Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында наурыз айының 31 жұлдызында ата-аналар комитеті мүшелері мен Қамқоршылық кеңесі мүшелері бас қосты. Жиналыс жасаудың басты мақсаты: лицей-интернат асханасының жағдайы, оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілу барысын зерделеу болды. Кеңес мүшелері лицей-интернат асханасы мен оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу барысын тексеріп шықты. Сондай-ақ, азық-түлікпен қамтамасыз етіліп отырған жеке кәсіпкермен тілдесіп, өз сауалдарын қойып, сұрақтарына жауап ала алды. Таңғы, түскі, кешкі ас мәзірімен танысып, асхананың жай-күйімен, дайындық барысын бақылап шықты. Оқушылармен тілдесіп, ас мәзірі туралы арыз-шағымдары жоқ екендігіне көз жеткізді. Санитарлық талаптарға сай екендігін қарап, жаңадан келген заттардың сапасына да көңіл бөлді. Бас аспазшы Пакизат апайымызға алғысын білдіріп, рақметін айтып кетті.