Қазақ тілді сайттар

Жиналыс хаттамасы Директордың есебі Директордың есебі-2020 Ыстық тамақ Жиналыс хаттамасы №1-2021-2022 «Әкелер кеңесі» жиналысы «Аналар академиясы» мен «Қамқоршылық кеңесі» отырысы «МЕЙІРІМДІ ӘЛЕМ» жәрмеңкесі Қамқоршылық кеңесі жиналысы Қамқоршылық кеңесі жиналысының №1 Х А Т Т А М АСЫ 2023-2024 оқу жылы «ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ» МҮШЕЛЕРІ/ҰЖЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ №2 Х А Т Т А М АСЫ 2023-2024 оқу жылы

Қамқоршылық кеңесі

«ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ» МҮШЕЛЕРІ/ҰЖЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ №2 Х А Т Т А М АСЫ 2023-2024 оқу жылы

Тараз қаласы, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған

мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты

Лицей-интернат директоры – Бегімбай Меруерт Тілектесқызының «ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ» МҮШЕЛЕРІ/ҰЖЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ

№2 Х А Т Т А М АСЫ

2023-2024 оқу жылы

                                       Тараз қаласы                                                                    Күні: 16 ақпан, 2024жыл

                                                       сағат: 13:00

Қатысқандар:

  1. 11-сынып ата-ана комитет төрағасы – Алпысбаев Мэлс.
  2. 10-сынып  ата-ана комитет құрамының мүшелері – Акбаева Ботагөз, Қойшыбаева Ақжарқын,  Кулушбеков Самат
  3. «Әкелер кеңесінің» төрағасы - Есбаев Ғабит
  4. 9-сынып ата-ана комитеті төрайымы – Козбекова Перизат, Карабаева Фарида
  5. 8-сынып ата-ана комитеті мүшесі – Жунисов Қуаныш, Махмудов Қанат
  6. Лицей-интернат бөлім басшылары, ұжым қызметкерлері

  КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР:

1. Лицей-интернаттың 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары, орындалу барысы, қорытынды есебін ұсыну;

2. Лицей-интернаттың  2024-2029 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру;

3. Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау туралы;

4. Әр түрлі мәселелер т.с.с.

ТЫҢДАЛДЫ:

Күн тәртібінде қарастырылған бірінші мәселе бойынша лицей-интернат директоры Бегімбай Меруерт Тілектесқызы сөз алды. Ол өз сөзінде 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылы барысында лицей-интернаттың оқу-тәрбие үдерісінде атқарылған жұмыс барысымен таныстырып өтті, есебін ұсынды. Атап айтқанда, лицей-интернаттың девизі «Сапалы білім, саналы тәрбие» тақырыбы аясында жүргізілетінін басты назарда ұстады. Сондай-ақ, миссиямыз «Оқушылардың ерекше қабілеттерін айқындап дамыту арқылы адами құндылықтарды бойына сіңірген, салауатты өмірді ұстанып, өзін-өзі ұдайы жетілдіретін, кез келген мәселені оңтайлы шешуге дағдыланған жаһандық тұлға қалыптастыру», пайымдау бағытында ««БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектептерінің түлектері - орнықты адамгершілік құндылығы қалыптасқан өз елінің патриоты болып табылады, қазақ-орыс және ағылшын тілдерін еркін қолданады. Мектеп түлектері беделді қазақстандық және шетелдік университеттерге оқуға түсіп, аяқтайды әрі еңбек нарығында табысты бәсекелесе алады» жұмыс жасайтындығын тілге тиек етті. Білім беру қызметінің ағымдағы жағдайымен таныстырып өтті. (қосымша 4-слайд). Үш жылдық ҰБТ мониторингісімен 2020-2021 оқу жылы – 102,4 ұпай, 2021-2022 оқу жылы – 103,4 ұпай, 2022-2023 оқу жылы – 103,5 ұпай орталама балды жинағандығын көрсетті. Мектеп түлектерінің жоғарғы оқу орындарына түсу динамикасын кесте түрінде, лицей-интернат оқушыларының облыстық, республикалық пәндік олимпиада мен ғылыми жобалардың мониторингісі, Халықаралық «debate» жарысы нәтижесін слайд түрінде көрсетті. (қосымша № 6-7 слайд).

Соңғы үш жыл бойынша шығармашылық байқаулар бойынша жетістіктері

Облыстық деңгейде

Орындар

2021-2022 оқу жылы

2022-2023 оқу жылы

2023-2024 оқу жылы

I

3

4

5

II

2

5

5

III

4

7

3

Грамота

3

4

7

 

Соңғы үш жыл бойынша шығармашылық байқаулар бойынша жетістіктері

Республикалық деңгейде

Орындар

2021-2022 оқу жылы

2022-2023 оқу жылы

2023-2024 оқу жылы

I

8

11

17

II

15

22

32

III

3

7

6

Грамота

 

 

 

Соңғы үш жыл бойынша «Ғылыми жобалар конкурсы», «Лингвистикалық олимпиада»,  «Президенттік олимпиада» бойынша жетістіктері

Облыстық  деңгейде

Орындар

2021-2022 оқу жылы

2022-2023 оқу жылы

2023-2024 оқу жылы

I

6

4

3

II

11

4

4

III

5

10

3

Грамота

 

1

1

 

 

Соңғы үш жыл бойынша «Ғылыми жобалар конкурсы», «лингвистикалық олимпаида», Жасөспірімдер олимпиадасы, Президенттік олимпиада және ҚБО бойынша жетістіктері

Облыстық  деңгейде

Орындар

2021-2022

оқу жылы

2022-2023 оқу жылы

2023-2024 оқу жылы

I

 

2

1

II

1

3

 

III

1

3

 

Арнайы ақпараттар мен кестелер, бейне сызба материалдары ретінде Қамқоршылық кеңес мүшелері мен ұжым қызметкерлері назарына ұсынылды.

Лицей-интернат жатақхана ғимаратының 2022-2023 оқу жылында күрделі жөндеуден өтіп, білім алушылардың заманауи жағдайда жабдықталған жайлы ортамен қамтамасыз етілгендігін мәлімдеді.

Сондай-ақ, лицей-интернат директоры М.Т.Бегімбай лицей-интернаттың облыс көлемінде іс-тәжірибе тарату мақсатында жасалынған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» КӨРМЕСІ, «БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНЕ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС» тақырыбындағы облыстық семинары, «Зерде» жобасы, ашық есік күндері, «Жарқын болашақ» қазақ тілі облыстық олимпиадасы туралы қорытынды есебін ұсынды. «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы мен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында атқарылып отырған іс-шаралар барысымен де таныстырып өтті.

Күн тәртібінде қарастырылған екінші мәселе бойынша директор  М.Т.Бегімбай – 2024-2029 оқу жылдарына арналған «Құндылыққа негізделген лицей-интернат– 2029» дамыту бағдарламасымен таныстырып өтті.

Дамыту бағдарламасы үш кезеңде іске асырылатынын жеткізді.

  • бастапқы кезең: 2024 жылдың ІІ жартыжылдығы мен 2024-2025 оқу жылдары;
  • негізгі кезең: 2025 -2026 оқу жылы, 2026-2027 оқу жылы, 2027-2028 оқу жылдары;
  • қорытынды кезең: 2028-2029 оқу жылы.

«Замануи лицей-интернат» кешенді жоспары:

1. «AB BOOKS» оқырмандар клубы» жобасы

2. «Bil.org» жобасы

3. «АУЫЛ МЕКТЕБІ»-«KOMEK TIMES»» жобасы

4. «Role play» театр клубы» жобасы

5. «Оқы, ойла, орында» жас зерттеушілер мен жас олимпиадашылар клубы» жобасы

«Құндылыққа негізделген лицей» кешенді жоспарынан:

1. «Қамқор ана» Аналар академиясы, «Әкелер кеңесі» жобасы

2. «Сырғалым - жеңгелер клубы» жобасы

3. «Әуені бөлек балғұмыр» түлектер күні жобасы

Жоғарыда аталған жобалар бойынша мақсат-міндеті мен күтілетін нәтижесі, жүзеге асыру алгоритмдері мен индикаторлар барысын таныстырып өтті.

Күн тәртібінде қарастырылған үшінші мәселе бойынша «Қамқор ана» аналар академиясының төрайымы Козбекова Перизат сөз алды. Ол өз сөзінде ата-аналарымызды лицей-интернат қабырғасында ұйымдастырылып жатқан шараларға белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ, басқа лицейлердегі «Ата-анамен жұмыс жасау бағыты» бойынша тәжірибе алмасу саяхаттарын ұйымдастыруды ұсынды.

Жарыс сөзге «Қамқоршылық кеңесінің мүшесі» - Махмутов Қанат мырза сөз алды. Ол өз сөзінде лицейіміздің ашылуына 30 жыл толуына орай

«30 жыл – 30 бастама» айдарымен жүзеге асырылуға бағытталған іс-шаралар жоспарын туралы ойын жеткізді. Сондай-ақ, ата-ана мен оқушы арасында психологиялық-эмоционалды қарым-қатынасты анықтайтын сауалнама алу жөнінде ұсыныс білдірді.

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Үш жылдық оқу жылына арналған жұмыс жоспарының орындалуы талапқа сай жүзеге асты деп танылсын, есеп қабылдансын;
  2. Жатақхана мен оқу ғимаратының материалдық-техникалық база қоры талапқа сай жабдықталған деп танылсын;
  3. «Құндылыққа негізделген лицей-интернат– 2029» дамыту бағдарламасымен ұжым қызметкерлері, ата-аналар тарапына таныстырылсын;
  4. Лицейіміздің зо жылдық мерейтойына арналған «БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕ – 30 ЖЫЛ!» атты іс-шаралар жоспары талапқа сай орындалсын;
  5. Оқушы мен ата-ана арасында психологиялық-эмоционалды қарым-қатынасты анықтайтын сауалнама алынсын. Сауалнама алу, құрастыру, мониторингісін жасау педагог-психолог Ережепова Айжанға жүктелсін.

    Лицей-интернат директоры                               М.Т.Бегімбай

    Хатшы                                                                   Ж.М.Құрманбаева

 

 

 

 

 

 Лицей-интернат директоры – Бегімбай Меруерт Тілектесқызының «ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ» МҮШЕЛЕРІ/ҰЖЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫНАН фото мәліметтер

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Байланыс

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
    31 Sypatai batyr street, Taraz
  • +7(7262)577466

Сурет галереясы