Қазақ тілді сайттар

Жиналыс хаттамасы Директордың есебі Директордың есебі-2020 Ыстық тамақ Жиналыс хаттамасы №1-2021-2022 «Әкелер кеңесі» жиналысы «Аналар академиясы» мен «Қамқоршылық кеңесі» отырысы «МЕЙІРІМДІ ӘЛЕМ» жәрмеңкесі Қамқоршылық кеңесі жиналысы Қамқоршылық кеңесі жиналысының №1 Х А Т Т А М АСЫ 2023-2024 оқу жылы «ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ» МҮШЕЛЕРІ/ҰЖЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ №2 Х А Т Т А М АСЫ 2023-2024 оқу жылы

Қамқоршылық кеңесі

«Әкелер кеңесі» жиналысы

Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты

«Әкелер кеңесі» мен «Қамқоршылық кеңесі» отырысы жиналысының

ХАТТАМАСЫ

Күні: 01.10.2021 ж

Жауапты: Тәрбие бөлімі, директордың қоғамдық істер жөн.орынбасары – Игенбаев Н.

Орны: 103-кабинет

 

Күн тәртібінде қарастырылатын мәселелер:

  1. «Әкелер кеңесі – тәрбиенің алтын діңгегі» тақырыбында ақпараттық мәлімдеме жасау;
  2. «Әке жолы – ізгі жол» республикалық әкелер апталығын қорытындылау;
  3. Іс-шаралар жоспарын құру
  4. Әр түрлі мәселелер

 

Тыңдалды

Күн тәртібінде қарастырылған бірінші мәселе бойынша директордың қоғамдық істер жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі – Игенбаев Н.сөз сөйледі. Ол өз сөзінде «Әкелер кеңесі – тәрбиенің алтын діңгегі» тақырыбында баяндама жасап, арнайы ақпараттық мәлімдеме ұсынды. Бала тәрбиесінде отбасы, ата-ана тәрбиесінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, әкелер кеңесінің жұмысы – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелерді бала тәрбиесіне ат салысуға шақыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы іс-шараларға ата-аналарды белсенді араластыру. Сондай-ақ, әкелер кеңесінің лицей-интернаттағы құқығы мен жұмыс жасау бағыттарын айқындап, таныстырды.

Күн тәртібінде қарастырылған екінші мәселе бойынша түрік тілі пән мұғалімі – Өнел Құдірет ағай сөз сөйледі. Ол өз сөзінде републикалық әкелер апталығының орындалу барысы мен әкелердің қатысу көрсеткішіне талдау жасады. Үздік қатысқан ата-аналарды арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Күн тәртібінде қарастырылған үшінші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің төрағасы – Алпысбаев Мелс ағай сөз сөйледі. Ол өз сөзінде бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі өте жоғары екендігін айта келіп, оны ешқандай тәрбиемен алмастыра алмайтындығын жеткізді. Сондай-ақ, әкелер кеңесімен жасалатын жұмыстардың жоспарын құруды қолға алатындығын жеткізді. Аптаның сейсенбі-бейсенбі күндері әкелер арасында волейбол турнирі ұйымдастырылатынын, әкелердің үздіксіз қатысып отыруға шақырды.

Әкелердің арнайы дауыс беру арқылы құрылып отырған «Әкелер кеңесінің» төрағасы болып Сапаралиев Арай ағай тағайындалды. Мектепішілік мәдени, спорттық, қоғамдық, ғылыми бағыттағы іс-шараларды бірге жүзеге асыруға шақырды.

 

Шешім етеді

«Әкелер кеңесінің» жұмыс жоспарындағы іс-шаралар жоғары дәрежеде ұйымдастырылсын;

Әкелер кеңесінің мүшелері белсенді жұмыс жасасын, өзге әкелерді қатыстыруға, белсенділік танытсын;

Қадағалау мен бақылау сынып жетекшілерге табысталсын.

 

 

Жаңалықтар

Байланыс

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
    31 Sypatai batyr street, Taraz
  • +7(7262)577466

Сурет галереясы