Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты
2023-2024 оқу жылы
Мектепішілік бақылау тақырыбы: «Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру» туралы
АКТ № 1
Мектепішілік бақылау мерзімі: 04.09.2023 ж
Мектепішілік бақылау мақсаты: Асхананың 2023-2024 жаңа оқу жылына дайындығы мен санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру, ас мәзірі тамақтың әзірлену барысын бақылау. "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сай санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуын бақылау.
Мектепішілік бақылауға жауаптылар: бракеражды комиссия құрамынан бөлек арнайы құрылған комиссия мүшелері
Мектепішілік бақылау нысаны: лицей-интернат асхана бөлімі
Мектепшілік бақылаудың қаралатын орны: әкімшілік кеңесте
Комиссия құрамы: директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары – Б.Танкибаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Г.Сегізбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ж.Құрманбаева, мектеп дәрігері – Н.Сейдалханова, жатақхана меңгерушісі – Т.Сейдіғали, педагог-психолог – А.Ережепова, ата-ана комитеті мүшесі, «Әкелер кеңесінің» мүшесі – М.Алпысбаев (Мектепішілік бұйрық 4-09-2023жылы № 93-Ө)
2023 жылдың қыркүйек айының 1 күні мектепішілік мониторинг жүргізу (бракераж) комиссиясы құрылып, мектеп асханасының жұмысын және санитарлық талаптардың орындалуы бақыланды.
Зерделеу барысында бақылауға алынған тақырыптар:
1. "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы сай құжаттардың тізбесі;
2.Лицей-интернаттың асхана бөліміндегі ыдыс-аяқтардың сапасы және нормасы;
3.Лицей-интернат асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайға сай болуы;
4. Лицей-интернат асхананың күнделікті астың ас мәзіріне (менюге) сай дайындалуы, тамақтың сапасы, нормаға сәйкестігі;
5. Лицей-интернат асханасындағы және қоймасындағы азық-түліктердің талапқа сай сақталу жағдайы;
6. Мердігерлермен құрылған келісім шарттардың талапқа сай орындалу барысы
Зерделеу кезінде анықталған жағдаяттар:
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сай санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы бақыланды. Лицей-интернат асханасының тазалығы қалыпты жағдайда, санитиарлық талаптарға сай жабдықталған. Күнделікті ас мәзірі бекітіліп ілінген. Тамақ ас мәзірі бойынша дайындалған, нормаға сәйкес. Тәуліктік ас сынамалары бар, яғни, сырттан келген ата-аналар және кезекші педагог қызметкерлер, сынып жетекшілер, әкімшілік мүшелері, бракераждық комиссия мүшелері бақылай алатын арнайы сынама ас мәзірі тоңазытқышқа қойылған. Лицей-интернат асханасының ыдыс-аяқтары жеткілікті, сапасы жақсы, сынық ыдыстар жоқ. Лицей-интернатта ыстық тамақ беру кезеңдері 2 ауысым бойынша рәсімделген, бақылаушы кезекші пелагог қызметкерлер, әкімшілік мүшелері арнайы бұйрықпен бекітілген. Арыз-шағым кітапшасы бар.
Бақылау және зерделеу барысынан шыққан қорытынды:
1. "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сай санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы үнемі бақылауда болуы ескерілген;
2. Лицей-интернат асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай екендігі байқалды;
3.Лицей-интернат асханасының ас мәзірі талаптары сақталған;
4.Лицей-интернат асхана қызметкерлері медициналық тексеруден өткен, санитарлық кітапша құжаттары бар;
5. Лицей-интернат асханаға қатысты пікір білдіруге арналған ұсыныс кітапшасы арналған;
6. Мердігерлермен құрылған келісім шарттардың талапқа сай орындалған.
Әкімшілік кеңес шешіміне берілген ұсыныстар барысы:
1. "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сай санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы басты назарда және басқаруда болсын. Жауапкершілік лицей-интернат ем-дәмбикесі – Д.Исахметке және бракеражды комиссия мүшелеріне жүктелінсін.
2.Асхананың құрал-жабдықтарының жағдайы қанағаттанарлық деп танылсын.
3. Лицей-интернат асханасының ас мәзірі (меню) ата-аналарға қолжетімді болу үшін «Күнделік kz» сайтына орналастырылсын.
4. Лицей-интернат асханасының ыстық тағамға арналған газды пешін жаңалау ұсынысы ескеріліп, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Б.Танкибаеваға жүктелсін.
Лицей-интернат директоры М.Т. Бегімбай
«Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру» кезеңінен көріністер