Қазақ тілді сайттар

Мектеп-интернат асханасы бойынша мәлімет Мектепішілік бақылау Ас мәзірі басты назарда мектеп асханасы мен жатақхана жұмысын тексеру қорытындысы Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты бойынша мектеп асханасының жұмысын тексеру қорытындысы Хаттама №2 Асхананы тексерудің хаттамасы АСХАНАНЫ ТЕКСЕРУДІҢ ХАТТАМАСЫ Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру туралы АКТ № 1 ТАМАҚТАНУ САПАСЫНА БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ АКТІСІ №2 Бракеражды комиссия мүшелерінің лицей-интернат асханасын бақылау шарасының ХАТТАМАСЫ №2

Бракеражды комиссия мүшелерінің лицей-интернат асханасын бақылау шарасының ХАТТАМАСЫ №2

Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты

Бракеражды комиссия мүшелерінің лицей-интернат асханасын бақылау шарасының ХАТТАМАСЫ №2

Күні: 14 қараша 2023 жылы

Бақылау түрі: мектепішілік жоспарға сай ағымдық бақылау

Бракеражды комиссия құрамы:

Комиссия төрайымы: Лицей-интернат директоры - М.Т.Бегімбай, комиссия мүшелері: ДОІЖО -  Г.І.Сегізбаева, ДШІЖО - Б.Танкибаева, ДТІЖО – Ж.М.Құрманбаева, «Қамқоршылық кеңесінің» төрағасы - Ғ.Есбаев, «Қамқор ана» аналар академиясының төрайымы - П.Козбекова, «Қамқор ана» аналар академиясының мүшесі - А.Абжапарова, Ата-ана комитетінің мүшесі -                                        М.Айдаркулова, «Қамқоршылық кеңесі» мүшесі - Ф.Карабаева, мектеп медбикесі - Қ.Мамбетиярова, әлеуметтік педагог -                                                       А.Әзімхан, хатшы - Г.Рустембекова.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН МӘСЕЛЕ:

  1. Лицей-интернат оқушыларының ыстық тамақпен қамтамасыз етілу барысы;
  2. Лицей-интернат асханасының жай-күйі, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілу жағдайы;
  3. Әр түрлі мәселелер...

ТЫҢДАЛДЫ:

 

Күн тәртібінде қарастырылған бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Сегізбаева Гүлфазира Ілиясқызы сөз алды. Ол өз сөзінде мектепішілік бақылауға сәйкес бракеражды комиссия мүшелері бірлескен түрде лицей-интернат асхана жұмысы барысын зерделеу жасалатындығына тоқталды. Мақсаты: оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілу барысын бақылау, ас мәзірін дайындау, сақтау, санитарлық-гигиеналық жағдайын қадағалау көзделді. Сондай-ақ, бракеражды комиссия құрамымен таныстырып өтті. Атап айтқанда, комиссия төрайымы: Лицей-интернат директоры - М.Т.Бегімбай, комиссия мүшелері: ДОІЖО – Г.І.Сегізбаева, ДШІЖО - Б.Танкибаева, ДТІЖО - Ж.М.Құрманбаева, «Қамқоршылық кеңесінің» төрағасы - Ғ.Есбаев, «Қамқор ана» аналар академиясының төрайымы - П.Козбекова, «Қамқор ана» аналар академиясының мүшесі - А.Абжапарова, Ата-ана комитетінің мүшесі - М.Айдаркулова, «Қамқоршылық кеңесі» мүшесі - Ф.Карабаева, мектеп медбикесі - Қ.Мамбетиярова, әлеуметтік педагог -                                                       А.Әзімхан, хатшы - Г.Рустембекова.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Құрманбаева Жанар Мейірбекқызы асханаға, ас блогына келесі параметрлер бойынша тексеріс жүргізілгендігін тілге тиек етті. Атап айтқанда,

  • Объектінің қолданыстағы талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы;
  • Тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру шарттары;
  • Күнделікті мәзірдің перспективалық мәзірге сәйкестігі;
  • Асхананың жұмыс кестесінің сақталуы;
  • Сыныптар бойынша тамақтану кестесі мен тамақтану арасындағы аралықты сақтау;
  • Еркін мәзірге арналып бекітілген прайс;
  • Ауыз су режимін ұйымдастыру;
  • Дайын өнімнің сапасы;
  • Бақылаудағы тағамның болуы;
  • Тамақ ішуді ұйымдастыру
  • Отыратын орындар саны
  • Қол жуатын раковиналардың саны
  • Сабынның болуы
  • Кептіргіштердің болуы
  • Жиһаздың жағдайы
  • Үстелдерді өңдеуге арналған құрал;
  • Ас блогы үй-жайларының жай-күйі;
  • Өнімдерді сақтау шарттарын сақтау;
  • Тоңазытқыш жабдығының мақсаты туралы таңбалау                     
  • Термометрлердің болуы              
  • Тауар көршілестігін сақтау;
  • Ет, көкөніс, ұн, нан, пісіру цехын қадағалап, басты назарда ұстады.

Сондай-ақ, комиссия мүшелері аспазшыларымызбен тілдесіп, көңіл-күйі мен жұмысқа деген жауапкершілігі мен еңбектеріне алғыстарын білдірді. Тамақтың дәмін татып, астың дайындалу деңгейіне өз бағаларын білдірді. Құжаттар топтамасына тоқталып, тамақ өнімдерін жеткізушілермен жасалған шарттар, автокөлікке арналған хабарлама (азық-түлікті жеткізуге рұқсат беру), сертификаттар, сәйкестік туралы декларациялар, түскен өнімді өткізу мерзімі, келіп түскен өнімнің сапасы, нормаларға сәйкестігін де бір қарап, тексеріп шықты. Оқушылармен де тілдесіп, ас мәзіріне қатысты пікірін сұрады. Барлық қорытынды хаттамаланып, мөрленді. Белсенділік танытқан комиссия мүшелеріне әкімшілік тарапынан алғыс білдірілді.

ҰСЫНЫС:

1.  Асханада жабдықтар мен мүкәммалардың таңбалары жаңартылсын;

2. Оқушылар ыдыс-аяқпен қосымша толықтырылсын;

3. Ыдыс-аяқ жууға арналған техникалық автоматты машинамен қамтамасыз етіліп, ыдыс-аяқ жуатын апайларға қосымша көмек көрсетуге септігі тиетіндей жағдай жасалсын;

4. Оқушылардың асханаға кіру кезегі мен реттілігін сақтауда арнайы кезекшілік ұйымдастырылуы қолға алынсын, әкімшілік тарапынан қадағалансын.

 

 

 

Лицей-интернат директоры:                        М.Т.Бегімбай

                        Хатшы:                                                 Г.Рустембекова         

                                                                                                                                                            

 

Бракеражды комиссия мүшелерінің лицей-интернат асханасын бақылау шарасынан көріністер

 

 

Жаңалықтар

Байланыс

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
    31 Sypatai batyr street, Taraz
  • +7(7262)577466

Сурет галереясы