Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатының ата-аналар жиналысы хаттама көшірмесі
1 желтоқсан 2017 жыл
Барлығы: 33 ата-аналар комитеті
Қатысқаны: 22
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
Тыңдалды:
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатында орта білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары» бұйрығымен мектеп-интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.И.Сегізбаева таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мәліметтерді, деректерді жинау туралы есеп нысанын толтыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша талдамалық анықтаманың мазмұны бойынша түсініктеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары, ведомствоға бағынысты ұйымдар, сондай-ақ қызметін үйлестіруді жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау бойынша есеп нысаны (бұдан әрі – Есеп нысаны) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Есеп нысанын жүргізудің басты міндеті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелерінің мониторингі болып табылады.
3. Есеп нысанын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдіктері, ведомствоға бағынысты ұйымдар, сондай-ақ қызметін үйлестіруді жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар толтырады және талдамалық анықтамамен бірге тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-ыншы күніне дейін Агенттікке және оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына ұсынады.
4. Есеп нысанына облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының басшылары, ал олар болмаған жағдайда олардың міндетін атқарушы адамдар қол қояды.
2-тарау. Есеп нысанын толтыру бойынша түсініктеме
§ 1-параграф. Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат
5. Есеп нысанының 1-тармағында есептік кезеңде жүргізілген бақылау іс-шараларының жалпы саны туралы сандық деректер көрсетіледі (1.1 және 1.2-тармақтарының сомасы).
6. Есеп нысанының 1.1-тармағында бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес есептік кезеңде жүргізілген бақылау іс-шараларының саны туралы сандық деректер көрсетіледі.
7. Есеп нысанының 1.2-тармағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері бойынша есептік кезеңде жүргізілген бақылау іс-шараларының саны туралы сандық деректер көрсетіледі.
8. Есеп нысанының 2, 2.1, 2.2, 2.3 және 2.4-тармақтарында бақылау іс-шаралары объектілерінің жалпы саны туралы, оның ішінде объектілердің түрлері бойынша сандық деректер көрсетіледі.
9. Есеп нысанының 3, 3.1, 3.2, 3.3, 3.4 және 3.5-тармақтарында есептік кезеңде анықталған бұзушылықтардың жалпы саны туралы, оның ішінде бұзушылықтардың түрлері бойынша сандық деректер көрсетіледі.
10. Есеп нысанының 4-тармағында қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданған бұзушылықтардың жалпы саны туралы сандық деректер көрсетіледі.
11. Есеп нысанының 5-тармағында мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген адамдардың жалпы саны туралы сандық деректер көрсетіледі.
12. Есеп нысанының 6-тармағында бақылау іс-шаралары барысында есептік кезеңде шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуының жалпы саны туралы сандық деректер көрсетіледі.
13. Есеп нысанының 7, 7.1, 7.2, 7.3, 7.4, 7.5 және 7.6-тармақтарында есептік кезеңде бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың жалпы саны туралы, оның ішінде тәртіптік жазалардың түрлері бойынша сандық деректер көрсетіледі.
14. Есеп нысанының 8, 8.1, 8.2, және 8.3-тармақтарында есептік кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың жалпы саны туралы, оның ішінде осындай адамдар бойынша сандық деректер көрсетіледі.
15. Есеп нысанының 9, 9.1 және 9.2-тармақтарында есептік кезеңде бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың жалпы саны туралы, оның ішінде орындалған және орындалмаған ұсыныстар бойынша сандық деректер көрсетіледі.
Бізде атқарылатын қызметтер «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін стандарты алынып тасталынды деп атап көрсетті;
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты. Көрсетілетін қызметтерде жазылатын өтініштің стандартқа сәйкес келуін және берілетін қолхат, сонымен бірге аттестат жоғалған жағдайда берілетін телнұсқаның рәсімделуі туралы айтылып өтті. Барлық сынып жетекшілер мен қатысушылар, ата-аналар төрағалары мемлекеттік көрсетілетілетін қызметте атқарылатын жұмыстар туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Шешім етеді:
КӨШІРМЕНІ РАСТАЙМЫН
Мектеп-интернат директоры Ж.С.Саттар
Хатшы Ғ.Нұрмаш