Негізгі бет

Қазақ тілді сайттар

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Вторник 03/02/2026

Қазақ тілді сайттар

Жаңалықтар

  • Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Мемлекет басшысының 2024 жылы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының мектептер, арнаулы орта және жоғары оқу орындары үшін қаржылық сауаттылық негіздері бойынша оқу бағдарламаларының жобасын әзірлеу жөніндегі 71-тармағын орындау үшін, оның ішінде оқушылар мен арнаулы орта оқу орындары студенттерінің қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 12-15 жас аралығындағы балалар үшін оларға қолжетімді және түсінікті форматта, мемлекеттік және орыс тілдерінде қаржылық сауаттылық бойынша 16 оқу бейне сабақ әзірлегені туралы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 17.12.2025 күнгі №02-5384 хатын басшылыққа алудамыз.
    Бұл бейне сабақтарда жеке бюджетті басқару, банктік картаны пайдалану ережелері, онлайн ойындардағы қауіпсіз шығындар, көп кездесетін қаржылық қателіктер және олардың алдын алу жолдары, оқуға қаражат жинақтау, инвестициялау негіздері, қаржылық алаяқтық және жеке қаржылық қауіпсіздік мәселелері сияқты тақырыптар ашып көрсетіледі.
    Осы https://youtube.com/@fingramota3919?si=immA8KQhsUR4jyYt желідегі бейне сабақтарды қарап шығып, танысуларыңызды сұранамыз.

  • МЫҚТЫЛАР ДОДАСЫ...

    Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мектеп директорларының өз аймақтарында кездесетін өзекті мәселелерін анықтауға, талдауға және шешуге бағытталған командалық жұмысқа тарту бағытында білім беру ұйымдарын жақсартудың стратегиялық жоспарын құру үшін 2025 жылдың 18 желтоқсанында педагогикалық хакатон ұйымдастырып өткізді.

    Педагогикалық хакатон бойынша қадамдық жоспар барысында «Білім беру ұйымдарын жақсарту үшін стратегиялық жоспарлау» тапсырмасы берілді.

  • МӘҢГІЛІК МҰРАТ КӨЗІ – ҰРПАҚ БІЛІМІНДЕ...

    Лицей директоры Н.Б.Игенбаев

    Білім – адамзат баласын ізгілік пен адамгершілікке жетелейтін басты құндылық. Әрдайым табысты қоғам мен кемелді келешек құруымыздың басты баспалдағы да білімнен бастау алады. Ал сол білімді жас баланың бойына дарытатын мектеп пен ұстазға қояр талап өте жоғары. Мен Игенбаев Нұржан Бекежанұлы – Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасына қарасты облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында директорлық қызметін 2024-2025 оқу жылынан бастап атқарып келемін. 30 жылдан астам терең тарихы мен тағылымы тармақталған лицей-интернатымызда төрт тілде білім беру жүйесі қалыптасқан. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика, физика, химия, биология және информатика пәндері - ағылшын тілінде, қазақ тілі, Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндері - қазақ тілінде, орыс тілі мен әдебиеті - орыс тілінде, түрік тілі қосымша пән ретінде оқытылады. Алғаш ашылғанда 50 оқушы қабылданған мектептің тарихында бүгінгі күнге дейін 1000-нан аса оқушы білім алып шықты. Осы уақыт аралығына дейін Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша облысымызда бірінші орында, 10 жылдан бері «Республикадағы 100 үздік мектептердің» қатарынан бой көрсетті. «Құндылықтар жүйесінде білімді жоғары қойған ұлт қана табысқа жетеді» деген қағиданы ұстанатын білім ордасының қоржынында яғни, 1994-2024 оқу жылдарының тарих белесінде «Алтын меда

  • АЙША БИБІ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ ҚЫЗЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ІС-ТӘЖІРИБЕ ТАРАТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ТУРАЛЫ

    Педагогикалық жұмыстағы

    шешуші нәрсе - ең жақсы

    оқыту әдістерін таба білуде.

    Ыбырай Алтынсарин

    Қазіргі қоғамға сай жеке тұлғаны қалыптастыру міндетінің күрделілігі мен әр қырлылығы педагогикалық шеберліктің мәселелерін, қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін ерекше өзекті етеді. Себебі орыс және қазақ педагогикасының классиктері, болашақ мұғалімдерді оқытуда педагогикалық шеберлікті қалыптастыру мәселелерінің маңыздылығын барлық уақытта естен шығармады. Ол бүгінгі күннің де өзекті мәселесі болып, күн тәртібінен түскен жоқ, ал маңыздылығы қайта бұрынғыдан да арта түспесе кемімес. Сондай-ақ, тәжірибелі педагогтың ықпалынсыз тұлғаның рухани дүниесін өзгерту мүмкін емес, себебі ол оқушының сенімі мен қажеттілігін, қабілеті мен практикалық дағдыларын қалыптастырады.

  • Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару,

    ал leadership – басқара алу қабілеті деген

    мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі

    бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың

    мінез-қылықтарына әсер ету үшін

    басқарушының қолданатын құралы.

    Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа

    адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені

    жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі,

    педагог-шебер – Алимбаева Л.Ж.

    Бүгінгі таңдағы білім берудегі жүйенің басты ерекшелігі - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеу тәсілдері ретінде деңгейлік тaпсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке тaнымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Қaзіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту - заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жaңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты рөл атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сaбақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Осы себепті сaбақ барысында оқушының іс-әрекетін ұтымды ұйымдастыра білу – мұғалімнің басты міндеті. Сондықтан қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сaбақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын aрттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. «Зерттеу сабағы қaрапайым идея болып табылады. Егер сіз оқытуды жaқсартқыңыз келсе, онда басқа мұғалімдермен бірге жұ

  • ХАТТАМА №2

    Күні: 24.01.2023

    Жауапты: Комиссия төрайымы: мектеп директоры - М.Т.Бегімбай.

    Комиссия мүшелері: ДОІЖО - Г.І.Сегізбаева, ДШІЖО - Б.Танкибаева, ДТІЖО - Ж.М.Құрманбаева, Қамқоршы кеңесінің және ата-ана комитетінің төрайымы - Г.Имангалиева, Ата-ана комитетінің мүшесі - А.Токабаева, Ата-аналар комитетінің мүшесі - З.Тажибекова, кәсіподақ төрайымы - Ибраймова А., Мектеп медбикесі - Қ.Мамбетиярова, Педагог-психолог - А.Ережепова, хатшы - Н.Алмабекқызы.

    КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛАТЫН МӘСЕЛЕ:

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" қыздар лицей-интернаты толық оқулықпен қамтамасыз етілді. Байланыс номері: 8 705-121-33-89

  • Конкурстық құжаттар қағаз түрінде Тараз қаласы, Сыпатай батыр көшесі, №31 үй мекен-жайында орналасқан «Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының» қабылдау бөлімінде қабылданады.

    Электрондық түрде электрондық пошта: tarazkiz@mail.ru, tarazkiz@mail.kz қабылданады.

    Электрондық түрде құжаттарды рәсімдеу тәртібі:
    1) «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 10-11 қосымшалары толтырылып, pdf форматқа салынады.
    2) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 107 тармағына сәйкес (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) ретімен құжаттар жинақталып, бір документке pdf форматқа салынады.
    3) 1-2 баптағы құжаттар архивке салынып (rar программа), қатусышының ФИО және пәні жазылып, жоғарыдағы электронды почтаға жіберіледі.

Жаңалықтар

Байланыс

  • Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
    31 Sypatai batyr street, Taraz
  • +7(7262)577466

Сурет галереясы