Қазақ тілді сайттар

Жиналыс хаттамасы Директордың есебі Директордың есебі-2020 Ыстық тамақ Жиналыс хаттамасы №1-2021-2022 «Әкелер кеңесі» жиналысы «Аналар академиясы» мен «Қамқоршылық кеңесі» отырысы «МЕЙІРІМДІ ӘЛЕМ» жәрмеңкесі Қамқоршылық кеңесі жиналысы Қамқоршылық кеңесі жиналысының №1 Х А Т Т А М АСЫ 2023-2024 оқу жылы «ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ» МҮШЕЛЕРІ/ҰЖЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ №2 Х А Т Т А М АСЫ 2023-2024 оқу жылы

Қамқоршылық кеңесі

«Аналар академиясы» мен «Қамқоршылық кеңесі» отырысы

Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты

«Аналар академиясы» мен «Қамқоршылық кеңесі» отырысы жиналысының

ХАТТАМАСЫ

Күні: 13.10.2021 ж

Жауапты: Тәрбие бөлімі

Орны: 103-кабинет

 

Күн тәртібінде қарастырылатын мәселелер:

  1. «Үштік Одақ: Мектеп ұжымы + Ата-ана + Балалар = Нақты нәтижелер» тақырыбында ақпараттық мәлімдеме жасау;
  2. «Ата-ана – ұлттың ұясы» Республикалық ата-аналар форумы туралы;
  3. Іс-шаралар жоспарын құру
  4. Әр түрлі мәселелер

 

Тыңдалды

Күн тәртібінде қарастырылған бірінші мәселе бойынша лицей-интернат директоры Бегімбай Меруерт тілектесқызы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде аналар академиясының құрылудағы мақсаты мен міндеті туралы айта кетіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Ата-анамен жұмыс жөнінде жауапты маман, биология пәнінің мұғалімі – Оңдасынова Дана «Үштік Одақ: Мектеп ұжымы + Ата-ана + Балалар = Нақты нәтижелер» тақырыбында баяндама жасап, арнайы ақпараттық мәлімдеме ұсынды. Бала тәрбиесінде отбасы, ата-ана тәрбиесінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, аналар кеңесінің жұмысы – отбасылық құндылықтарды сақтау, аналарды бала тәрбиесіне ат салысуға шақыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы іс-шараларға ата-аналарды белсенді араластыру. Сондай-ақ, аналар академиясының лицей-интернаттағы құқығы мен жұмыс жасау бағыттарын айқындап, таныстырды.

Күн тәртібінде қарастырылған екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Құрманбаева Жанар сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ата-аналарды «Ата-ана – ұлттың ұясы» Республикалық ата-аналар форумының бағдарламасымен таныстырып, форумға шақырды.

Күн тәртібінде қарастырылған үшінші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы – Дәуренбекова Раиса апай сөз сөйледі. Ол өз сөзінде бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі өте жоғары екендігін айта келіп, оны ешқандай тәрбиемен алмастыра алмайтындығын жеткізді. Сондай-ақ, аналар академиясымен жасалатын жұмыстардың жоспарын құруды қолға алатындығын жеткізді. Аптаның сәрсенбі күні аналар арасында волейбол турнирі, ағылшын, түрік тілі сабақтары, сенбі күні ас мәзірі үйірмесі ұйымдастырылатынын айтып, аналарды үздіксіз қатысып отыруға шақырды. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы – Байтакова Шолпан «Аналар академиясымен» бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды. Сондай-ақ, академия төрайымын сайлау жөнінде өз ұсынысын білдірді. Аналардың арнайы дауыс беру арқылы құрылып отырған «Аналар академиясының» төрайымы болып - Имангалиева Гауһар апай тағайындалды. Мектепішілік мәдени, спорттық, қоғамдық, ғылыми бағыттағы іс-шараларды бірге жүзеге асыруға шақырды. Алдағы үлкен «Мейірімді жүрек» қайырымдылық іс-шарасын бірлесе өткізуге шақырды. 

 

Шешім етеді

«Аналар академиясының» жұмыс жоспарындағы іс-шаралар жоғары дәрежеде ұйымдастырылсын;

Аналар академиясының мүшелері белсенді жұмыс жасасын, өзге аналарды қатыстыруға, белсенділік танытсын;

Қадағалау мен бақылау сынып жетекшілерге табысталсын.

 

 

Жаңалықтар

Байланыс

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
    31 Sypatai batyr street, Taraz
  • +7(7262)577466

Сурет галереясы