Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты
Қамқоршылық кеңесі жиналысының
ХАТТАМАСЫ №1
Ұйымдастырушы: Айша бибі БИЛ әкімшілік ұжымы
Күні: 15.09.2021 ж
Қатысқандар: 7-11 сынып ата-аналар комитеті төрағасы/төрайымы, кеңес мүшелері
Күн тәртібінде қарастырылатын мәселелер:
Тыңдалды:
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты директоры Бегімбай Меруерт Тілектесқызы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде лицей-интернаттың даму жоспары мен жылдық жұмыстары туралы ой бөлісті.
Күн тәртібінде қарастырылған бірінші мәселе бойынша, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманбаева Жанар сөз сөйледі. Ол өз сөзінде 2020-2021 оқу жылының оқу-тәрбие үдерісінің есебімен таныстырды. Жалпы 46 түлектің мемлекеттік грантты иеленгені – 35 оқушы, 76,1% құрайды. ҰБТ орталама балы - 102,4 балл. Сондай-ақ, облыстық пәндік олимпидаға 60-тан астам оқушы қатысып, 37 оқушы жеңіс тұғырынан көрініп, 12 оқушы Республикалық пәндік олимпиадаға жолдама алды. Жалпы пәндік олимпиада мен жасөспірімдер олимпиадасынан орын алған 12 оқушы арнайы қаржылай сертификат иегері атанғанын жеткізді. (қосымша слайдта)
Күн тәртібінде қарастырылған екінші мәселе бойынша директордың шет тілдері жөніндегі орынбасары 2021-2022 оқу жылы жоспарымен таныстырды. Ол өз сөзінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ академиялық жылдық жұмыс жоспарына сай оқылатын қосымша сабақтар мен олимпиадаға дайындық сабақтары, курстары, PBL жоба негізінде білім беру жүйесі жайында сөз қозғады. (қосымша слайдта)
Күн тәртібінде қарастырылған үшінші мәселе бойынша директордың қоғамдық істер жөніндегі орынбсары Игенбаев Нұржан ағай сөз сөйледі. Ол өзі сөзінде «Әкелер кеңесі» мен «Аналар кеңесі» құрылу деңгейі мен жұмыс жасау бағыттары: денсаулық, кәсіби, қоғамдық, тұлғалық бойынша іс-әрекет жасайтындығын жеткізді.
Күн тәртібінде қарастырылған төртінші мәселе бойынша директордың қоғамдық істер жөніндегі орынбсары Игенбаев Нұржан ағай сөз сөйледі. Ол өз сөзінде «Ата-аналарға арналған мектеп» жобасы бойынша ата-аналармен жасалатын іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Күн тәртібінде қарастырылған бесінші мәселе бойынша «Құндылыққа негізделген мектеп» жобасы туралы ДТЖО Жиенбай Амина сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жоба туралы тереңінен таныстыра отырып, құндылықтар жүйесінің адамзат баласының өмірінде алар орнына тоқталды.
Күн тәртібінде қарастырылған алтын мәселе бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы – Дәуренбекова Раиса сөз алды. Ол өз сөзінде лицей-интернат жатақханасына қатысты күрделі жөндеу жұмыстарын жасау керектігін тілге тиек етті.
Шешім етеді:
Ата-аналар комитеті жиналысынан көріністер