Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты
Қамқоршылық кеңес алдында мектеп-интернат директорының есеп беру жиналысының АНЫҚТАМАСЫ
Жауапты: оқу бөлімі, тәрбие бөлімі
Күні: 05.02.2019 ж
Қатысқандар: ата-аналар, мектеп-интернат ұжымы
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатында ақпан айының 5 жұлдызында Қамқоршылық кеңес алдында мектеп-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлының есеп беру жиналысы өткізілді. Мақсаты: 2018-2019 оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісінде жасалынған жобалардың жүзеге асуы, жетістіктер мен жаңалықтар топтамасын ата-аналар назарына ұсыну, талқылау, ой бөлісу. Жиналысқа Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Бекбатырова Жәмила Елеуқызы қатысты. Мектеп-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлы «Білім берудегі жоғары сапа жән көшбасшылық» девизімен, «Өзіне үздік қазақстандық дәстүрлерді, халықаралық тәжірибе мен практиканы үйлестіретін мектепте жаратылыстану-математика бағытында білім берудің инновациялық, көптілділік жүйесінің моделін әзірлеу мен енгізу арқылы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету» миссиясымен таныстырды. Мектеп-интернаттың басқару менеджменті, білім беру қызметінің негізгі бағыттары, ағымдағы жағдайы, бітіруші түлектің моделі, ҰБТ, ОЖСБ, Президенттік олимпиада, Халықаралық, Республикалық, облыстық білім және спорт сайыстарының динамикасына жеке-жеке тоқтады. Жылдың ең үздік марапаты - «ЕҢ ҮЗДІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ – 2018» номинациясын иелендік. Халықаралық «ЮНЕСКО» клубының мүшесі атандық. Сондай-ақ, Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құрманбекова Жазира Құрманбекқызы Үндістан мемлекетінде өз білімін жетілдірді, сертификат иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Аманжолова Зоя Сүлейменқызы облыстық «Үздік педагог» сыйақысын ұтып алды. Адрестік көмек көрсету бағдарламасы негізінде облыстық «Жазғы мектеп» жұмысы аясында өзінің іс-тәжірибесін облыстық деңгейде таратқан педагог қызметкер, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құрманбекова Жазира Құрманбекқызы, орыс тілі пәнінің жоғары санатты мұғалімдері: Рожко Галина Николаевна, Белоус Елена Николаевна шеберлік сыныптарын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімдері: Аманжолова Зоя Сүлейменқызы, Әлімбаева Ләйлә Жәдікбайқызы, тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі Алкереева Зәуре Аманжолқызы онлайн семинар өткізіп, өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Физика пәнінің жоғары санатты мұғалімі Ауелбаева Камила Бақытбаевна республикалық кітап жазу ғалымдар кеңесінің үздік мүшесі атанды. Сондай-ақ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында физика пәні бойынша Ауелбаева Камила Бакытбаевна жүлделі ІІ орынды иеленді. Адрестік көмек көрсету бағдарламасы негізінде облыстық «Қысқы мектеп» жұмысында математика пәнінің жоғары санатты мұғалімі Сауытбай Рүстем Серікұлы, биология пәнінің мұғалімі Бекбаева Гүлім Кисенбаевна онлайн семинар өткізсе, физика пәнінің мұғалімі Ауелбаева Камила Бақытбайқызы «Физика сабағында «CLIL» әдістемесін қолдану» тақырыбында облыстық оқыту семинарында өзінің іс-тәжірибесін әріптестеріне таратты. «Қысқы мектеп» жобасы аясында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жаратылыстану пәндері бойынша «Білім және ғылым» - «Education and science fair» атты көрме өткізілді.
Көрмеде химия, информатика, биология және математика пәндері бойынша зертханалық жұмыстар үш тілде жүргізілді.
Барлық іс-шара барысы мен қорытындысы «77» телеарнасының кешкі жаңалықтар бөлімінде көрсетілді. Қаңтар айының 31 жұлдызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Тараз қаласындағы филиалы «Педагогикалық Шеберлік орталығының» ұйымдастыруымен «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL)» тақырыбында облыстық семинарда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құрманбекова Жазира, химия пәнінің мұғалімі Гаджиева Севда, физика пәнінің мұғалімі Ауелбаева Камила шеберлік сағатын өткізілді.
Ақпан айының 1 жұлдызында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Аманжолова Зоя Сүлейменқызы «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқылым стратегияларын тиімді қолдану» тақырыбымен облыстық семинарда, ал, ақпан айының 2 жұлдызында Шымкент қаласында
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен пән мұғалімдеріне арналған облыстық аймақтық семинарда көлемінде өзінің озық іс-тәжірибелерімен әріптестерімен бөлісіп, әдістемелік көмек көрсетті.
Мектеп-интернаттың материалдық-техникалық базасы - 7 «AKTIVPANEL» ақылды тақтамен, 3 лабороториялық сынып жаңа парта мен үстелмен жабдықталуы, жаңа модификацияланған «Робототехника» кабинеті, «ИнтеллеутУм» кабинетінің ашылғандығын, озық үлгімен жабдықталған түрік тілі кабинеті, химия кабинетіндегі жаңа үлгідегі «Periodic table» Менделеев кестесі, оқушыларға арналған киім ілгіш сөрелермен қамтамасыз етілгендігін мәлімдеді. Сондай-ақ, жатақхананың материалдық-техникалық базасы жаңа жуынатын бөлмелермен, аяқ киім, төсеніштермен, А және Б блокта да жүк қоюға арналған қойма сөрелерімен, бөлме жинайтын заттарын қоюға арналған шкафтармен, ауа тазатрқыш спреймен, шар үрлейтін құрылғымен толыққандығын баяндады. Тәрбие бағытындағы іс-шаралар топтамасы: «Айша бибі - FM» мектеп радиосы, «Лицейлердегі өзін-өзі басқару жүйесі: жетістіктер мен перспективалары» құрылтайы, «Балалар әлеміндегі игі істер» мейірімділік акциясы, «Төрткүл этноауылына саяхат», «Бала құқығы – адам құқығы» онкүндігі, жоғары оқу орындарындағы ашық есік күні, «Ұлағатты ұқтырған ұл мен қызға,
ұстаз деген – ерекше дара тұлға...» ұстаздар мерекесі, ұжыммен Астана қаласындағы саяхат, «Әуені бөлек бал ғұмыр» – түлектер күні, «Қартқа бізден құрмет бар» тәлімі мен тағылымы мол іс-шаралар тізбесімен таныстырды. Мектеп-интернаттың ата-анамен жұмысы яғни, «ҮШТІК ОДАҚ» ата-ана – мектеп – оқушы бірлескен жұмысы жолға қойылғандығын тілге тиек етті. Атап айтқанда, бір жылда ата-аналармен жасалған іс-шараларға тоқталды: «Әкем, анам және мен» отбасылық спорт сайысы, «КІМ МЫҚТЫ?» интеллектуалды ойыны, «Ұшқан ұя» кітап оқу сайысы
ата-ана мен оқушы бір команда, Наурыз мерекесі, Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат жасау, бірлескен ата-аналар жиналысы т.с.с.
Мектеп-интернат директоры Болтаев Нұрбақыт Бекназарұлы «Болашақта мектеп-интернатымыздың оқу-тәрбие үдерісін қалай дамытамыз?» деген сұрақ аясында алдағы жоспарланып отырған жобаларымен таныстырды.
2019-2021 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ:
Мектеп-интернатымызда қолға алынып келе жатқан оқыту жүйесінің бір түрі – «The Flipped learning» (кері бағыттағы сабақ) Бұл жоба бойынша жаратылыстану бағытының негізгі пәндері мен ағылшын тілі бойынша тақырыптың теориялық мәліметін толыққанды баяндайтын 20-25 сабақтың арнайы бейне сабағы түсіріледі, астында қазақ тілді субтитрімен жасалады. Арнайы «Taraz kiz» youtube каналында орналастырылады. Бұл жобаның оң жақтары: оқушы қалаған уақытында қажетті сабақты қайталап көре алады, тапсырмаларын орындай алады, мұғалім уақытты тиімді пайдалана алады, қосымша сабақ жүргізуді талап етпейді, жаңа тақырыпты үй жұмысы ретінде дайындалып келген оқушымен мұғалім дағды қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шараларды тәжірибе жүзінде сабақта орындай алады.
Мектеп-интернатымызда «Flordinya» гүл өсіру «SMART» жылыжай салу жобасы жолға қойылуда. Мақсаты: Қазақстан территориясында өспейтін гүлдердің 20 түрін өсіру, будандастыру арқылы жаңа гүлдердің түрін ойлап табу, гүлзар саябағын құру, оқушылардың ғылымға деген мәдениетін арттыру. Температурасы, жылулығы, жарықтығы қашықтықтан басқарылатын жылыжайды ашу салтанаты 8-Наурыз аналар мерекесіне орай ашылатындығын хабарлады.
Мектеп-интернатымызда электронды түрде ақпараттық мәліметтерді сақтау, тиімді пайдалану, қолжетімді тұрғыда қолдану мақсатында – «Cloud based education» жүйесі жүзеге асуда. Мектеп-интернатымыздың тарихы мен төлқұжатынан басталған ақпараттық базасын құру көзделеді.
Жиналыс соңында мектеп-интернатымыздың ата-аналар комитеті төрағасы - Тоғысбаев Өсербай Аралбайұлы, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы – Байтакова Шолпан Кайратовна, мүшесі – Дәуренбекова Раиса апайымыз өз лебіздерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Бекбатырова Жәмила Елеуқызы мектеп-интернат ұжымының жұмысына оң баға беріп, алда атқаруға міндетті тапсырмаларды көпшілік назарына ұсынды.