Қазақ тілді сайттар

Жиналыс хаттамасы Директордың есебі Директордың есебі-2020 Ыстық тамақ Жиналыс хаттамасы №1-2021-2022 «Әкелер кеңесі» жиналысы «Аналар академиясы» мен «Қамқоршылық кеңесі» отырысы «МЕЙІРІМДІ ӘЛЕМ» жәрмеңкесі Қамқоршылық кеңесі жиналысы Қамқоршылық кеңесі жиналысының №1 Х А Т Т А М АСЫ 2023-2024 оқу жылы «ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ» МҮШЕЛЕРІ/ҰЖЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ №2 Х А Т Т А М АСЫ 2023-2024 оқу жылы

Қамқоршылық кеңесі

Жиналыс хаттамасы

Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты

Қамқоршылық кеңес алдында мектеп-интернат директорының есеп беру жиналысының

ХАТТАМАСЫ №2

Күні: 28.01.2019 ж

Қатысқандар:10

Қатыспағандар: 1

Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:

  1. Оқу-тәрбие үдерісі  - ІІ тоқсан қорытындысы;
  2. Тәрбие бағытындағы іс-шаралар;
  3. Қамқоршылық кеңестің алдында мектеп-интернат директорының өткен жылғы есебін беру;
  4. Әр түрлі мәселелер, оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі т.с.с.

ТЫҢДАЛДЫ

Қамқоршылық кеңесінің жиналысы мектеп-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлының алғы сөзімен басталды. ДТІЖО Құрманбаева Жанар Мейірбекқызы бүгінгі отырыстың күн тәртібінде қарастырылатын мәселелермен таныстырды.  

       Күн тәртібінде қарастырылған бірінші мәселе бойынша ДОІЖО Сегізбаева Гүлфазира Ілиясқызы сөз алды. Жалпы мектеп-интернат оқушыларының ІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы мен сынып-сынып бойынша сапа мен үлгерімі жайындағы мәліметпен таныстырды. (қосымша - 1) Сондай-ақ, облыстық пәндік олимпиада жетістіктерін саралап айтты. 65 оқушының 26 жеңімпазы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, 12 оқушы арнайы мадақтамамен марапатталғанын, 12 оқушы Қызылорда, Ақтөбе қалаларында болатын республикалық пәндік олимпиадаға жолдама алғандығын жеткізді.  «Қысқы мектеп» жобасы аясында «Физика сабағында «CLIL» әдістемесін қолдану» тақырыбында физика пән мұғалімі Әуелбаева Камила облыс пән мұғалімдеріне іс-тәжірибе тарату мақсатында семинар жүргізсе, жаратылыстану бағыты бойынша мектеп-интернат оқушылары үш тілде «Білім және денсаулық» «Еducation and science fair» көрмесін келушілер назарына ұсынғандығын, 77 ТV телеарнасынан көрсетілгендігін баяндады.

 

      Күн тәртібінде қарастырылған екінші мәселе бойынша ДТІЖО Құрманбаева Жанар сөз алды. Ол өз сөзінде тәрбие бағыты бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар топтамасымен таныстырды. «Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуына байланысты» Жамбыл облысы Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Мейірбек Аян Алпысбайұлымен кездесу өткізілді. «Балалар әлеміндегі игі істер» мейірімділік акциясы аясында 10А сыныбы «ӨРКЕН-НИЕТ» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасыларға Жаңа жылдық сыйлық пен қуанышты көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, «КІМ МЫҚТЫ?» 7-8 сынып ата-аналар мен оқушылар арасында өткізілген интеллектуалды ойыны, «ДЕГДАР» дебат клубының ашылғандығы, алғашқы бағындырған жетістіктері, республикалық қыздар арасында өткізілген «Шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі» турнирінен Кеңесхан Айзере 2-орын, Кемелбекова Әсел 3-орын, Нұрболқызы Дилназ  2-орын, Дүкенбаева Әлия 2-орын иеленгендігі туралы ақпараттық мәлімдеме жасады. (қосымша – 2)

       Күн тәртібінде қарастырылған үшінші мәселе бойынша мектеп-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлы 2018-2019 оқу жылы І жарты жылдығы бойынша жасалынған іс-шаралар туралы есеп берді. Атап айтқанда, мектеп-интернаттың материалдық-техникалық базасы - 7 «AKTIVPANEL» ақылды тақтамен, 3 лабороториялық сынып жаңа парта мен үстелмен жабдықталуы, «Робототехника», «ИнтеллеутУм» кабинетінің ашылғандығын, оқушыларға арналған киім ілгіш сөрелермен қамтамасыз етілгендігін мәлімдеді. Сондай-ақ, жатақхананың материалдық-техникалық базасы жаңа жуынатын бөлмелермен, аяқ киім, төсеніштермен, А және Б блокта да жүк қоюға арналған қойма сөрелерімен, бөлме жинайтын заттарын қоюға арналған шкафтармен, ауа тазатрқыш спреймен, шар үрлейтін құрылғымен толыққандығын баяндады.(қосымша – 3)

          Күн тәртібінде қарастырылған бесінші мәселе бойынша ДТІЖО Құрманбаева Жанар сөз алды. Қамқоршылық кеңестің жиналысы бастылмастан бұрын ата-аналармен мектеп-интернат асханасына зерделеу жұмысын жасады. Оқушылар асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылап өтті. сыртқы халат киіп, асхана бөлмелерін аралап шықты. Тамақтың сапасы мен дәмін, мөлшерін талапқа сай болуын басты назарда ұстап, өз көздерімен көріп қана қоймай, дәмін татып та көріп, дәмді екендігін айтып, жылы лебіздерін ұсыныс дәптерін жазып кеткендігін мәлімдеді.

          Әр түрлі мәселелер бойынша ата-аналар комитетінің төрағасы, Қамқоршылық кеңестің мүшесі Тоғысбаев Өсербай мырза ата-аналарды бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды. Қамқоршылық кеңес мүшесі Дәуренбекова Раиса апай ұжымға алғысын білдірді.

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

  1. Оқу-тәрбие үдерісінде білім сапасын көтеру мақсатында қосымша сабақтар ұйымдастырылсын, оқуда жетістік көрсеткен оқушылар мен жетекшілері марапатталсын;
  2. Тәрбие бағытында ұйымдастырылған іс-шараларға ата-аналар тарапынан қолдау көрсетілсін, белсенділік танытылсын;
  3. Қамқоршылық кеңесі тарапынан мектеп-интернат білім алушыларына өз дәрежесінде қызмет ету қолға алынсын;
  4. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі әкімшілік тарапынан бақылауға алынсын.

     Хатшы:          Құрманбаева Ж.

 

 

 

Жаңалықтар

Байланыс

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
    31 Sypatai batyr street, Taraz
  • +7(7262)577466

Сурет галереясы