Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты
Лицей-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлының Қамқоршылық кеңесінің алдында есеп беру жиналысының
№2 ХАТТАМАСЫ
Күні: 05.02.2020 ж
Қатысқандар: 17
Қатыспағандар: 1
Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
ТЫҢДАЛДЫ
Қамқоршылық кеңесінің жиналысы ДТІЖО Құрманбаева Жанардың алғысөзімен басталды. Ол күн тәртібінде қарастырылатын мәселелермен таныстырды.
Күн тәртібінде қарастырылған бірінші мәселе бойынша лицей-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлы сөз алды. Ол өз сөзінде жалпы 2018-2019 оқу жылының лицей-интернат оқушыларының білім сапасы мен үлгерімі, ҰБТ қорытындысы, ата-аналармен жасалған іс-шаралар туралы, білім-ғылым, спорт-өнер саласында жеткен жетістіктер мен бағындырған белестер, материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша нәтижелер туралы мәліметпен таныстырды. (слайд 33 бет)
Күн тәртібінде қарастырылған екінші мәселе бойынша директордың шет тілдері жөніндегі орынбасары Тұрсынәлиев Жандос Амалбекұлы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде білім, спорт-өнер бағыттары бойынша жарыс қорытындыларымен таныстырды. Сондай-ақ, 5-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі, орыс тілі, математика пәндері бойынша облыстық «ДАРЫН» олимпиадасы жайында айта кетті. (слайд 8-9)
Күн тәртібінде қарастырылған үшінші мәселе бойынша директордың ДТЖО Құрманбаева Жанар сөз алды. Ол өз сөзінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ-ның дайындаған «Құндылықтар негізінде мектеп» бағдарламасы аясында жасалынған іс-шараларға тоқталды. Атап айтқанда, «ҚҰРМЕТ АЙЫ» қазан айында лицей-интернат ұжымы «Қартқа бізден құрмет бар...» қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Сондай-ақ, лицей-интернат ұйымдастыруымен облыстық семинарлар «Тәрбие берудегі жоғары сапа және көшбасшылық» іс-тәжірибе тарату семинары, «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ әдебиеті сабағын оқытудың жолдары» тақырыбындағы шеберлік сынып, «Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістері» тақырыбында жас мамандарға шеберлік сыныбы өткізілгендігін мәлімдеді.
Күн тәртібінде қарастырылған төртінші мәселе бойынша тәрбие бағыты бойынша ата-аналармен жасалған іс-шаралар топтамасымен таныстырды. Тәрбие жоспарына сәйкес түрлі кездесу, дөңгелек үстел, мәдени-спорттық іс-шаралар жүргізілгендігін хабарлады. (слайд 11, 15-20)
Күн тәртібінде қарастырылған ыстық тамақпен қаматамасыз етілуі, барысы, жай-күйі туралы емдәмбике Исахмет Динара сөз алды. Ол өз сөзінде ыстық тамақпен қамтамасыз етілу өз дәрежесінде талапқа сай жүргізіліп отырғандығын жеткізді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 ж 16 тамыз №611бұйрығына сәйкес ас мәзірі меню талаптары жасалып отырғандығын мәлімдеді. Осы уақытқа дейін ата-аналар, оқушылар тарапынан ешқандай арыз-шағымдар түспегендігін тілге тиек етті. Қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен жасалған зерделеу жұмысында асхана қызметіне оң баға алып отырғандығын жеткізді.
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ