Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты
Аналар академиясының бастамасымен ұйымдастырылған
«МЕЙІРІМДІ ӘЛЕМ» атты қайырымдылық шарасының
АНЫҚТАМАСЫ
Орны: Айша бибі БИЛ
Жауапты: Тәрбие бөлімі, Аналар академиясы.
Күні: 27.10. 2021 ж
Қатысқандар: 7-11 сынып ата-аналары
Қолы ашықтың, жолы ашық
(Халық даналығы)
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында 27 қазан «Аналар академиясының» ұйымдастыруымен «Мейірімді әлем» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: ата-аналар арқылы оқушылардың бойына ізгілік пен жақсылықтың дәнін егу, адамгершілікке баулу, мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушы-ата-ана арасындағы Үштік Одақтың байланысын нығайту көзделді. Сондай-ақ, қайырымдылық іс-шарасынан түскен қаражат Сапарнияз Алтынайдың еміне жұмсалатыны туралы ақпарат берілді. Мерекелік бағдарлама лицей-интернат директоры – Бегімбай Меруерт Тілектесқызының құттықтауымен басталды. Аналар академиясының төрайымы – Имангалиева Гауһар, «Қамқоршылық кеңесінің» мүшесі – Дәуренбекова Раиса апай ата-аналық ақ тілегін арнаса, директордың қоғамдық істер жөніндегі орынбасары – Игенбаев Нұржан ағай қайырымдылық іс-шарасына белсенді қатысып жатқан ата-аналарға алғысын білдірді. Іс-шара «Айша бибі арулары» би үйірмесінің қыздары «Қазақ аруы» биін орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Сондай-ақ, 8 «Б» сынып оқушылары «Мейірімділік шуағы» тақырыбында өлең шумақтарын арнады, 7 «Б» сынып оқушылары «Дәстүрлі әндер» топтамасымен ән арнаса, 8 «С» сынып оқушылары замануи биімен жәрмеңкеге келушілерге көңілді күй сыйлады. Мерекелік бағдарлама аясында жүргізуші қыздарымыз – Жанұзақ Еңлік пен Жұмабек Камилла «бүгінгі қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен барлық қаражат Сапарнияз Алтынайдың еміне жұмсалады. Алтынайға церебральді киста диагнозы қойылып, қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр. Алтынай қызымыздың дертіне дауа табылып, тез сауығып кетуіне шынайы тілектестігімізді білдіреміз» деп ізгі ниетімізді білдіріп отырды.