Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты
«Әуені бөлек бал ғұмыр» атты түлектер күнінің бағдарламасы
9 «А» биі
7 «А» әні
11 «А» Ұланбасы Аманжол Райханның сөзі
8 «С» биі Пираты
10-сынып. Сахналық қойылым «Ару Айша»
10 «А» ән Еркежан
10 «Б» ойын
9 «С» КТА
8 «А» Сымбат күйі
8 «Б» сыныбының видеосы
8 «А» Жаңа жылдық биі
Фан-фар.
Би 9 «А» сыныбы
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті түлектер, оқушылар, ұстаздар! Лицей-интернатымызда жалғасын тапқан «Әуені бөлек бал ғұмыр» атты түлектер күнінің мерекелік бағдарламасына қош келдіңіздер!
Түлектер күнінің мақсаты – арнайы «Түлектер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігін құру. Міндеті: түлектердің мектеп-интернат оқушыларының білім алуына, оқу-тәрбие үдерісінің дамуына өз үлестерін қосу, қолдау көрсету, алдыңғы толқын ретінде өскелең ұрпаққа сөзімен де, ісімен де үлгі көрсету. Жобадан күтілетін нәтиже: туған жерге, өскен ортаға, ұстазға деген құрметі жоғарылайды, өзі бағындырған белесімен өзгелерге үлгі бола алады.
Ендеше бүгінгі мерекелік бағдарламаны ашу үшін лицей-интернатымыздың директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлын сахна төріне шақырамыз.
Жүргізуші:
Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп, болашақты жасайтын білімді жастар бағалайды. Осы мақсатта лицей-интернатымызды 2018 жылға дейін 717 түлек бітірсе, олардың ішінде «Алтын белгі» иегерлері - 100, «Үздік аттестат» - 135, облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері - 296, ғылыми жоба жарысының жүлдегерлері - 90, халықаралық олимпиада - 38, республикалық пән олимпиадасы - 40, республикалық ғылыми жоба - 14. Соңғы 10 жыл ішінде лицей-интернат оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарында үздік көрсеткіштер көрсетті.
Жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән шашу әсем бимен, түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады-,демекші 9 а сыныбын өздерінің керемет биімен ортаға шақырамыз
Жүргізуші: 7 «А» сынып оқушылары Альбина мен Жасминнің орындауындағы «Балқадиша» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Ендігі кезекте, лицейіміздің ұланбасы Аманжол Райханды өзінің мерекелік құттықтау сөзімен қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән шашу әсем бимен, түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады-,демекші 8 «С» сыныбын Пираты биімен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Лицей-интернатымыздың тарихында алғаш рет драма үйірме өз жұмысын бастады. Бұл дара жұмысты ұйымдастыруда Жамбыл облыстық драма театрының сахна саңлағы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген Халық әртісі Рахымжанова Мәкен Рахымжанқызына алғыс білдіреміз. Ендеше өнерлі қыздардың қатысуымен алғаш рет қойылып жатқан «Ару Айша» сахналып қойылымын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Облыстық, республикалық ән байқауларының жеңімпазы 10 «А» сынып оқушысы Төленбек Еркежанның орындауындағы «Мерекем» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Олай болса қыздарымыздың ұйымдастыруымен тамаша ойынға кезек берейік. Ол үшін сахнаға 10 б сынып қыздарын шақырамыз.
Жүргізуші: Әзілі мен ақылы жарасқан аймақтық көңілді тапқырлар лигасында «Ең белсенді команда» номинациясымен марапатталған «Билбинго» командасын кезекті қойылымымен сахна төріне шақырамыз.
Жүргізуші: Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра демекші «Үкілі домбыра» үйірмесінің мүшесі Сымбаттың орындауындағы «Келіншек» күйін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Ендігі кезекте, 8 «Б» сыныбының видеосын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Сіздердің көңілдеріңізді көтеру үшін, 8 «А» сыныбының жаңа жылдық биімен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, түлектер, ұстаздар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет! Келесі кездескенше аман сау болыңыздар, қуанышты күндерде жүздесе берейік!