Күні: 24.12.2021
Жауапты: комиссия мүшелері
Күн тәртібінде қаралатын мәселе:
Тыңдалды:
24.12.2021 жылы төмендегі қол қойғандар, лицей-интернат асханасының жұмысын тексерді. Тексеріс барысында келесілер анықталды:
- Лицей-интернат асханасының жабдығы мен инвентарларының жағдайы мен саны СанЕжН талаптарына сай;
- Тамақ әзірлеуге арналған технологиялық құралдары бар, талапқа сай.
- Асхана инвентарлары белгіленген, талаптарға сай сақталуда.
- Ауа температурасын өлшеу құралы бар, ылғалдық өлшеу құралы жоқ. Азық-түліктің келу күні мен оның пайдалану мерзімдері жайлы ақпарат бар.
- Жуу және дезинфекция жүргізу құралдары нормаға сай жұмсалады. Жуу және дезинфекция жүргізу құралдарын босату жөнінде журналы бар.
- Жуу және кептіру ережелері Сан Пин талаптарына сай;
- 10-күндік болжам менюі бар, тамақ салмағы көрсетілген; күнделікті меню директормен бекітілген; меню құрамына: ет, сүт тағамдары, балық, ірімшік, жұмыртқа, шырын, кондитерлік тағамдар, нан тағамдары, көкөністер мен жемістер:
- Азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттары бар;
- Тағамның өндірілуі бекітілген технологиялық карта мен рецепттер жиынтыққа сай;
- Дайын өнімнің бағасы - «жақсы». Иісі, түсі, консистенциясы бекітілген рецептураға сай.
- Аспазбен тағамның тәуліктік сынағы жүргізіледі, сақталу ережесі нормаға сай.
- Асхана жұмыскерлері мен асханаға кіруге рұқсатыы бар тұлғалардың жеке бас гигиеналары санитарлық ережелер мен нормативтерге сай;
- Еңбекті қорғау ережелері сақталған, өрт және электр қауіпсіздігіне арналған құрал-жабдықтары бар.
Шешім етеді:
Оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі санитарлық талаптарға сай деп танылсын;
Оқушылардың сұраныстары қанағаттандырылсын;
Комиссия төрайымы: М.Т.Бегімбай
Комиссия мүшелері: Г.Сегізбаева
Ж.Құрманбаева
Мамбетиярова Қ.
М.Алпысбаев
Ибраймова А.
Исахмет Д.