Тараз қаласы, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған
мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты
Қамқоршылық кеңесі жиналысының
№1 Х А Т Т А М АСЫ
2023-2024 оқу жылы
Тараз қаласы Күні: 7 қыркүйек, 2023жыл
сағат: 18:00
Қатысқандар:
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР:
1. Лицей-интернаттың 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары, орындалу барысы, қорытынды есебін ұсыну;
2. Лицей-интернаттың 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру;
3. Қамқоршылық кеңестің төрағасы/төрайымы және мүшелерін қайта сайлау туралы;
4. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі;
3. Әр түрлі мәселелер т.с.с.
ТЫҢДАЛДЫ:
Қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысында лицей-интернат директоры – Бегімбай Меруерт Тілектесқызы сөз алды. Ол ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, табысты жыл болуына бірге жұмыс жасауға шақырды.
Күн тәртібінде қарастырылған бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Құрманбаева Жанар Мейірбекқызы сөз алды. Ол өз сөзінде 2022-2023 оқу жылында оқу-тәрбие ұдерісіндегі іс-шаралардың орындалу барысы мен сараптамасын ұсынды.
Күн тәртібінде қарастырылған екінші мәселе бойынша директордың қоғамдық істер жөніндегі орынбасары – Игенбаев Нұржан ағай сөз салды. Ол өз сөзінде лицейіміздің ашылуына 30 жыл толуына орай «30 жыл – 30 бастама» айдарымен жүзеге асырылуға бағытталған іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Күн тәртібінде қарастырылған үшінші мәселе бойынша лицей-интернат директоры М.Т.Бегімбай сөз алды. Ол өз сөзінде өткен оқу жылындағы кеңес төрайымы Имангалиева Гауһар апайымыздың жұмыс бабына орай ауысқандығын ескеріп, кеңес төрағасы немесе төрайымын сайлау керектігін ортаға салды. Ата-ана ұсыныстары тыңдалды. Қамқоршылық кеңес мүшелері дауыс беру арқылы өз үміткерлерін ұсынып жатты. Комитет мүшелері бірауыздан Есбаев Ғани ағайды Қамқоршылық кеңестің төрағасы лауазымына лайықты деп танылды.
Күн тәртібінде қарастырылған төртінші мәселе бойынша ем-дәмбике Исахмет Динара сөз алды. Ол өз сөзінде бір күндік оқушының нормаға сәйкес тамақ менюі бойынша кестесін ата-аналар назарына ұсынды. Оқушылардың күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі:
- Лицей-интернат асханасының жабдығы мен инвентарларының жағдайы мен саны СанЕжН талаптарына сай;
- Тамақ әзірлеуге арналған технологиялық құралдары бар, талапқа сай.
- Асхана инвентарлары белгіленген, талаптарға сай сақталуда.
- Ауа температурасын өлшеу құралы бар, ылғалдық өлшеу құралы жоқ. Азық-түліктің келу күні мен оның пайдалану мерзімдері жайлы ақпарат бар.
- Жуу және дезинфекция жүргізу құралдары нормаға сай жұмсалады. Жуу және дезинфекция жүргізу құралдарын босату жөнінде журналы бар.
- Жуу және кептіру ережелері Сан Пин талаптарына сай;
- 10-күндік болжам менюі бар, тамақ салмағы көрсетілген; күнделікті меню директормен бекітілген; меню құрамына: ет, сүт тағамдары, балық, ірімшік, жұмыртқа, шырын, кондитерлік тағамдар, нан тағамдары, көкөністер мен жемістер:
- Азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттары бар;
- Тағамның өндірілуі бекітілген технологиялық карта мен рецепттер жиынтыққа сай;
- Дайын өнімнің бағасы - «жақсы». Иісі, түсі, консистенциясы бекітілген рецептураға сай екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, күн тәртібінде қарастырылған әр түрлі мәселелер аясында ата-аналар пікірі тыңдалынды, арнайы ұсыныстар мен сұраныстар жазылып алынды. Атап айтқанда, Алпысбаев Мэлс ағай ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында арнайы «Домбыра – әр сыныпта» айдарымен домбыра тартуға баулу, ата-аналар арасында бірлескен жұмыстарды жасау, жүйелеу сынды пікірлер білдірілді. Ата-аналар тарапынан оқушылардың сапалы тамақтануына қолдау көрсету мақсатында ыстық тамақ құнының мөлшері 10 000 теңгеден – 15 000 теңгеге өсіру керек деген ұсыныс тасталды. Баланың денсаулығы мен физиологиялық дамуына жағдай жасауға ата-аналар тарапынан қолдау көрсетуге шақырды.
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Лицей-интернат директоры: М.Т.Бегімбай
Хатшы: Ж.М.Құрманбаева
Қамқоршылық кеңес отырысынан фото мәліметтер