Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы
басшысының орынбасары
Т.Жамаловқа
Айша бибі атындағы дарынды қыз
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-
интернатының әкімшілігінен
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 04.04.2018 жылғы №03-1521 хатына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облыстық «Балалық шақ - детство» газетінің редакциясымен бірігіп «Мен – болашақ мемлекеттік қызметшімін!» атты облыстық байқауға қатысатын оқушы туралы
СҰРАНЫС ХАТ
№ |
Оқушының аты-жөні |
Сыныбы |
Тақырыбының аты |
Номинация
|
Жетекшісі
|
|
Нұрлықасым Дінара Қанатқызы |
8 «Б» |
«Мен – болашақ мемлекеттік қызметшімін!» |
Ең үздік өлең |
Г.Сегізбаева |
Мектеп-интернат директоры_______________Ж.С.Саттар
Орындаған: Г.Сегізбаева
Тел: 57-74-66
Мен – болашақ мемлекеттік қызметшімін!
Бүгінде Қазақстаным егеменді,
Жұлдызға аспандағы теңеп еді.
Қазақстан Еуразия жүрегінде,
Мәңгілік ел боларына сенем енді.
Болашақтан зор үмітім бар менің,
Бар тілегім тисінші елге көмегім.
Отаныма қызмет қылу аянбай,
Тек осыны қалайды жас жүрегім.
Сан қилы тоқырауды басып өткен,
Өр рухты, батыл едің озып көптен.
Ел жолында жанын қиған азаматтар,
Болашақ ұрпақ үшін қанын төккен.
Тарихы Отанымның жұмбақ толы,
Түпсіз терең жоғалғандай ақыр соңы.
Сайран далам жыршысына айналып,
Ел құтқару болған екен арманы.
Небір заман өтіпті ел басынан,
Сенімді екен мақсатынан таймасынан,
Намысты алға алып қазақ шіркін,
Серттесіп жарты жолда қоймасына.
Бүгінде Қазақстаным алып екен,
Еуразияның төрінен алып мекен.
Осында тұрғаныма мақтанамын,
Өмір бойы әр тасын танып өтем.
Атағы айға жеткен Қазақстан,
Қазірде гүл жайнаған Ғажапстан.
Мәңгі патриотың болуға ант етемін,
«Мәңгілік ел» атаншы самғап ұш та.
Көңілімде бар еді үмітті арман,
Әрдайым тек алдыға бастай алған.
Халқымның құтқарушы періштесі,
Ақ халатты абзал жан болу алда.
Жас шағымда ойлайтыным күні-түні,
Шықпасыншы қиналған сәби үні.
Аман жүрсін әр адам жер бетінде,
Ананың тыныш өтсін әрбір күні.
Түсіндім мамандығым қандай болмақ,
Менің емес мақсатым мансап қумақ.
Жүрегіне пенденің шуақ сыйлар,
Қазағымда тағы бір дәрігер тумақ!
Келеді қызмет қылғым Отаныма,
Патриоты Отанын сатады ма?!
Әр қазақ тірі жүрсе бір ғанибет,
Өмір сүрем өз үйірім, отарымда.
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған
мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатының
8 «Б» сынып оқушысы Нұрлықасым Дінара