Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты бойынша мектеп асханасы мен жатақхана жұмысын тексеру қорытындысы
Хаттама №1
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты 2021-2022 оқу жылына арналған «Лицей-интернат асханасын бақылау жұмыс жоспары» жылдық жоспарына сәйкес қазан айының 8 жұлдызында комиссия мүшелері оқушылар жатақханасы мен асханасының санитарлық-гигиеналық талапқа сай болуын және оқушылардың ыстық тамақпен қамту барысын тексеру және бақылау мақсатында зерделеу жұмысын жүргізді. Комиссия мүшелері: медбике – Мамбетиярова Қ., емдәмбике – Исахмет Д., педагог-ұйымдастырушы – Ибраимова А., ДТЖО – Құрманбаева Ж., ДБІЖО – Естайбекова Г. оқушыларға ыстық тамақтың берілу барысын қадағалап, дәмін татып, пісірілу, дайындалу үдерісінің талапқа сай орындалғандығын бақылады. Оқушылармен тілдесіп, ас мәзірі туралы ой-пікірлерін білді. Сондай-ақ, жатақхана жай-күйі мен оқушының жағдайын тексерді.
Күні: 08.10.2021 жыл
Комиссия төрайымы: М.Т.Бегімбай
Комиссия мүшелері: Ж.Құрманбаева
Қ.Мамбетиярова
Д.Исахмет
А.Ибраимова
Г.Естайбекова
Мектеп асханасы мен жатақхана жұмысын тексеру қорытындысынан көріністер