Ыстық мекен, алтын ұя-мектебім.
Сен арқылы білім алып көктедім.
Өзің берген күш-қуаттан нәр алған
Сағынышпен кездесіп тұр түлегің!
Армысыздар, құрметті ұстаздар, түлектер және қонақтар!
Есімде мәңгі қалдың да,
Жүректе ән боп жандың ба?
Есейіп бүгін кетсек те,
Шәкіртпіз ұстаз алдында!
Сенен шыққан талай ғалым, дана да,
Мейірімі мол, жаны таза ұстаз да
20 жылда өсіп-өніп түлегің
Кездесуге келіп қалды асыға.
Уақыт деген зымырап өтуде.