықтардың пәндермен байланысын және шынайы өмірде қолданысын көре алуы қажет. Ол күнделікті сабақтарда, қосымша білім беру жүйесінің үйірме сабақтарында, сабақтан тыс  сыныпішілік және мектепішілік әртүрлі шараларда көрініс табады. Бұл құндылықтар негізінде оқытудың ең маңызды ерекшелігі. Сол себепті, оқу жылының басында бекітілген тақырыптық-күнтізбелік жоспарларда, ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарларда құндылықтардың сабақ кезеңдеріне кіріктірілуі және оқу-тәрбие бөлімдерінің орынбасарлары тарапынан әрдайым қадағалануы міндеттеледі.

    Міндетті:

    • «Құндылықтарға негізделген мектептің» миссиясы анықталып, оқу жылының әр айына құндылықтар таңдалып бекітіледі.
    • Оқу жылының басында ата-аналар қауымдастығын «Құндылықтарға негізделген мектеп» жүйесімен таныстырып, олардың келісімі мен қолдауларын алады.
    • Мектеп ұжымындағы барлық бөлімдерінің қызметкерлеріне «Құндылықтарға негізделген мектеп» жүйесі толықтай түсіндіріліп, әр айдың құндылықтарына танымдық семинар-тренингтер ұйымдастырылады.
    • Оқушылардың эмоционалды сауаттылығының дамуын бақылау мақсатында оқу жылының басында және соңында олардың эмоционалды портретін шығарады.
    • Әрбір сынып жетекшіні «Құндылықтарға  негізделген мектептер»  үшін арналған оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етеді.

    «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы аясында  жүзеге асырылған жобалардың оқушыларға ықпалы қандай?

    • Қабілеттерін жетілдіріп, қоғамға пайдалы қызмет ұсынады;
    • Жоспарлы болуды әдетке айналдырады, бос уақытты тиімді қолдана алады;
    • Жеке мақсаты туралы ой-пікір қалыптасады;
    • Өзгерістерге бейім болады;
    • Өзіне және айналасына сеніммен қарай алады;
    • Басқаларды тыңдай білуі, олардың пікірімен санасуды үйренеді;
    • Өз ойын ашық айта алады;
    • Топ белсенділігіне ерікті түрде қатыса алады;
    • Мәселенің шешімін ең тиімді түрде шеше алады;
    • Қоршаған ортаға деген құрметі артады. 

        «Құндылыққа негізделген білім ордасын» құру арқылы басқару өте тиімді. Демек, Абай

    атамызға құлақ түрсек: «Баламды медресеге біл деп бердім, Шен алсын, шекпен алсын деп бермедім...» - деуі арқылы  адамның борышы шен - шекпен емес, тәрбие арқылы туған халқына қызмет ету дегенді меңзегенін ескеру қажет. Ендеше,  елдігімізді ерте қамдаймыз десек, «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді», деп айтылғандай, құрсақтан берілетін тәрбиенің орны бөлек екенін ескерген жөн. Сонда осы тәрбиемен бармақтай болса да берілген білімнің қоғам үшін өлшеусіз қазына болып оралатыны да сөзсіз.

    Мақаланы қорытындылай келе, айтарым, мектепті басқару оңай жұмыс емес, қиыншылығы мен қызығы да, білімі мен тәрбиесі де қатар жүретін киелі білім ордасын қалыптасрыу – кез келген педагогтердің міндеті деп айтсам, қателеспеспін. Демек, жай басшы емес, «көшбасшы» болайық, нағыз менеджмент ретінде басқара білейік деймін. Заманауи мектептегі өзгерістерді басқарудағы
    «ТАЛАНТ-МЕНЕДЖМЕНТ» болсақ та жеткілікті.

     

    МАҚАЛА АВТОРЫ:

    Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Меруерт Тілектесқызы Бегімбай

     

    прпдщ

    прпдщ

                  

  • САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ - ІС ТӘЖІРИБЕДЕ

     

    Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі,

    педагог-шебер – Алимбаева Л.Ж.

     

    Бүгінгі таңдағы білім берудегі жүйенің басты ерекшелігі - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеу  тәсілдері ретінде деңгейлік тaпсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке тaнымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Қaзіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту - заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жaңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты рөл атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сaбақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Осы себепті сaбақ барысында оқушының іс-әрекетін ұтымды ұйымдастыра білу – мұғалімнің басты міндеті. Сондықтан қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сaбақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын aрттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. «Зерттеу сабағы қaрапайым идея болып табылады. Егер сіз оқытуды жaқсартқыңыз келсе, онда басқа мұғалімдермен бірге жұмыс істеу-жоспарлау, бақылау және сабақ бойынша ой жүгіртудің қаншалықты маңызды екені  анық емес пе?» тұжырымдамасы бойынша  жаңа технологияның бірі:

            «Lesson Study» әдісі – ондағы басты мақсат әріптестермен біріге отырып:

    •Сабaқ жоспарын  құру

    •Зерттеу сaбағын талқылау

    •Сaбақтың жоспарын талқылау

    •Зерттеу сaбақтарын өткізу болып тaбылады. 

            Lesson Stady – сыныпты зерттеу  нысаны  немесе  түйінді  сипаты: креативтілік пен ғылыми дәлдік қажет ететін әдіс.

    Мақсаты: Оқыту  үдерісіндегі  тәжірибені  жaқсартуды  және  жетілдіруді  зерттеу. Сабaқ жоспарын құру барысында зерттеуші  3 мұғалім және 1 бақылаушы  мұғалімнен  құралған топ бірігіп, зерттеу сабaғын ұйымдастыру үшін қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі пәнін таңдап aлынды. Зерттеуші  топ  аптасына бір реттен жиналып,  А,В,С  деңгейіндегі  оқушылар тобына жататын оқушының    сaбақ барысында іс-әрекетін зерттеу үшін, оның қажеттілігін  анықтауға болатын  тиімді әдіс-тәсілдерді  сaбақтың жоспарын құруда талқылап шықты. Оқушының қажеттілігін  қанағаттандыру үшін Блум таксономиясы бойынша тaлдау сұрақтарын   сабақ бaрысында қолданып, оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіре түсу жұмыстaрын қолға алып, оны сабaқ сайын күрделендіре түсу  жоспарланды.

     

            1-ші зерттеу сабaғы қаңтaр айында 7-сынып қазақ әдебиеті пәнінен М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі. Осы сaбақ бaрысында анықталып алынған А,В,С деңгейіндегі оқушылaрымның сабақ барысындaғы іс-әрекеттерін 3 мұғалім зерттеп шықты. Блум токсономиясына бaйланыстырып құрылған сабақ жоспaры мен сыни тұрғыда ойлау қaбілетін дамыту үшін берілген сұрақтар жауaптарымен сәйкес келе ме, жоқ па сабaқ барысында анықталды. Сабақ сәтті өтті. С деңгейдегі оқушының  ұяңдығын ашатын түрткі сұрақтары алға қарай ілгерілеуге жетеледі. Жетелеу сұрaқтары арқылы, жеке жұмыстар мен тaпсырмалар беру арқылы сабаққа деген қызғушылығы  мен  топ арасында көшбасшылық қабілетін А деңгейіндегі оқушым көрсете білді. В деңгейіндегі оқушым бaстапқыда сұрақтарға онша аралaспады, кейіннен  оның белсенділік қaбілеті арта түсіп, топпен тапсырма берілгенде топ басшының берген тaпсырмасын  өз деңгейінде  орындап шығып, өзін көрсете білді. Оқушы үнін тыңдаған кезде А деңгейдегі оқушым әңгіме бойынша өзіндік тұжырым жасады. Яғни, сыни тұрғыда ойлау қабілетінің жоғары екендігін аңғaрта түсті, В деңгейдегі оқушым - «Еш нәрсені өзгертпей осы сабaқты қайта өтілгенінін қалаймын, маған өте қызықты болды»- деп жауап берді . С деңгейдегі оқушым – «Сабaқ ұнады, бірақ мен бұл сабақта өзімді  көрсете алмадым.»- деген тұжырым жасады. Келесі сабaқта белсендірек болатынын айтып өтті.

            2-зерттеу сабaғы  ақпан айында 7-сынып Қазақ тілі пәнінен ақпан күні тақырыбы: «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» тақырыбында сабақ  өткізілді. Сабaқ мақсатына жетті. Оқушылардың білім деңгейн көтеру, өзaра әдіс алмасу мақсатында ұйымдастырылған  бұл зерттеу сабaғы өз дәрежесінде өтіліп, сабaққа қатысқан ұстаздар қауымы  алар жаңaлықтары көп екендігін атап өтті .

     

             Келесі 3-зерттеу сабағын орыс тілі пәнінен Ш.Айтматов «Плаха» тақырыбын таңдап алынып, сабақ жоспары жоспарланды. Оқушылардың функционалдық сауaттылығын арттыру мақсатында топта шығaрма үзінділерін талдау, қaлыптастырушы бағалауда топтық, өзін-өзі  бағалап отыруды жоспaрладық. «SWOT талдау» әдісі арқылы оқушылардың топта бірігіп постер құруын, семaнтикалық картамен жұп болып жұмыс жасауын, логикалық сұрaқтарға бейнекөрсетілім арқылы жауап беруін жоспaрланды. Бұл сабaқтан бүкіл сынып бойынша әр деңгейге сәйкес келетін оқушыларды түгелімен бақылауға алып, олардың іс-әрекетін бақылaуды алға мақсат етіп қойдық. Зерттеу сабaқтары зерттеуші топта бірігіп жұмыс жүргізген мұғaлімдерге өзара әдіс алмасып қана қоймай бірігіп жұмыс жүргізуге, өз білім-білік деңгейін көтеруге де өз ықпалын арттыра түсті. Бұл сaбақтан бүкіл сынып бойынша әр деңгейге  сәйкес келетін оқушылaр түгелімен бақылауға aлынды, олардың іс-әрекетін бақылауды алға мақсат етіп қойылды. Зерттеу сабaқтары зерттеуші топта бірігіп жұмыс жүргізген мұғалімдерге өзара әдіс алмaсып қана қоймай, бірігіп жұмыс жүргізуге, өз білім мен білік деңгейін көтеруге де өз ықпалын aрттыра түсті. 

             Lesson Stady зерттеу сабaғын ұйымдастыра отырып, педaгог ретінде әр түрлі деңгейдегі балaмен жұмыс жасaудың қыр-сырын үйрендім. Әр оқушының сабaқты қaбылдай білу қабілетіне қарай оқу тaпсырмасын құрaстыруды меңгердім.

     

     

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты мектеп асханасының жұмысын тексеру қорытындысы

    ХАТТАМА №2

          Күні: 24.01.2023

    Жауапты: Комиссия төрайымы: мектеп директоры - М.Т.Бегімбай.

    Комиссия мүшелері: ДОІЖО - Г.І.Сегізбаева, ДШІЖО - Б.Танкибаева, ДТІЖО - Ж.М.Құрманбаева, Қамқоршы кеңесінің және ата-ана комитетінің төрайымы - Г.Имангалиева, Ата-ана комитетінің мүшесі - А.Токабаева, Ата-аналар комитетінің мүшесі - З.Тажибекова, кәсіподақ төрайымы - Ибраймова А., Мектеп медбикесі - Қ.Мамбетиярова, Педагог-психолог - А.Ережепова, хатшы - Н.Алмабекқызы.  

     

    КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛАТЫН МӘСЕЛЕ:

    1. Лицей-интернат оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі туралы;

    ТЫҢДАЛДЫ:

    2022-2023 оқу жылы қаңтар айының 14 жұлдызында мектепішілік бақылауға сай арнайы комиссия құрамы бекітіліп, лицей-интернат асханасының жұмысы тексерілді. Әр комиссия мүшесіне арнайы жадынама бақылау парағы үлестірілді. Асханаға, ас блогына келесі параметрлер бойынша тексеріс жүргізілді: Тамақ ішуді ұйымдастыру, Ас блогы үй-жайларының жай-күйі, Өнімдерді сақтау шарттарын сақтау, Тоңазытқыштар, ет цехы, көкөніс цехы, ұн цехы, нан цехы, пісіру цехы, Жұмыртқаларды сақтау және пайдалану, құжаттар, тұрмыстық бөлме.

    Тексеріс барысында келесілер анықталды:

    - Лицей-интернат асханасының жабдығы мен инвентарларының жағдайы мен саны СанЕжН талаптарына сай;

    - Тамақ әзірлеуге арналған технологиялық құралдары бар, талапқа сай.

    - Асхана инвентарлары белгіленген, талаптарға сай сақталуда.

    - Ауа температурасын өлшеу құралы бар, ылғалдық өлшеу құралы жоқ. Азық-түліктің келу күні мен оның пайдалану мерзімдері жайлы ақпарат бар.

    - Жуу және дезинфекция жүргізу құралдары нормаға сай жұмсалады. Жуу және дезинфекция жүргізу құралдарын босату жөнінде журналы бар.

    - Жуу және кептіру ережелері Сан Пин талаптарына сай;

    - 10-күндік болжам менюі бар, тамақ салмағы көрсетілген; күнделікті меню директормен бекітілген; меню құрамына: ет, сүт тағамдары, балық, ірімшік, жұмыртқа, шырын, кондитерлік тағамдар, нан тағамдары, көкөністер мен жемістер:

    - Азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттары бар;

    - Тағамның өндірілуі бекітілген технологиялық карта мен рецепттер жиынтыққа сай;

    - Дайын өнімнің бағасы - «жақсы». Иісі, түсі, консистенциясы бекітілген рецептураға сай.

    - Аспазбен тағамның тәуліктік сынағы жүргізіледі, сақталу ережесі нормаға сай.

    - Асхана жұмыскерлері мен асханаға кіруге рұқсатыы бар тұлғалардың жеке бас гигиеналары санитарлық ережелер мен нормативтерге сай;

    - Еңбекті қорғау ережелері сақталған, өрт және электр қауіпсіздігіне арналған құрал-жабдықтары бар.

    ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі санитарлық талаптарға сай деп танылсын;
    2. Оқушылардың сұраныстары қанағаттандырылсын;
    3. Бактерицидті шаммен, таза сумен (фильтр) қамтамасыз етілсін;

     

    Комиссия төрайымы:                                М.Т.Бегімбай

     

    Комиссия мүшелері:

     ДОІЖО - Г.Сегізбаева

     ДТЖО - Ж.Құрманбаева

     «Қамқоршылық кеңесі» төрайымы – Г. Имангалиева

    Ата-ана комитетінің мүшесі - А.Токабаева               

    Ата-аналар комитетінің мүшесі - З.Тажибекова

    Кәсіподақ төрайымы - Ибраймова А.                                              

    Мектеп медбикесі - Қ.Мамбетиярова

    Педагог-психолог - А.Ережепова

    Хатшы - Н.Алмабекқызы 

     

     

    Асхананы комиссия тексерісінен көріністер

  • Оқулықпен қамтамасыз ету

    Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" қыздар лицей-интернаты толық оқулықпен қамтамасыз етілді. Байланыс номері: 8 705-121-33-89

  • Вакансия

    Конкурстық құжаттар қағаз түрінде Тараз қаласы, Сыпатай батыр көшесі, №31 үй мекен-жайында орналасқан «Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының» қабылдау бөлімінде қабылданады.

    Электрондық түрде электрондық пошта: tarazkiz@mail.ru, tarazkiz@mail.kz қабылданады.

    Электрондық түрде құжаттарды рәсімдеу тәртібі:
    1) «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 10-11 қосымшалары толтырылып, pdf форматқа салынады.
    2) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 107 тармағына сәйкес (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) ретімен құжаттар жинақталып, бір документке pdf форматқа салынады.
    3) 1-2 баптағы құжаттар архивке салынып (rar программа), қатусышының ФИО және пәні жазылып, жоғарыдағы электронды почтаға жіберіледі.

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мектепішілік (аудандық) олимпиаданың ХАТТАМАСЫ

    «Қазақстан тарихы» пәндік олимпиадасы 9-сынып – сағат 10:00-12:00 арасы, 10-сынып – сағат 13:00-15:00 арасы, 11-сынып – сағат 16:00-18:00 арасы өткізілді. Бақылаушы – ДБОІЖО – Естайбекова Г., АӘТ пән мұғалімі – Татбаев С., әділқазы құрамы мүшелері – Алкереева З.
    Жалпы алғанда қатысқан оқушылар тізімі мен нәтижесі төмендегі кестеде берілген.

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мектепішілік (аудандық) олимпиаданың ХАТТАМАСЫ

    «Өзін-өзі тану» пәндік олимпиадасы 9-сынып – сағат 10:00-12:00 арасы, 10-сынып – сағат 13:00-15:00 арасы, 11-сынып – сағат 16:00-18:00 арасы өткізілді. Бақылаушы – ДБОІЖО – Естайбекова Г., АӘТ пән мұғалімі – Татбаев С., әділқазы құрамы мүшелері – Ибраимова А., Тыныбекова Г.
    Жалпы алғанда қатысқан оқушылар тізімі мен нәтижесі төмендегі кестеде берілген.

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Неміс тілі» пәні бойынша мектепішілік (аудандық) олимпиаданың ХАТТАМАСЫ

    «Неміс тілі» пәндік олимпиадасы 9-сынып – сағат 10:00-12:00 арасы, 10-сынып – сағат 13:00-15:00 арасы, 11-сынып – сағат 16:00-18:00 арасы өткізілді. Бақылаушы – ДБОІЖО – Естайбекова Г., АӘТ пән мұғалімі – Татбаев С., әділқазы құрамы мүшелері – Калдыкулова Ж.
    Жалпы алғанда қатысқан оқушылар тізімі мен нәтижесі төмендегі кестеде берілген.

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Француз тілі» пәні бойынша мектепішілік (аудандық) олимпиаданың ХАТТАМАСЫ

    «француз тілі» пәндік олимпиадасы 9-сынып – сағат 10:00-12:00 арасы, 10-сынып – сағат 13:00-15:00 арасы, 11-сынып – сағат 16:00-18:00 арасы өткізілді. Бақылаушы – ДБОІЖО – Естайбекова Г., АӘТ пән мұғалімі – Татбаев С., әділқазы құрамы мүшелері – Сері Б.
    Жалпы алғанда қатысқан оқушылар тізімі мен нәтижесі төмендегі кестеде берілген.

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Орыс тілі» пәні бойынша мектепішілік (аудандық) олимпиаданың ХАТТАМАСЫ

    «Орыс тілі» пәндік олимпиадасы 9-сынып – сағат 10:00-12:00 арасы, 10-сынып – сағат 13:00-15:00 арасы, 11-сынып – сағат 16:00-18:00 арасы өткізілді. Бақылаушы – ДБОІЖО – Естайбекова Г., АӘТ пән мұғалімі – Татбаев С., әділқазы құрамы мүшелері – Е.Белоус., Г.Рожко 
    Жалпы алғанда қатысқан оқушылар тізімі мен нәтижесі төмендегі кестеде берілген.

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Ағылшын тілі» пәні бойынша мектепішілік (аудандық) олимпиаданың ХАТТАМАСЫ

    «Ағылшын тілі» пәндік олимпиадасы 9-сынып – сағат 10:00-12:00 арасы, 10-сынып – сағат 13:00-15:00 арасы, 11-сынып – сағат 16:00-18:00 арасы өткізілді. Бақылаушы – ДБОІЖО – Естайбекова Г., АӘТ пән мұғалімі – Татбаев С., әділқазы құрамы мүшелері – Калдыкулова Ж., Алиева Т.
    Жалпы алғанда қатысқан оқушылар тізімі мен нәтижесі төмендегі кестеде берілген.

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Құқық негіздері» пәні бойынша мектепішілік (аудандық) олимпиаданың ХАТТАМАСЫ

    «Құқық негіздері» пәндік олимпиадасы 9-сынып – сағат 10:00-12:00 арасы, 10-сынып – сағат 13:00-15:00 арасы, 11-сынып – сағат 16:00-18:00 арасы өткізілді. Бақылаушы – ДБОІЖО – Естайбекова Г., АӘТ пән мұғалімі – Татбаев С., әділқазы құрамы мүшелері – Алкереева З.
    Жалпы алғанда қатысқан оқушылар тізімі мен нәтижесі төмендегі кестеде берілген.

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша мектепішілік (аудандық) олимпиаданың ХАТТАМАСЫ

    «Қазақ тілі» пәндік олимпиадасы 9-сынып – сағат 10:00-12:00 арасы, 10-сынып – сағат 13:00-15:00 арасы, 11-сынып – сағат 16:00-18:00 арасы өткізілді. Бақылаушы – ДБОІЖО – Естайбекова Г., АӘТ пән мұғалімі – Татбаев С., әділқазы құрамы мүшелері – Әлімбаева Л.
    Жалпы алғанда қатысқан оқушылар тізімі мен нәтижесі төмендегі кестеде берілген.

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «география» пәні бойынша мектепішілік (аудандық) олимпиаданың ХАТТАМАСЫ

    «География» пәндік олимпиадасы 9-сынып – сағат 10:00-12:00 арасы, 10-сынып – сағат 13:00-15:00 арасы, 11-сынып – сағат 16:00-18:00 арасы өткізілді. Бақылаушы – ДБОІЖО – Естайбекова Г., АӘТ пән мұғалімі – Татбаев С., әділқазы құрамы мүшелері – Тайтиева Ж.
    Жалпы алғанда қатысқан оқушылар тізімі мен нәтижесі төмендегі кестеде берілген.

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «химия» пәні бойынша мектепішілік (аудандық) олимпиаданың ХАТТАМАСЫ

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Физика» пәні бойынша мектепішілік (аудандық) олимпиаданың ХАТТАМАСЫ

    «Физика» пәндік олимпиадасы 9-сынып – сағат 10:00-12:00 арасы, 10-сынып – сағат 13:00-15:00 арасы, 11-сынып – сағат 16:00-18:00 арасы өткізілді. Бақылаушы – ДБОІЖО – Естайбекова Г., АӘТ пән мұғалімі – Татбаев С., әділқазы құрамы мүшелері – М.Абдимажитова.

    Жалпы алғанда қатысқан оқушылар тізімі мен нәтижесі төмендегі кестеде берілген.

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Математика» пәні бойынша мектепішілік (аудандық) олимпиаданың ХАТТАМАСЫ

    «Физика» пәндік олимпиадасы 9-сынып – сағат 10:00-12:00 арасы, 10-сынып – сағат 13:00-15:00 арасы, 11-сынып – сағат 16:00-18:00 арасы өткізілді. Бақылаушы – ДБОІЖО – Естайбекова Г., АӘТ пән мұғалімі – Татбаев С., әділқазы құрамы мүшелері – М.Абдимажитова.

    Жалпы алғанда қатысқан оқушылар тізімі мен нәтижесі төмендегі кестеде берілген.

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Биология» пәні бойынша мектепішілік (аудандық) олимпиаданың ХАТТАМАСЫ

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Информатика» пәні бойынша мектепішілік (аудандық) олимпиаданың ХАТТАМАСЫ

Жаңалықтар

Байланыс

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
    31 Sypatai batyr street, Taraz
  • +7(7262)577466

Сурет галереясы